1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы



бет43/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   143
3. Көкбауыр артериясы, а lіеnаlis құрсақтық сабаудан тармақталатын артериялардың ең ірісі. Артерия венамен бірге сол багытталып,

28. Жүректің қанмен жабдықталуын жазып беріңіз .

Жүрек артериялары

Жүректің қанмен жабдықталуы екі артериямен: қолқаның алқашқы тармақтары оң тәждік a.coronaria dextra және сол тәждік артериялар a.coronaria sinistra



  1. Оң тәждік артерия a.coronaria dextra қолқадан басталып , оң қарыншаның артериялық конусы мен оң құлақшаның арасында қолқа қабырғасының бойымен төмен жүріп , тәждік жүлгеге барады : өзінің бастапқы бөлігінде оң құлақшамен жабылып , жүректің оң жиегіне тармақ береді . Кейін қолқа , құлақша және артериялық конус қабырғаларына бірнеше қатар тармақтар беріп , кейін тәждік жүлге тереңіне жатады . Осы жерде оң жүрекше мен оң қарыншаның артқы қабырғасына тармақтар және де жүрекше-қарынша будасымен жүретін өте жіңішке тармақтар береді . Ол жүректің көкеттік бетінде артқы қарыншааралық жүлгеге артқы қарыншааралық тармақ береді . ramus interventricularis posterior

  2. Сол тәждік артерия a.coronaria sinistra бұл қолқаның сол қойнауынан басталып , тәждік жүлгенің сол бөлігіне бағытталып , өкпе сабауының артында 2 тармаққа бөлінеді : алдыңғы қарыншааралық r.interventricularis anterior және r.circumflexus қайырылма тармақ береді

а) Алдыңғы қарыншааралық тармақ r.interventricularis anterior ол негізгі сабаудың жалғасы және ол алдыңға қарыншааралық жүлгеде жатады . Бұдан артериялық конус , оң қарыншаның жақын жатқан қабырғасына және қарыншааралық қалқаның алдыңғы бөліміне беретін ірі тармақтар шығады . Алдыңғы қарыншааралық тармақ өзінің бастамасында диагоналды тармақ береді .

б) Қайырылма тармақ r.circumflexus сол құлақшадан шығып , жүректің сол жиегіне тәждік жүлгемен және көкеттік бетіне тәждік жүлгемен жүріп . сол қарыншаның алдыңғы және артқы қабырғасына ірі тармақтар береді



Жүрек веналары

Жүрек веналарының көп бөлігі қанды ерекше резервуар –тәждік қойнауға әкеледі . Тәждәк қойнау төменгі қуыс вена тесігі мен оң жүрекше-қарынша тесігі арасында оң жүрекше қуысының артқы бөліміне ашылады.



  1. Тәждік қойнау sinus coronarius үлкен венаның жүректің көкеттік бетіне өткен жалғасы болып табылады

  2. Жүректің үлкен венасы v.cordis magna

  3. Сол жүрекшенің қиғаш венасы v.obligua atrii sinistrii

  4. Сол қарыншаның артқы венасы v. posterior ventriculi sinistri

  5. Жүректің ортаңғы венасы v.cordis media

  6. Жүректің кіші венасы v.cordis parva

  7. Жүректің алдыңғы веналары vv.cordis anteriores

  8. Жүректің ең кіші веналары v.cordis minimae



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет