1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


Бүйрекүсті безідері, қыртысты және милы заттарының анатомиялық құрылысын жазыңыз



бет48/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   143
32. Бүйрекүсті безідері, қыртысты және милы заттарының анатомиялық құрылысын жазыңыз.

Бүйрек үсті безі. Бүйрекүсті безі, glandula suprarenalis, - құрсакарты кеңістікте, сәйкес бүйректің жоғарғы ұшынын үстінде орналаскан жұп мүше. Бүйрекүсті безі алдынан кабыскан конус пішінді. Он бүйрекүсті безін алдынан карастырган кезде ол доңгеленген бүрыштары бар үшбұрышқа ұксайды.

Бүйрекүсті безінің беті кедір-бұдыр, әсіресе сол бүйрекүсті безінің алдыңгы бетінде терең жүлге — кақпа, hilus, айқын көрінеді, олардан мүшенің орталык венасы шыгады.

Сыртынан бүйрекүсті безі тінмен тығыз бітіскен және мүшенің тереңіне көптеген дәнекер тінді шарбақшаларды беретін фиброзды капсуламен капталған. Фиброзды капсуланың ішінен гистологиялық кұрылымы күрделі және үш зонадан тұратын қыртыс зат, cortex, жатады. Сыртынан, капсулаға жақын, шумақтықзона, zona glomerulosa, орналасқан. Одан кейін ортаңғы кеңдеу келген будалық зона, zonafasciculata, орналасқан. Милы затпен шектесетін жерде ішкі торлы зона, zona reticularis, орналасады. Аталған зоналардың жасушалары химиялық құрамы және физиологиялык. әсері әртүрлі гормон бөлетіндіктен бір-бірінен функционалді дараланады.

Бүйрекүсті безінің қыртыс заты гормондарының жалпы атауы — кортикостероидтар, олар үш топқа бөлінеді: кыртыстын шумақтыкзонажасушаларымен бөлінетін- минералокортикоид-альдостерон; будалык зонада түзілетін глюкокортикоид-гидрокортизон, кортикостерон, 11-дегидро-және 11-дезоксикортикостерон; құрылысы және функциясы аталық жыныс гормондарына жақын жыныс гормоны — андроген, торлы аймактын жасушаларымен түзілетін эстроген жэне прогестерон. Бүйрекүсті безінің ортасында хром кабаттарымен сарғыш-ала боялатын, ірі жасушалардан тұратын милы зат, medulla, орналасады. Осы жасушалардың екі түрі бар: эпинефроциттер — негізгі массаны күрап, адреналин бөледі; милы затта топталып шашыраған норэпинефроциттер-норадреналин бөледі. Адреналин гликогеннің бұлшықеттердегі жэне бауырдағы қорын төмендетіп, оны ыдыратады да, қандағы көмірсулар деңгейін жоғарлатады. Инсулинге антогонист, жүрек бұлшықетінін жиырылуын күшейтеді және жиілетеді, тамырларды тарылтады, артериялық қысымды көтереді. Норадреналиннің организмге әсері адреналинге ұқсас, бірак осы гормондардын кейбір функцияларының әсері қарама-қарсы мүмкін. Норадреналин жүректің жиырылу жиілігін тежейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет