1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


Есту мүшелерінің құрылысын жазыңыз



бет49/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   143
33. Есту мүшелерінің құрылысын жазыңыз.

ҚҰЛАҚ

Сыртқы, ортаңғы және ішкі кұлақты ажыратады. Ол есту (дыбыстық)

және статокинетикалық (вестибулярлык) анализаторлардың шеткі бөлімін құрайды. Қызметі жағынан сырткы және ортаңғы құлақ дыбысты ұстаушы және дыбысты өткізуші болып табылады. Ішкі құлактын ұлу лабиринтінде дыбыс тітіркендіргіштерін қабылдайтын рецепторлы аппарат орналасқан. Ішкі кұлактын вестибулярлы аппаратында тепе-теңдікті сақтап тұратын рецепторлар болады.



Сырткы құлақ (auris externa) құлақ қалканынан, сыртқы есту өтісінен және дабыл жарғағынан тұрады.

Құлак калканы (auricula) самай сүйегінің дабыл бөлігіне бекінген шеттері

қайырылған сопақша түтікті елестетеді. Құлақ қалқанын ұстап тұруда нақты бір рөлді құлақ бұлшықеттері атқарады. Бірақ, адамда олар рудименті және өзінің қызметтерін жоғалтқан, сондықтан да кұлақ қалканының қозғалысы

шамалы.

Құлак калканының жоғарғы 2/3 бөлігі терімен жабылған эластикалық шеміршектен тұрады. Төменгі үштен бір бөлігі құлақ қалқанының үлесшесі немесе сырғалық (lobulus auriculae) деп аталады, олардың шеміршектері болмайды. Кулак калканының шеміршекті бөлігінде бірқатар төмпешіктері мен ұңғылдарын бөледі. Қалканнын бос қайырылған бөлігінде құлақ шиыршығы helix, одан төмен және алдына қарай қарсы шиыршық (antihelix) орналасқан. Құлақ қалқанының шеміршекті төменгі бөлігі 2 төмпекті

құрайды: ортаңғы — құлақ бүртiгi (tragus), артынан және төменнен — құлақ бүртігінің қарсысы (antitragus).

Сыртқы есту өтiсi (meatus acusticus externus) дабыл жарғағымен

аяқталатын ұзындығы 3,5 см, диаметрі 0,7-0,9 см иірілген өзек. Өтістің сыртқы үштен бір бөлігі шеміршекті, ішкі бөлігі - сүйекті, самай сүйегінің сыртқы есту өтісінен түзілген. Есту өтісінің сүйекті бөлігі самай-төменгі жақ сүйек буынына жанасып жатады, сондықтан да бұл аймақтың қабынуы кезінде шайнау процесі кезінде ауырсыну сезімі туады. Сыртқы есту

өтісі терімен жабылған, оның шеміршекті бөлігі түкпен және май бездерімен жабылған. Сүйекті бөлігінде тері жабыны жұқарған, ол дабыл жарғағына ауысады. Сыртқы есту өтісінің жолы S-тәрізді иілім жасайды.

Дабыл жарғағы (membrana tympanica) сыртқы және ортаңғы құлақ шекарасында жатады. Ол сопақ пішінді диаметрі 0,9-1,0 см, қалыңдығы 0,1-0,15 см дәнекертінді табакша болып табылады. Дабыл жарғағының жоғарғы бөлігі әлсіз керілген және оның керілмеген бөлігі (pars flaccida) деп аталады. Жарғақтың қалған бөлігі керілген бөлігі (pars tensa) деп аталады. Ересектерде дабыл жарғағы сыртқы есту өтісіне қиғаш орналасқан. Дабыл жарғағы ортасына қарай жалпақ құйғыш тәрізді ішіне қарай тартылған. Оның ішіне қарай тартылған жерлерін дабыл жарғағының кіндігі (umbomembranae tympanicae) деп атайды. Бұл жерде дабыл қуысы жағынан оған балғашықтың сабы бекініп тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет