1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет9/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

    Бұл бет үшін навигация:
  • Түсі.
§6.5. Физикалық қасиеттері

Талшықтардың маңызды физикалық қасиеттері қатарына гигроскопиялығы, түсі, жылу және электр өткізгіштігін айтуға болады.


Гигроскопиялығы – талшықтардың қоршаған ортаның температурасына және ылғалдығына байланысты құрамындағы ылғалды өзгерту қасиеті. Талшықтар құрамында белгілі мөлшерде ылғал болады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы және температурасы өзгергенде талшықтардың ылғалдылығы өзгереді. Егер ылғалдылығы жоғарыласа, талшық гигроскопиялы болып саналады. Мұндай қасиеті маталардың гигиеналық және тұтыну қасиеттерін анықтайды. Талшықтарда ылғалдың болуы олардың жіп иіру қабілетін де көрсетеді және талшықтардың салмағына әсерін тигізеді. Мақтаны қабылдау үшін шартты немесе кондициялық ылғалдылығы ұғымы қолданылады.
Нақтылық ылғалдылығы материалдың сынақ өткізу кезеңіндегі ылғалдылығы. Кондициялық ылғалдылығы шартты, нормаланған ылғалдылық. Ол белгілі бір стандарт бойынша белгіленеді.
Мақта талшығының нақтылық ылғалдығы (W) пайызбен анықталады:



Мұнда: m0 – талшық үлгісінің кептіруге дейінгі салмағы, г;
mk – үлгінің кептірілгеннен кейінгі тұрақты салмағы, г.

Талшықтардың ылғалдылығын анықтау үшін кептіру аппараттары, ылғал өлшегіштер қолданылады. Мақта өзінің салмағынан 25%-ға дейін ылғалды сіңіре алады. Мақтаның сортына қарай кондициялық ылғалдылығы 8-13% болады. Өңдеу үрдісіне мақта талшықтары ылғалдылығын азайтады. Әсіресе, қопсыту-түту және тарау машиналарында өңдегенде, ылғалдылығы көп азаяды. Сондықтан талшықтардың ылғалдылығын сақтау үшін ылғалдандыру-вентиляциялық құралдар қолдану арқылы цехтарда қажетті температураны және салыстырмалы ылғалдылықты ұстайды.


Түсі. Сапалы орташа талшықты мақта – ақ түсті, ал жіңішке талшықты мата – ақ сары түсті болады. Жоғары температурадан мақта талшығы сарғаяды.
Жылу және электр өткізгіштігі. Мақта талшығының жылу өткізгіштігі төмен және салмағы аз жұмсақ болған сайын төмендейді. Бұл қасиеті мақтадан ватин жасауға қолданылады.
Құрғақ түрінде мақта талшығының электр өткізгіштігі күшейеді. Механикалық әсерлердің нәтижесінде мақта талшықтарында электростатикалық зарядтар пайда болып оны өңдеуді қиындатады. Сондықтан фабрикаларда технологиялық жабдықтарды жерге қосады, ауаны ылғалдандырады, мақтаны майлайды немес эмульсиялайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет