1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


І. МАҚТА-МАТА ӨНДІРІСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШИКІЗАТТАР



бет2/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

І. МАҚТА-МАТА ӨНДІРІСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШИКІЗАТТАР


§1. Тоқыма талшықтардың жіктелуі мен олардың түрлері және құрылымы

Мақта-мата өнеркәсібінде өсімдікті талшықтар мен химиялық талшықтар кеңінен қолданылады.


Тоқыма талшық деп жіп пен өзгеде тоқыма бұйымдар өндіруге жарамды, созылмалы, иілгіш және жіңішке, берік денені айтады.
Тоқыма талшықтар химиялық негізі бойынша күрделі органикалық қосылыстарға, олардың ішінде жоғары молекулалық заттарға – поилмерлер қатарына жатады.
Полимерлердің негізінен қарапайым органикалық қосылыстан, яғни мономердің бірнеше рет қайталанатын бірдей атомдар тобынан тұратын макромолекула құрайды. Тоқыма талшықтар түзгіш поилмерлердің құрылымы әдетте сызық секілді немесе жіп тәріздес болып келеді. Мысал ретінде поливинилхлоридтің мынадай құрылымын көрсетуге болады:

...- СН2 – СН – СН2 – СН -...


| |
Cl Cl

Мұнда – СН2 – СН – қайналатын атомдар тобы болып табылады.


|
Сl

Барлық жоғары молекулалық қосылыстарға өте үлкен көлемдегі салыстырмалы молекулалық масса тәне. Егерде сутегінің салыстырмалы молекулалық массасы 2, оттегінікі 32 болса, онда полимердің орташа салыстырмалы молекулалық массасы 1000000 немесе одан да көп болуы мүмкін. Сондықтан, полимерлерді мыңдаған үзбелерден тұратын аса зор молекулалық шынжырлар трінде сипаттауға болады.


Жататылысы әртүрлі талшықтар көп болғанымен, тоқыма өнеркәсібінде негізінен жіп немесе басқа тоқыма бұйымдар шығаруға жарамды талшықтар қолданылады. Ол үшін тоқыма талшық белгілі бір физика-механикалық қасиеттерге ие болуы тиіс.
Тоқыма талшықтардың физика-механикалық маңызды қасиеттері мыналар: жіңішкелігі (тығыздығы), беріктігі, созылмалылығы, сәулелілігі, жоғары температураның және микроорганизмдердің т.б. әсеріне төзімділігі. Барлық тоқыма талшықтар табиғи және химиялық болып екі класқа бөлінеді (1-сурет).
Табиғи



Органикалық



Бейорганикалық


Табиғи талшықтарға өсімдікті, жануартекті және минералды талшықтар жатады. Химиялық талшықтарды химиялық зауыттарда өндіреді.


Өсімдіктекті талшықтар тобына мақта, зығыр, кенеп, кендір және т.б., ал жануартектілерге жүн және таза жібек жатады.
Мақта өсімдіктің ұрығын жауып тұратын қоза деп аталатын өте жіңішке талшық. Тоқыма өнеркәсібінің маңызды шикізаты болып табылатын мақта өсімдігі климаты ыстық аудандарда өседі. Өсімдік пісіп жетілгенен кейін талшықтар ұрықтарымен бірге жиналады да мақта тазарту зауытына жіберіледі. Онда талшықтар ұрықтан бөлініп алынады.
Талшықтың ұзындығы мен жеңішкелігі мақтаның сортына байланысты. Талшықтың қимасының диаметрі 15-25 мкм. Ұзындығы 25-40 мм болады. Орташа талшықты мақтадан шыт, сәтен және т.б. маталар жасау үшін иірімжіптер дайындайды. Ұзын талшықты матадан бәтес, маркезит, тарақты сәтен және тағы басқа жоғары сапалы жұқа мақта маталарын дайындау үшін жіңішке және тегіс жіп иіріледі.
Зығыр – қабықты талшықтарға жатады. Қабықты талшықтардың түрлері өсімдіктердің сабағынан, жапырақтарынан немесе жаңғақ сыртындағы қабықтан алады. ТМД мемлекеттерінде өндірілетін бұл талшықтардан зығыр талшығы 95-97 % құрайды. Талшықтардың қарапйым және техникалық түрлері болады. Қарапайым талшықтардың жалғыз-ақ өсімдік клеткасы бар болса, талшықтардың жуандығы мақта талшықтарымен бірдей ұзындығы 15-25 мм-ге жетеді. Ал техникалық талшықтар пектиндік (табиғи желім) заттармен өзара желімдеу арқылы жасалады.
Мақтаға қарағанда зығыр қатты. Зығырдың құрамында 5 % -ке дейін лигнин деп аталатын табиғи жоғары молекулалық қосылыс бар. Жіп иіруге қолданылатын техникалық талшықтардың ұзындығы 35-90 см, жуандығы 10-33 текс. Сондықтан зығырдан иірілген жіп мақта жібіне қарағанда жуан болады. Сапалы зығыр талшықтарынан сүлгілік, асханалық және төсек-жабдыққа арналған маталар тоқылады. Ал дөрекі, жуан жіптер (кенеп) арқан есуге, қаптар тоқуға қолданылады.
Жануартекті талшықтарға жүн және табиғи жібек жатады.
Қой, ешкі, түйе т.б. жануарлар жүні таза, зауыттық және қайта өңделген болып бөлінеді. Таза (табиғи) жүнді жануарларды қырқу нәтижесінде, зауыттық жүнді теріні өңдеу кезінде, ал қалпына келтірілген жүнді пайдаланылған жүн бұйымдарын, қалдықтарды қайта өңдеу арқылы алады.
Жүн талшықтар мақтаға қарағанда ұзын (20-450 мм), беріктігі төмен, бірақ серпімділік қасиеті жоғары келеді. Жүн талшығының бетінде бір бағытта орналасқан иілгіш қабықтар болады. Осы құрылымдық ерекшеліктері жүн талшығының киіздену қабілетін айқындайды. Сондықтан жүн бұйымдарының жылу сақтау қасиеті жоғары болады. Жүн талшықтарынан екі түрлі жіп иіріледі, олар: аппараттық және шұғалық маталар тоқуға қолданылатын жіптер және тарақты, яғни көйлектік, костюмдік маталар мен трикотаж бұйымдарға қолданылатын жіптер.
Таза (табиғи) жібек – жібек құрты шығаратын өте жіңішке жіп. Тұт жібек құртының пілләлары жібек орайтын фабрикалардағы автоматтарда тарақталады. Таратқан кезде бірнеше жіптің ұшын біріктіреді. Тарақтау нәтижесінде өзара желімденген бірнеше жіңішке жіптен тұратын шикізат алынады. Жібек жібінің жіңішкелігі біркелкі емес және де 0,5-тен 0,18 текске дейін болады. Жібек шикізатының жуандығы көбіне 1,56 және 2,33 текс болады.
Жібек жіптер берік, біркелкі, серпімді және түрі әдемі болып келеді. Тоқыма жіптер алу үшін бірнеше қарапайым жіптерді біріктіріп ширатады. Бірақ пілләні тарқатқанда үстіңгі және астыңғы қабаттары ажырамайды, сондықтан олар қалдықтар ретінде жібекті иіру фабрикасында иірімжіпке лайықтап өңделеді.
Таза жібек жіптер жеңіл келеді және әдемі көйлектік маталарға, сондай-ақ техникалық бұйымдарға қолданылады.
Минералды талшықтарға асбест талшығы жатады.
Әрбір топта талшықтардың физика-механикалық қасиеттері және дайын бұйымға өңдеу қабілеті бойынша өзара айырмашылығы болады.
Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып бөлінеді.
Жасанды талшықтарды табиғатта кездесетін жоғары молекулалық қосылыстардан (целлюлоза, казеин) химиялық жолмен өңдеу арқылы өндіреді. Синтетикалық талшықтарды қарапайым химиялық қосылыстардан (фенол, хлор, этилен т.б.) полимерлер түзу арқылы өндіреді.
Мақта-мата өндірісінде кең тараған жасанды талшық – вискозалық, әдетте ұзындығы 36-40 мм штапель түрінде мақтадан аралас түрде немес таза өзі өңделеді. Вискозалық таталшықтар біркелкі, жақсы боялады. Бірақ өзіндік құны өзгелерге қарағанда арзанға түскенімен беріктілігі төмен (әсіресе суланған кезде) болып келеді.
Басқа жасанды талшықтар (ацетат, үшацетат, мыстыаммиак талшықтары) көп өндірілмейді.
Синтетикалық талшықтардың ішінде полиамид, полиэфир және полиакрилнитрил талшықтары кең таралған. Олардың ішінде капрон талшығы өте берік, сондықтан оны жіптің беріктігін күшейту үшін табиғи талшықтармен жиі араластырады.
Лавсан талшығы штапель және жіп түрінде шығарылады. Беріктігі жоғары, серпімді, балқу температурасы салыстырмалы жоғары. Сондықтан табиғи немес басқа химиялық талшықтармен аралас түрінде аз қыртыстанатын, сыртқы әсерлерге әдемі маталар тоқуға, жіп иіруге қолданылады.
Нитрон, акрил талшықтары да көбіне штапельді түрде табиғи талшықтармен аралас жіп алуға қолданылады. Капрон және лавсанмен салыстырғанда беріктігі төмен, бірақ жүн бұйымдары тәріздес жылу сақтау қасиеті бар.
Барлық синтетикалық талшықтар физикалық және химиялық құрылымына байланысты ылғал тартпайды. Алайда үйкеліс немесе басқа қандай да бір механикалық әсерлерден талшықтар электрленеді. Электрлену қасиетін төмендету үшін көбінесе антистатикалық өңдеу әдісі қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет