35. Көру анализаторларының өткізгіш жолын жазыңыз.
Көру анализаторының бірінші нейроны рецепторлы қызметті атқаратын торлы қабықтың биполярлы жүйке жасушаларынан тұрады. Биполярлы жасушалардың орталық өсінділері торлы қабықтың ганглиозды нейрондарында аяқталады, олар көру жолының екінші нейрондары болып табылады. Ганглиозды жасушалардың аксондары көру жүйкесін (nervus opticus) түзеді. Көру жүйкесі ми негізінде қарсы жақтың аттас жүйкесімен бірге көру қиылысын (chiasma opticum) құрайды. Сонда тек қана медиалды орналасқан 2/3 жүйке талшықтары ғана қиылысады. Қиылыспайтын талшықтар өз жағындағы көру жолына бағытталады. Көру жолы көрудің қыртысты аймағына, ортаңғы ми төбесінің жоғарғы төмпешіктеріне, латеральды сүйелді денеге және үшінші нейрондар орналасатын таламустың артқы ядроларына баратын үш будаға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |