Рақымжан Қошқарбаев туралы бейнематериал көрсетіледі:
Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да құрбан етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында соғысқа аттанды..Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды. Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті.
1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. 1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Қош айтып оқу-ойынға,
Әжесін тастап қария.
Қол бұлғап туған Отанға
Майданға кетті Әлия.
Әлия туралы бейнематериал көрсетіледі:
Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 да Атырау облысында дүниеге келген. Әкесi Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы.
Оны – «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Дәл осындай текті құстың болмысы қазақтың арда ұлы, Кеңес одағының батыры атағын екі рет алған қыран текті Талғат Бигелдинов еді. Дүниежүзілік екінші соғыстың ажал қорғасындары аспан көгін осқылап жатқан тұста, қазақтың сайын даласынан, Қараөткелден түлеп ұшқан сарша қыран көкке темір тегеурінді әскери ұшақты 305 рет көтерген екен.
Достарыңызбен бөлісу: |