Спорттық жаттығу құрылымының жалпы сипаттамасы Спортшыны дайындаудың мақсаты, міндеттері және негізгі жақтары. Спорттық жаттығудың негізгі мақсаты алдын-ала жоспарланған жарыстық іс-әрекетінің және спорттық жарыс нәтижелеріне жетуді қамтамасыз етуге кепілдік беретін белгілі бір спортшы үшін дайындық деңгейінің барынша жоғары мүмкіндігінше жетуге бағытталған спорттық сайыстарға дайындалу болып табылады.
Спорттық жаттығудың мазмұнына спортшыны дайындаудың мына төмендегі ілімдік, әдістік, дене, тәсілдік және психикалық сияқты әртүрлі жақтары кіреді. Жаттығу және әсіресе жарыстық қызмет әрекетінде жоғарыдағы спортшыны дайындаудың жақтарының бірде-бірі бөлек, жекеленіп көрінбейді. Олар ең жоғары спорттық көрсеткіштерге жетуге, бағытталған күрделі кешенге бірігеді.
Спорттық жаттығу барысында негізгі мына міндеттер шешіледі:
1/ таңдап алған спорттық пәннің әдістері мен тәсілдерін меңгеру;
2/ спорттық жаттығуларды табыспен орындау және жоспарланған нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және қозғалыс сапаларын жетілдіру;
3/ қажетті адамгершілік және ерік-жігер сапаларын тәрбиелеу;
4/ қажетті арнайы психикалық дайындық деңгейін қамтамасыз ету.
5/ табысты жаттығу және жарыстық қызмет үшін қажетті практикалық тәжірибені және ілімдік білімді меңгеру.
Спорттық жаттығу міндеттерін іске асырудың кешенді нәтижесі мына ұғымдармен түсіндіріледі: “жаттыққандық”,“дайындалғандық”,“спорттық бап”.
Жаттыққандық жүйелі дене жаттығулары нәтижесінде пайда болатын және адамның дұмыс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік туғызатын ағзаның талап етілетін жаттығу жүктемелеріне қызметттік бейімделу дәрежесімен сипатталады. Жаттыққандық барлық уақытта спортшының нақтылы мамандық түрінде қозғалыс әрекетіне бағытталған және оның ағзасының қызметтік мүмкіндіктерінің арттырылған деңгейінде, ерекше және жалпы жұмыс қабілеттілінде спорттық біліктілік және дағдыларының жетілгендік деңгейіне жетуінде көрінеді.
Спортшының жаттыққандығы, тәртіп бойынша, жалпы және арнайы болып бөлінеді. Арнайы жаттыққандық таңдаған спорт түрінде бұлшық ет қызметінің нақтылы түрін орындау барысында алынады. Жалпы жаттыққандық бәрінен бұрын спортшының органдары мен ағза жүйелерінің қызметтік мүмкіндіктерін арттыратын және оның денсаулығын нығайтатын жалпы дамыту сипатындағы жаттығулардың әсерінен қалыптасады.
Дайындалғандық- бұл дене дайындығының кешенді нәтижесі (дене сапаларының даму дәрежесі); әдістік дайындығы (қозғалыс дағдыларының жетілдірілу деңгейі); тәсілдік дайындық (тәсілдік ойлау қабілетін дамыту дәрежесі); психикалық дайындық (адамгершілік және ерік-жігер сапаларының жетілдірілу деңгейі). Дайындықтың жоғарыда атап көрсетілген дайындық түрлерінің әрқайсысына (дене, әдістік, тәсілдік және психикалық дайындалғандығы) бөлек қатынасы болуы мүмкін.
Дайындалғандықтың жақтарының әрбірі басқа жақтарының жетілу дәрежесіне тәуелді, соларымен анықталады, өз кезегінде, олардың дайындалғандық деңгейіне ықпал жасайды. Мысалы, спортшының әдістік жетілуі күш, шапшаңдық, иілгіштік, үйлесімділік қабілеттері сияқты әртүрлі қозғалыс сапаларының даму деңгейіне байланысты. Қоғалыс сапаларының көріну деңгейі, мысалы, төзімділік, күрделі жағдайдағы жарыстық тартыстың үйлесімді тәсілдік үлгісін іске асыра білуімен, шаршап, шалдығуды жеңудегі психикалық орнықтылық деңгейімен, әдістердің үнемділігімен тығыз байланысты. Сонымен бірге, тәсілдік дайындықтың тек қана ақпаратты қабылдай білу және жедел қайта өңдей білу қабілеттілігіне, тәсілдік жоспар құра білуімен және жинақталған жағдайға байланысты қозғалыс міндеттерін шешудің тиімді жолдарын табуымен, сонымен бірге әдістік шеберлігінің, дене дайындығының, батылдығының, шешімшілдігінің, мақсатқа ұмтылушылық және т.б. байланысты емес екенін атап өткен жөн.
Спорттық бап – жарыстық іс-әрекетте спорттық, әдістік, дене, тәсілдік және психикалық дайындалғандықты оның бір уақытта іске асыру қабілетін сипаттайтын дайындалғандықтың жоғарғы дәрежесі.
Спорттық жаттығу құралдары. Белсенді қозғалыс қызметін сипаттайтын спорт түрлеріндегі спорттық жаттығулардың негізгі ерекше құралдары дене жаттығулары болып табылады. Бұл жаттығулардың құралы спорттық жетілдіру сабағы ретінде таңдап алған спорттық пәннің ерекшеліктеріне қолданыста белгілі шамада мамандандырылады.
Спорттық жаттығудың құралы мына үш жаттығу топтарына бөлінуі мүмкін: таңдаған жарыстық, арнайы дайындық, жалпы дайындық. Таңдаған жарыстық жаттығулар – бұл таңдап алған спорт түрі бойынша мүмкіндігінше сайыс ережесіне сәйкес орындалатын және спорттық күресті жүргізу құралы болып табылады.
Спорт ойындарын қоспағанда көпшілік спорт түрлерінде таңдап алған жарыстық жаттығулардың үлес салмағы зор емес, өйткені олар спортшының ағзасына өте жоғары талап қояды.