1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


Соңғы ми: құрылысы және қызметі жайында жазыңыз



бет58/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   143
36. Соңғы ми: құрылысы және қызметі жайында жазыңыз.

Соңғы ми: ми жартышарларынан, ми аралшығынан, сүйелді денеден, ми күмбезінен, мидың бүйір қарыншаларынан, базальді ядроларынан тұрады.

Үлкен ми (ми жартышарлары) мидың ең үлкен бөлімі және бассүйек қуысының көп бөлігін толтырып тұрады. Мидың сыртқы, шығыңқы бетімен, яғни үлкен мидың күмбезді бетімен, facies superolateralis cerebri, сагиталді бағытта мидың бойлық саңылауы, fissura longitudinalis cerebri, өтіп, үлкен миды оң және сол екі ми сыңарларына, hemispherium cerebri dextrum et hemispherium cerebri sinistrum, бөледі. Ми сыңарларын өзара дәнекерлер, соттissurae, оның ішінде үлкен дәнекер немесе сүйелді дене, corpus calloѕит, қосады. Ми сыңарларының беті әртүрлі тереңдіктегі және ұзындықтағы ми жүлгелерімен, sulci cerebri, жабылған, жүлгелер арасында әртүрлі көлемді ми қатпарлары, gyri cerebri, жатады. Мидың жүлгелері мен қатпарлары мидың торлы және жұмсақ қабықтарын алып тастаған соң жақсы көрінеді. Үлкен ми сыңарлары оң жақ және сол жақ сыңарлардан тұрады. Әрбір ми сыңарын сұр және ақ заттан құралады. Сыртындағы сұр заты ми қыртысын түзеді. Қыртыс ми сыңарларының сыртын тұтас жауып тұрады. Ми қыртысының қалыңдығы шамамен 2–3 мм. Ми қыртысында мүшелерден қозуды қабылдайтын, қимылды реттейтін сезгіш және қозғалтқыш жасушалар болады. Көптеген жасушалар ми қыртысының бөлімдерін өзара және жүйке жүйесінің басқа бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. Ми қыртысы орталық жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі.

Функциясы:Үлкен ми сыңарларының қатпарлы иірімдері ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Сезу-қимыл аймағы маңдай, төбе бөліктерінде орналасқан. Мұнда аяқ, тұлға, қол, мойын, тіл, бет, ерінді қозғалту және сөйлеу орталығы болады. Көру аймағы - шүйде бөлігінде, одан көру жүйкелері арқылы қозу өтеді. Есту аймағы - самай бөлігінде; дәм сезу, иіс сезу аймағы - маңдай бөлігінің ішкі жағында. Артқы орталық иірімде - тері, буын-бұлшықет, сезім аймағы бар. Денеге ыстық, суықпен әсер еткенде қайтаратын жауабы (қолды тартып алу) осы аймаққа байланысты. Адамдағы психикалық әрекеттер (есте сақтау, сөйлеу, ойлау және т. Б.) Ми сыңарларының барлық аймақтарымен байланысады.
Аралшық, insula немесе жамылғылык үлесше, lobulus opertus, латералді жүлге тереңінде, мидың латералді шұңқыры, fossa cerebri lateralis, түбінде жатады. Ол үшжақты пирамида пішіндес, өзінің ұшымен аралшық полюсі, polus insulae, алға және сыртқа, саңылау жағына қараған.

Аралшык шеткері мидың латералді саңылауы қабырғасын құрайтын маңдай,

төбе және самай үлестерінің бөліктерімен шектелген. Аралшықтың артында орналасатын самай үлесінің бөліктері және өзінің сыртқы бетімен мидың латералді саңылауы жағына бағытталған және қысқа көлденең самай жүлгелерімен, sulci temporales transversi, бөлінген.

Аталған жүлгелер арасында самай үлесінің қатпарлары мен аралшықпен бай-

ланысатын екі-үш қысқа көлденең самай қатпарлары, gyri temporales transversi, жатады. Аралшық негізі үшжақты аралшықтың дөңгелек жүлгесімен, sulcus circularis inсе. коршалған, ол аралшыктың төменгі

бетінде біртіндеп жойылып кетеді. Бұл жерде мидың төменгі негізгі беті шекарасында, аралшық пен алдыңғы тесіктелrен зат арасында кішкене буылтық – аралшық босағасы, limen insulae, орналасады.

Аралшык бетін алдыңғы, үлкен және артқы, кіші бөліктерге бөлетін терең аралшыктың орталық жүлгесi, sulcus centralis insulae, жатады.

Алдыңғы бөлікте төрт-алтыға жуық аралшықтың кысқа қатпарлары, gyri breves insulae, артқыда бір аралшықтың ұзын катпары. gyrus longus insulae, болады.



Функциясы: Ми аралшығы сананың қалыптасуына жауап береді, сонымен қатар эмоцияларды қалыптастыруда және гомеостазды сақтауда рөл атқарады. Қабылдау, қозғалысты бақылау, өзін-өзі тану, таным жәнетұлғааралық тәжірибе кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет