Күмбездің екі аяқшасы өздерінің айырылысар жерінде және төменгі мүйізге
енбес бұрын үшбұрыш пішінді жіңішке жолақпен байланысады, оның ұшы жоғары, негізі — артқа бағытталған, көлденең жүретін талшықтары негізінде жақсы айқындалған. Аталған табақша күмбез дәнекері, сотmiѕѕurа fornicis, атауын алып, көлденең күмбезді, fornix transversus, көрсетеді, оның будалары оң және сол гиппокампты өзара байланыстырады.
Күмбездің алдыңғы бөлімдері кішкене айырылып, жоғары және алдынан шығыңқы доға түзіп, төмен түсіп, бағаналар, соlumnae fornicis, береді. Бағаналардың бұл бөлігі күмбез бағаналарының бос бөлігі атауын алады. Олар алдыңғы ақ дәнекердің, соттissura alba anterior, артында және көз төмпесінің, thаlаmi optici, алдыңғы бөлімдерінде жатады, яғни әрбір күмбез
бағаналары мен көз төмпесінің арасында жарты айтəрізді саңылау – қарыншааралық тесік, foramen interventriculare, түзіледі.
Әрбір тесік тамырлы өрімді өткізіп, үшінші қарынша қуысын сәйкес бүйір қарынша қуысымен байланыстырады.
Функциясы: Үйренуді және бұрын болған жағдайларды еске түсіруді қамтамасыз етеді
Достарыңызбен бөлісу: |