1-жүргізуші:Қайырлы кеш, құрметті қонақтар, ұстаздар, студенттер мен көрермендер! 2-жүргізуші: Армысыздар,ағайындар! Бүгінгі Алғыс айту күніне байланысты, Жас Отан жастар қанатының ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Алғыс айту-парызым!»



бет6/6
Дата02.03.2022
өлшемі17,24 Kb.
#26794
1   2   3   4   5   6
2-жүргізуші:Көшеде өтіп бара жатқан қарт адамды демеп жіберсең, "Тәңір жарылқасын, мұратыңа жет" деп батасын береді. Алғыстың кейбір түрлері: "Өркенің өссін", "Қадамыңа гүл бітсін", "Қатарыңның алды бол", " бағың ашылсын", "Тілеуіңді берсін"
1-жүргізуші:Көпті көрген көне көз қариялар жәбір -жапа көрсе де, қиянатшыл адамды қарғамаған. Керісінше "Тәңірім оны да оң жолға салсын" деп тілеген. "Жақсылыққа жақсылық- әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық -ер адамның ісі" деген халық даналығы осындайда айтылған.
2-жүргізуші:Ұл-қыз ата-анасын,үлкендерді қуанышқа бөлеп,бақытқа кенелтсем десе,алдымен әдепті болулары керек.Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса,ата-ананың ұл-қызы болып өседі.
1-жүргізуші:Ата-ана жеміс ағашына ұқсайды,Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей,ата-анаңды аялап бақсаң,армандарың орындалады.Сәби шағында олар өзіңді қалай бағып- қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.
Түн ұйқысын төрт бөлген ,түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімі үшін мың алғыс!
Біз — қазақ деген елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм тұзды ақтай білген елміз.

Көгілдір көктем келісімен мейрамдар басталады. Көктемгі жылы леп көтеріңкі көңіл – күй, ерекше қуаныш сыйлайды. Осы мезгілде адамның жан дүниесі бір ерекшілікке, өзгешілікке құмар болатыны анық. Бір – біріне қуаныш сыйлап мереке күніне алғысын, ризашылығын білдіреді.


Израиль халқы да Суккот мерекесі – алғыс айту күні 3000 жылдан бері тойлап келеді. Шөл далада ауырмай-сырқамай, аман-сау өмір сүретініне тағдырға алғыс айтады. Көшеге шағын шатыр тігіп, жеміс-жидек, көкөністермен дастарқанды әрлеп, отбасы мүшелері кешкі ас ішеді, барлығына алғыс жаудырады. 

Бақытгүл:

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай – ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.Адамдар арасындағы ынтымақты қарым – қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты.Жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.



Димаш:

Аллаға әуелі рахмет!

Тірлікті мынау жаратқан.

Анаға шексіз рахмет!

Ақ сүт берген, толғатқан.

Әкеге айтам мың алғыс!

Ұрпақтар жібін тарқатқан.

Бауырға туған рахмет!

Қолдаған, сүйген, жұбатқан.

Гүлбақыт:

Ұстазға ұлы рахмет!

Нәрімен білім сусатқан.

Балалық досқа рахмет!

Қуанған бірге мұңдасқан.

Сол жанға айтам мың алғыс!

Сезімі үшін жылытқан.

Халқыма туған рахмет!

Шыңдаған, елге танытқан.
Қазаққа дархан рахмет!

Салт-санасын сіңірген.

Жеріме байтақ рахмет!

Таза ауа үшін сімірген.

Жарыма айтам мың алғыс!

Сыйлаған ұл-қыз, түсінген.

Барша әлем, саған рахмет!

Әр күнім үшін кешірген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет