Қабиденұлы Төлеген Тоқтаров – қатардағы жауынгер. 1942 жылдан бастап 1943 жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.
Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, халқымыздың біртуар перзенті – Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. 1944 жылдың соңына дейін Чехославакия (қазіргі Чехия), Румыния, Молдавия елдеріндегі партизан қозғалыстарына қатысты.
Өз аталары туралы мәлімет айтады
1 жүргізуші: Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 77 - көктемі де келіп жетті.
77 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
77 жыл - шуақты күн таратты әнін.
77 рет - көктемде сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
1-оқушы: Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді ән болып.
Жеңіс келді қалама,
Келді ауылға сән көрік.
Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын аталар
Ұмытпайды ешқашан да,
Жауынгерді балалар.
2-оқушы Алақай ай,әйгілі
9 май бүгін
Алғаш күні шаттықтың
Соңғы күні қайғының.
Ұлы күшке сенген күн
Фашистерді жеңген күн
Қырмызы гүл, қызыл гүл
Құшақтарға енген күн.
3-оқушы Ойлап-ойлап тұрдым көп,
Сұрақ қойдым білгім кеп:
-Қуанышты мереке-
Жеңіс күні қай күн?-деп.
Атамнан да сұрадым,
Әкемнен де сұрадым,
Ағамнан да сұрадым,
Анамнан да сұрадым.
Тосты бәрі құлағын:
-Дұрыс,-десті сұрағың.
-Бейбіт күннің бәрі де
Жеңіс күні шырағым!
4-оқушы: Енді соғыс болмасын!
Қабаққа қайғы қонбасын,
Жер бетін өрт шалмасын.
Әр күні бейбіт таң атып,
Әлпештеп жұртты оятып,
Әр күні көкке күн шықсын!
Күрсінбесін аналар!
Күле берсін балалар!
Соғыс өрті жанбасын,
Сәбилер жетім қалмасын!
Есігіне әр үйдің
Бесігіне сәбидің
Мәңгілік бақыт орнасын
Болмасын соғыс болмасын!
Мәңгілік бақыт орнайды
Болмайды соғыс болмайды.
Би «Катюша»
«Сарбаздар» биі
Хор «Жеңіс туы желбіресін»
2-Жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
1-Жүргізуші: Осымен «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы Жеңіс» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!