1. кіріспе 1-БӨлім. Спорттық жаттығулар


Спорттық жаттығу әдістері



бет5/12
Дата24.05.2023
өлшемі66,99 Kb.
#96439
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1.3.Спорттық жаттығу әдістері.
Спорттық жаттығу әдістері. Спорттық жаттығуда әдіс деген ұғымды жаттығудың негізгі құралдарын қолдану жолы және спортшы мен жаттықтырушының іс-әрекетінің ережесі мен тәсілдерінің үйлесімді жиынтығы деп түсінген дұрыс.
Спорттық жаттығу барысында әдістердің екі үлкен тобы пайдаланылады:
1/ ауызша сөзбен және көрнекілік әдістер кіретін, жалпы педагогикалық:
2/ қатаң уақытпен белгіленген әдіс, ойындық және жарыстық әдістер кіретін практикалық.
Спорттық жаттығуда қолданылатын ауызша сөзбен түсіндіру әдісіне әңгімелесу, пікірлесу, талдау, талқылау және т.б. жатады. Олар ықшам түрінде, әсіресе жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау барысында барынша жиі қолданылады. Бұған сөзбен айту әдісінің көрнекілікпен үйлестіктегі арнайы терминологиясы мүмкіндік туғызады. Жаттығу жүйесінің тиімділігі көбінесе нұсқауларды, бұйрықтарды, ескертулерді, сөзбен бағалауды және түсіндіруді әдісін тауып пайдалануға көп байланысты.
Спорттық тәжірибеде көрнекілік әдісіне мыналар жатады: 1/ жекелеген жаттығулар мен олардың элементтерін әдетте жаттықтырушы, немесе жоғары дәрежесі спортшылар өткізгенде әдістемелік қатынаста дұрыс көрсету; 2/ оқу фильмдерінде, видеожазбада шұғылданушылардың қозғалыс әрекетінің әдістерін және тәсілдік сызбасын ойын алаңдарының макетінде көрсету;
3/ қозғалыстың бағытын, өтетін аралықты шектейтін қарапайым бағдар белгіні қолдану;
4/ жарыстық, дыбыстық және механикалық жетекші құралдарды, сонымен бірге бағдарламамен басқаруды және кері байланысты қолданады. Бұл қондырғы құралдар спортшыға темпоритмдік, кеңістіктік және қозғалыстың динамикалық сипаттамасындағы ақпарат алуға мүмкіндік жасайды, ал кейде тек қозғалыс туралы және оның нәтижесі жайлы ақпаратпен ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен бірге қозғалыс әрекетінің ықтиярсыз түзетуін енгізеді.Қатаң уақытпен белгіленген жаттығу әдісіне спорттық тәсілдерді және дене сапаларын тәрбиелеуге басымырақ бағытталған әдістер жатады.Әдістердің ішінде спорттық әдіс, тәсілдерді меңгеруге басымырақ бағытталған жаттығуларды бүтіндей және бөліктерімен үйрену әдістері бөлінеді. Қозғалысты бүтіндей үйрену салыстырмалы түрде қарапайым жаттығуларды, сонымен бірге бөліктерге бөлінуі мүмкін емес күрделі қозғалыстарды меңгерумен іске асырылады. Алайда, бүтіндей қозғалысты меңгеру кезінде спортшылардың назары бүтіндей қозғалыс актысының жекелеген әлементтерін ұтымды орындауын бірізділікпен ұйымдастырады.Салыстырмалы түрде дербес бөліктерге болатын барынша күрделі азырақ қозғалыстарды үйрету кезінде спорттық әдістерді меңгеру бөліктермен орындалады. Одан әрі қозғалыс әрекеттерін тұтас орындау күрделі жаттығуларды құрайтын бұрын меңгерген бірыңғай бөлінбейтін имиграцияға (бірігу) әкеледі.Тұтасты құрастыру және бөліктерге бөліп құрастыру әдістерін қолдану кезінде үлкен орын ұйымдастырушы және еліктеуші жаттығуларға беріледі. Еліктеуші жаттығуларда негізгі жаттығулардың жалпы құрылымы сақталады, алайда оларды орындау кезінде қозғалыс әрекеттерін меңгеруді жеңілдететін жағдай қамтамасыз етіледі.Дене саналарын жетілдіруге басымырақ бағытталған әдістердің арасында негізгі екі әдістердің тобын, яғни үзіліссізжәне ара қашықтықпен бөліп қарайды.Үзіліссіз орындалатын әдістер жаттығу жұмыстарын бір реттік үзіліссіз орындау сипатталады.Аралықпенорындалатын әдістер уақытпен мөлшерленген үзіліспен, сонымен бірге еріксіз демалыс үзілісімен орындалатын жаттығуларды алдын ала қарастырады.Бұл әдістерді пайдалану барысында жаттығу бір қалыпты және үзіліспен (күн тәртібінде) орындалуы мүмкін. Бір қалыпты режімде жұмыс қарқындылығы тұрақты, ал ауыспалыда түрлендіріліп өтеді. Жаттығудан жаттығуға жұмыстың қарқындылығы өсуі мүмкін (ал ға басушынық түрі), немесе бірнеше рет өзгереді (түрлендіру түрі).Бір қалыпты және үзіліс жағдайында қолданылатынжаттығудың үзіліссіз әдістері негізінен аэробты мүмкіндікткерді арттыру, орташа және үлкен ұзақтықпен орындалатын жұмысқа арнайы төзімділікті тәрбиелеу үшін пайдаланылады.Мысал ретінде ескекшінің 5000 және 10000 м қашықтыққа тұрақты және үзілістік жылдамдықпен есуін, 5000 және 10000 м аралығына бір қалыпты, және үзілістік қарқынмен жүгіруді келтіруге болады.Көрсетілген жаттығулар тәртіп бойынша спортшылардың аэробтық өндірігіштігін арттыруға мүмкіндік туғызады.
Жаттығудың үзіліссіз әдістерінің мүмкіндіктері үзіліспен атқарылатын жұмыс жағдайында әртүрлі болады. Жаттығулар бөліктерінің үлкен және қарқындылықпен жалғасуына, олардың үйлестік ерекшеліктеріне, жекелеген бөліктерін орындау кезіндегі жұмыс қарқынына байланысты спортшының ағзасына әртүрлі спорт түрлерінде спортшылар деңгейін анықтайтын жылдамдық мүмкіндіктерін, төзімділіктің әртүрлі компоненттерін дамытуға, жекелеген қабілеттерін жетілдіруге бағытта басымырақ әсер етуге қол жеткізуге болады.
Әдістің түрлендірілген түрін қолдану жағдайында әртүрлі қарқындылықпен, немесе өзгеріп отырылатын ұзақтықпен әртүрлі қарқынмен орындалатын жаттығулар бөліктерімен кезектесіп атқарылуы мүмкін. Мысалы, конькимен 8000 м қашықтықты жүгіріп өткенде (400 метрден 20 айналым) бір айналымды 43 секундта өтеді, келесісін еркін жылдамдықпен өтеді. Мұндай жаттығу жұмысы арнайы төзімділікті тәрбиелеуге, жарыстық әдісті дамы туға мүмкіндік туғызады. Жүктемені жетілдіру әдісі жаттығуды орындау шамасына қарай жұмыс қарқындылығын арттырумен, ал бәсеңдейтіні – оның төмендеуімен байланысты болады. Сонымен 500 м қашықтыққа жүзу (бірінші 100 м бөлікті 64 секундта, ал әрбір келесі 0100 метрлікті 2 секунд жылдамырақ, яғни 62, 60, 58, 56 секундта) дамыту әдісін қолданудың мысалы болып табылады.
Баяулату әдісінің мысалына 20 км қашықтыққа (5 км 4 айналым) сәйкес 20, 21, 22 және 23 минут нәтиже жатады.Спорттық іс тәжірибеде жаттығудың ара қашықтықпенөткізу әдісі кең қолданылады (оның ішінде қайталанатын және құрастырылғандары). Жаттығуларды сериясымен біркелкі және әртүрлі ұзақтықпен, тұрақты және ауыспалы қарқынмен және қатаң уақытпен белгіленген демалыс үзілісімен орындау бұл әдіс үшін әдеттегі жайт болып табылады. Мысал ретінде арнайы төзімділікті жетілдіруге бағытталған әдеттегі мына жаттығу серияларын келтіруге болады: 10*400 м; 10*1000 м- Жүгіруде және конькимен сырғанауда, ескек есуде. Түрлендіру әдісіне мысал ретінде жүгіруде спринтерлік сапаны жетілдіру үшін мына жаттығу сериялары қызмет етуі мүмкін: 3*60 м барынша жоғары жылдамдықпен, демалыс-3-5 минут, 30 м бірден жоғары жылдамдықпен, 200 м баяу жүгіру. Дамыту әдісіне мысал ретінде ұзақтығы өсіп отыратын ара қашықтық бөліктерін бір ізділікке өтуді (400 м+800 м+1200 м+2000 м сериясымен жүгіріп өту), немесе бірқалыпты ұзақтықты өсіп отыратын шапшаңдықпен өтуді (200 м қашықтықты 6 рет ары-бері жүзіп өту- 2 минут 14 секунд; 2 минут 2 секунд; 2 минут 10 секунд; 2 минут 06 секунд; 2 минут 04 секунд) болжалдайтын жаттығу кешені болып табылады.Бәсеңдейтін әдіс түрі кері үйлестікті шамалайды: ұзақтығы азаятын жаттығуларды жүйелілікпен немесе жаттығуларды бірыңғай ұзақтықпен қарқынын бір ізділікпен азайтып орындау.
Бір жаттығу кешенінде дамыту және баяулату әдістері үйлестікте болуы мүмкін.Ара қашық әдісін пайдаланумен жаттығу бір немесе бірнеше сериясымен орындалуы мүмкін.Үзіліссіз және ара қашықтықпен жұмыс режіміндегі спорттық жатығуда іріктеу, немесе дене сапаларын кешенді жетілдіруге бағытталған айналма әдіспайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет