1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет1/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98

Кіріспе.
Тоқыма материалдардың технологиясы талшықтар мен жіптерден иірімжіп, ширатпа жіп, беймата материалдар және басқа тоқыма бұйымдар өндірісінде қолданылатын жабдықтар және процестер туралы білім жиынтығы.
Технологиялық процестердің сипаты бойынша технологияны механикалық және химиялық деп бөледі. Тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорнындарында табиғи және химиялық талшықтар мен жіптерден иірімжіп, ширатпа жіп, мата, трикотаж, беймата жаймаларын өндіреді.
Өндірісте қолданылатын тоқыма талшықтар мен химиялық жіптердің базистік, яғни ең көп үлгісі бойынша тоқыма өнеркәсібін бірнеше салаларға бөледі: мақта-мат, жүн, зығыр, жібек бұйымдарын өндіру салалары. Солардың ішінде мақта-мата өндірісі көп мемлекеттерде, оның ішінде Орта Азиялық мемлекеттерде,Қазақстанда жақсы дамыған салалар Қатарына жатады. Соңғы жылдары көптеген өзгерістерге қарамастан мақта өндіру тоқыма өнеркәсібін жандандыруға көп үлес қосуда. Оны мына төменгі 1-кестеден көрсетуге болады.


1-кесте


Балтика және ТМД мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т*






Өндіру

Тұтыну

Импорт

Экспорт

2002/
2003

2003/
2004

2002/
2003

2003/
2004

2002/
2003

2003/
2004

2002/
2003

2003/
2004

Әзірбайжан

31

30

3

3

-

-

25

27

Белорус

-

-

12

12

12

12

-

-

Эстон

-

-

25

25

25

25

-

-

Қазақстан

105

106

4

9

-

-

115

96

Қырғызтан

25

30

3

3

3

3

25

30

Латвия

-

-

4

4

11

11

7

7

Литва

-

-

12

12

17

17

5

5

Молдавия

-

-

3

3

3

3

-

-

Ресей

1

1

313

303

310

310

-

-

Тәжікстан

165

170

18

20

-

-

140

150

Түркменстан

148

180

75

77

-

-

73

104

Украина

-

-

11

11

16

161

5

5

Өзбекстан

1033

988

225

250

1

1

792

735

Мақта-мата саласы – мақта талшығын немесе оның химиялық талшықтармен араласқан қоспасынан алынған қабатты немесе ширатпа жіптен мақта-маталарын өңдейтін сала.


Тоқыма өнеркәсібінің барлық саласы бірнеше өндірістен тұрады. Мақта-мата өнеркәсібінің құрамына кіретін өндірістерге келесі түрлері жатады:
1. Тоқыма талшықтарды алғашқы өңдеу өндірісі. Бұл өндіріске шитті мақтаны тазарту және талшықты құрамынан бөліп алу, оларды будаларға буып-түю, мақта тазарту зауыттары жатады.
2. Мақта иіру өндірісі – мақта және химиялық талшықтардан иірімжіп қалыптасытыруды қамтамассыз ететін пневматикалық технологиялық процестердің жиынтығы.
3. Мақта тоқу өндірісі – негізінен жалаң қабатты немесе ширатпа мақта, мақта және химиялық талшықтардан аралас жіптерден мақта-матасын қалыптастыруды қамтамассыз ететін механикалық процестердің жиынтығы.
4. бояу-өңдеу өндіріс – матаны бояу арқылы түс, өрнек басу және өңдеуді қамтамасыз ететін теханикалық, жылу және химиялық процестердің жиынтығы.
Тоқыма өнеркәсібінде негізінен екі ұғым кең қолданылады: өндірістік процесс және технологиялық процесс.
Өндірістік процесс – бастапқы тоқыма материалдар және жартылай өңделген заттардың белгілі бір бұйымдарға айналдыратын технологиялық процестердің жиынтығы.
Технологиялық процесс – материалдардың сапалық түрін, қасиеттерін, өлшемдерін және қалпын өзгертуге бағытталған механикалық өңдеу немесе басқа өңдеу түрі. Технологиялық процесс үздіксіз және циклді болуы мүмкін. Циклді процесс бірнеше операцияларды қосады.
Технологиялық процесттерді зерделегенде оқушылар процестің немесе операциялардың мәніне, мақсатына зейін салуы қажет. Сонымен қатар процестердің тиімділігіне, машиналардың құрылымы мен жұмысына, техника қауіпсіздік ережелеріне аса көңіл аудару қажет.
Осы оқулықта мақта талшықтарының және мақта-мата өндірісінде кең қолданылатын химиялық талшықтардың қасиеттері, мақтаны алғашқы өңдеу өндірісінің негіздері, мақта иіру, мақта тоқу, өңдеу технологиясы жалпы түрге қарастырылып енгізілген.
Оқулықтың мақсаты кәсіптік білім алушыларға келешектегі мамандығына байланысты мақта талшықтарынан иірімжіп, ширатпа жіп, мата, беймата және трикотаж бұйымдарынан өндіру процестері туралы білім негіздерін беру болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет