1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


Жүректің топографиясы мен скелетотопиясын жазып беріңіз?



бет2/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143
Байланысты:
Анатомия емтихан. толык

2. Жүректің топографиясы мен скелетотопиясын жазып беріңіз?

Жүрек жүрекқапен бірге ассиметриялы кеуде қуысында, алдыңғы көкірекаралықта орналасады; оның үштен екі бөлігі орталық сызықтан сол, ал үштен бір бөлігі (тек оң жүрекше мен екі қуыс вена) оң жатады. Жүректің ұзындық бөлігі қиғаш, жоғарыдан төмен, оңнан солга, арттан алға орналаса- ды. Жүректің оң веналық болімі алдынан, сол артериялық бөлімі артта бұрылып орна- ласады. Жүрек қабымен бірге өзінің алдыңғы бетінің көп бөлігінде (facies sternocostal) өкпемен жабылып тұрады, өкпенің алғы жиектері екі өкпеқаптың сәйкесті бөліктерімен бірге жүректің алдынан өтіп, оның алдыңғы бетінің жүрекқап арқылы төске және V-VI қабырғалардың шеміршектеріне жанасатын жерінен басқасын алдыңғы кеуде қабырғасынан бөліп тұрады. Жүрек шекаралары кеуде қабырғасына проекциялануы: жүрек ұшының соғуы linea таттillaris sinistra-дан 1 см ішке қарай, бесінші сол жақ қабырға аралықта сезіліп тұрады. Жүрек проекциясының жоғарғы шекарасы үшінші қабырға шеміршектерінің жоғарғы жиегі деңгейімен өтеді. Жүректің оң жақ шекарасы төстің оң жақ жиегінен 2-3 см оңға қарай, III қабырғадан V қабырғаға дейін өтеді; төменгі шекарасы көлденең V оң жақ қабырға шеміршегінен жүректің ұшына қарай, сол жақ шекарасы V қабырға шеміршегінен жүрек ұшына дейін өтеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет