(Әлидің сөзі) 1 - наурыз – алғыс айту күні. Бұл атаулы күннің түп - тамыры қазақ халқының тарихымен тікелей байланысты. Ұлт пен тарих сабақтастығы арқылы, бүгінгі таңда осы айтулы күнді ерекше атап өткеніміз жөн. Марғау тарих куәгер болғандай, біздің арғы ата - бабамыз жер аударылған панасыз, киімсіз аш халықтарға қамқор болып, үйіне кіргізіп, барымен бөлісті. Көңіліне медет, келешегіне демеу, өзіне үміт сыйлады. Қазақ халқының бұл кеңпейілділігі – барша әлем жұртшылығына үлгі боларлық іс.
1-жүргізуші:Адамның еліне сіңірген еңбегңне, халыққа көрсеткен құрметіне, жасаған ерлігіне, парасаттылығына, басқада жақсылық істеріне ризашылық білдіру, ізгі ниет, ықылас білдіру алғыс деп аталады.