1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет45/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   98
§3. Матадағы жіптердің азаюы

Матада желі және арқау жіптер бір бірімен айқасып иіледі де, толық түрге келеді. Берілген ұзындықпен матаны алу үшін желі жіптердің ұзындығы біршама ұзын болады. Желі жібінің ұзындығы мен одан тоқылған матаның ұзындығының айырмашылығы желінің азаюы деп аталады. Сонымен қатар арқау жіптері де иілу нәтижесінде матаның енін қысқартады. Сондықтан ол мата ені бойынша арқау жібінің азаю көрсеткішімен сипатталады. Сондықтан ол мата ені бойынша арқау жібінің азаю көрсеткішімен сипатталады.


Азаю шамасы % бойынша мына формуламен есептеледі:


,

L1 – матадан суырылған жіптің ұзындығы, см;


L2 – мата кесіндісінің ұзындығы, см.


§4. Матаның физика-механикалық және тұтыну қасиеттері


§4.1. Матаның мықтылығы

Матаның тартқандағы мықтылығы – оның сапасын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Матаның тартқандағы мықтылығы дегеніміз оның өзіне түскен күшке қарсы тұру қабілеті. Белгілі бір мөлшердегі мата жолағын үзуге кететін ең аз салмақты үзілу салмағы деп аталады. Бұл салмақ үзу машинасында мата жолақтарын үзу арқылы анықталады.


Үзу салмағын негіз және арқау бойынша бөлек есептейді. Барлық негідер немесе ақаулар бойынша жүргізілген барлық сынаудың орташа арифметикалық нәтижесі үлгінің үзу салмағы болып саналады. Лабораторияда матаның сапасын бағалағанда оның үзілу салмағын анықтайды да, оны стандарт нормасымен салыстырады. Халықаралық бірліктер жүйесіне (Си) сәйкес үзілу ньютонмен (Н( өлшенеді. Мысалы, көйлектік мақта маталардың мықтылығы негіз бойынша 313-343 Н, арқау бойынша 186-235 Н, костюмдік маталардікі негіз бойынша 687-803 Н, арқау бойынша 322-680 Н.


§4.2. Матаның ұзаруы
Үзу машинасында матаның мықтылығымен қоса ұзаруын да анықтайды. Үзілер кездегі үлгі ұзындығының өсуі – үзілердегі ұзаруы мм-мен өлшенеді (абсолютті ұзаруы) немесе үлгінің бастапқы ұзындығына процентпен алынады (салыстырмалы ұзару Е):



L1 – үлгінің бастапқы ұзындығы;
L2 – ұлгінің үзілердегі ұзындығы.

Мысалы, шыттың үзілердегі ұзаруы негіз бойынша 8-10%, арқау бойынша 12-15%; бумазейлер негіз бойынша 4-5%, арқау бойынша 12-15%;


Матаның сапасы оның серпімді, созылмалы және иілімді ұзаруының үлес қатынасына, ала матаның толық ұзаруының мөлшері мен серпімді, созылмалы, иілімді ұзарулардың құрамына, құрылымын, матаны өңдеуге байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет