1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


Жүректің:бұлшықеттік қабатының құрылысы жайында жазыңыз



бет119/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   143
65.Жүректің:бұлшықеттік қабатының құрылысы жайында жазыңыз

Жүрек қабырғасы үш қабаттан: сыртқы эпикардтан, epicardium, ортаңғы миокардтан, (myocardium) және ішкі эндокардтан (endocardium) тұрады.

Жүректің бұлшықеттік қабығы немесе миокард( myocardium) -жүрек қабырғаларының ең қалың бөлігі. Миокард қабатындағы бұлшық ет талшықтары жүрекшелердің сыртында екі түрлі бағытта орналасқан.

Жүрекшелердің бұлшықеттік қабығы. Жүрекшелер қабырғасында екі бұлшықеттік қабатты ажыратады: беткей және терең. Беткей кабаттың бұлшықеттік будалары көлденең бағытта жүріп екі жүрекшеге жалпы, олар жүрекшелердің алдыңғы бетінде жақсы дамып, екі ққлакшаның ішкі бетіне өтеді. Жүрекшелердің артқы бетіндегі беткей қабаттың бұлшықеттік будалары қалқаның артқы бөлігіне қоса өріледі.

Қарыншалардың бұлшықеттік қабығында үш бұлшықеттік қабатты ажыратады: сыртқы, ортаңғы және терең.


  • Сырткы мен терең қабаттары бір қарыншадан екіншіге өтіп, екі қарыншаға ортақ; ортаңғы екеуімен (сыртқы және терең) тығыз байланысты болғанымен, бірақ әрбір қарыншаны жеке жеке қоршайды. Сыртқы қабат жұқа, қиғаш, жартылай шеңберлі, жартылай жалпайған будалардан тұрады. Сыртқы қабаттың будалары жүрек негізінде екі қарыншаның талшықты сақиналарынан және аздап өкпе сабауы мен қолқа түбірінен басталады. Жүректің алдыңғы бетінде сырткы будалар оңнан солға, ал артқы бетінде солдан оңга қарай жүреді. Сол қарынша ұшында сыртқы қабаттың будалары жүрек шиыршығын (vortex cordis) түзіп, жүрек қабырғасының тереңіне еніп, терең бұлшықеттік қабатқа жалғасады.

  • Терең қабат жүрек ұшынан оның негізіне көтерілетін будалардан тұрады. Олар цилиндр пішінді, біреулері сопақша пішінді және бірнеше айырылып, қайтадан қосылып, әр түрлі көлемді ілмектер түзеді. Бұл будалардың қысқалары жүрек негізіне жетпей еттік шарбақшалар (trabeculae сarneae) түрінде жүректің бір қабырғасынан екіншісіне қиғаш бағытталады. Екі қарыншаның барлық ішкі бетінде шарбақшалар көп мөлшерде орналасып, әр түрлі бөлікте әр түрлі көлемді болады.

  • Ортаңгы қабат сыртқы және терең бұлшықеттік қабаттардың арасында орналасып, әрбір қарынша қабырғасында жақсы айқындалған дөңгелек будалар түзеді. Сол қарыншаның ортаңғы қабаты жақсы дамыған, сондықтан сол қарыншаның қабырғасы оң қарыншаға қарағанда негұрлым қалың. Оң қарыншаның ортаңғы бұлшықеттік қабатының будалары жалпайып, жүрек, негізінен ұшына көлденең және кішкене қиғаш бағытталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет