1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


Бас миының бүйір қарыншалардың құрылысы және қызметі жайында жазыңыз



бет69/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   143
40. Бас миының бүйір қарыншалардың құрылысы және қызметі жайында жазыңыз.

Мидың екі бүйір қарыншалары (ventriculi lateralis cerebri), үлкен ми сыңарларының ішінде жатып, соңғы мидың (telencephalon), калдық қуысы болып саналады. Әрбір бүйір қарыншаның қуысы ми сыңары пішініне сәйкес келеді: қарынша қуысы маңдай үлесінде төмен және латералды жаққа қарай иілген алдыңғы мүйіз, (cornu anterius), түрінде басталып, осы жерден шеке үлесі арқылы орталық бөлікке, (pars centralis), созылады. Ал бұл бөлік сүйелді дененің артқы жиегі деңгейінде төменгі мүйізге,(самай үлесі қабатында) және артқы мүйізге, (шүйде үлесіне) бөлінеді. Алдыңғы мүйіздің медиалды қабырғасын septum pellucidum түзеді, ол алдыңғы мүйізді басқа ми сыңарының дәл осындай мүйізінен бөліп тұрады. Алдыңғы мүйіздің латералды қабырғасы мен ішінара түбін құйрықты ядроның басы(caput nuclei caudati) алып жатады, ал жоғарғы қабырғасы сүйелді дене талшықтарынан түзіледі. Бүйір қарыншаның орталық, жоғарғы қабырғасы сүйелді дене талшықтарынан тұрады. Ал түбі құйрықты ядроның денесі мен таламустың жоғарғы бетінің бір бөлігінен құралады. Артқы мүйіз сүйелді денеден шығатын – tapetum деп аталатын ақ нерв талшықтары қабатымен қоршалған; оның медиалды қабырғасында ми сыңарының медиалды бетіндегі sulcus calcarinus-тың ішке енуінен түзілген буылтық – құс топшысы(calcar avis), байқалып тұрады. Төменгі мүйіздің жоғарғы латералды қабырғасын артқы мүйізді қоршап тұратын tapetum-ның жалғасы құрайды. Жоғары қабырғаның медиалды жағында төмен және алға қарай иілетін құйрықты ядроның жұқарған бөлігі cauda nuclei caudati өтеді .Төменгі мүйіздің медиалды қабырғасымен бүкіл өн бойында ұзын ақ түсті дөңес – гиппокамп(hyppocampus), созылып жатады, ол сырттан терең енетін гиппокамп жүлгесінен түзіледі. Гиппокамптың медиалды жиегімен күмбез аяқшасының жалғасы болып табылатын шашақ – fimbria hypocampi өтеді. Төменгі мүйіздің түбінде аттас жүлгенің сырт жағынан батуынан пайда болған буылтық eminentia collateralis жатады. Бүйір қарыншаның медиалды жағынан, оның орталық бөлігі мен төменгі мүйізіне тамырлы өрім plexus chproideus ventriculi lateralis , түзетін жұмсақ ми қабығы еніп тұрады. Өрім қарыншаның жетілмеген медиалды қабырғасының қалыңдығы болып табылатын эпителимен жабылған. Plexus choroideus ventriculi lateralis, tela choroida ventriculi tertii-дің латералды жиегі болып табылады. Қызметі: Бүйірлік қарыншалар ми-жұлын сұйықтығы айналымына белсенді қатысады және мидың құрылымын қалпына келтіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет