3.Тор немесеторлы кабык, retina, көз алмасының үш кабыгынын ен iшiндегiсi, ол тамырлы кабыкка карашыққа дейiн жанасып жатады. Баска кабыктардай емес, ол эктодермадан пайда болады (көздің дамуы туралы материалды қараңыз) және өзінің пайда олуы тегiне карай екі пигментi бар сырткы pars pigmentosa және ішкі pars nervosa бөліктерінен трады. Ішкі белік өзінің қызметi мен кұрылысы жағынан екі бөлімге бөлінеді: арткы бөлiмiнде жарыксезгiш элементтер бар да pars optica retinae, ал алдынғы бөлімінде ондай элементтер болмайды.
Құрсақ қолқасы (лат. Aorta abdominalis)Құрсақ қолқасы - омыртқа бағанының төменгі ( — алдыңғы) бетінде, артқы (адамда - төменгі) қуыс венаның сол жағында орналасады. Диафрагманың оң және сол аяқшаларының арасымен көкірек қуысынан құрсақ қуысына өтіп, одан әрі жамбас қуысына жеткенге дейін, құрсақ қолқасынан: құрсақ қуысы қабырғасына — қабырғалық (париетальды) артерия тармақтары, ал құрсақ қуысындағы ішкі мүшелерге — іштік (висцеральды) артерия тармақтары бөлініп ажырайды.
Оның париетальды бұтақтарына бел артериялары – aa.lumbales – жатады. Олар 5-6 жұп болады. Әрбір артериядан, дорсальды-омыртқа жотасының бұлшықеттеріне баратын, жұлын, жұлын қабырғасын қоректендіретін және төмен қарай құрсақ қабырғасына таралатын тамырлар бөлінеді. Диафрагмаға – диафрагмальды артерия – a.phrenici – таралады.
Висцеральды тармақтардың үші тақ, қалғандары жұп болады.
Іш артериясы – a.coeliaca – тақ, жуан қысқа тамыр, соңғы кеуде немесе бірінші бел омыртқаларының тұсанып басталатып. Одан үш тармақ таралады: бауыр, сол жақ, қарын және көкбауыр артериялары.
Аталған үш артериялар және оның тармақтары – өнештің құрсақ бөлігін, қарынды, 12-елі ішекті, көкбауырды, бауырды, үйқы безін, қарынның үлкен және кіші шарбыларын қоректендіреді.