Ішек ауруларындавирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады.
Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді.
Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан сорғыш насекомдар арқылы беріледі.
Сыртқы қабықтардың аурулары ( құтыру, аусыл,) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды.
Қарын және ішек аурулары кейде ауру қоздырғыш микробтар арқылы да таралады. Ондай микробтар кайнамаған су ішкенде, таза жуылмаған көкөністер мен жемістерді жегенде ағзаға түседі. Таза жуылмаған ыдыстарды пайдаланғанда немесе қолды таза жумаған кезде де микробтар ағзаға түсуі мүмкін. Ішекке түскен микробтар тез көбейін, өздерінен улы заттар бөледі де, ағзаны улайды. Қарын мен ішектің қауіпті ауруларына - дизентерия (сатқақ), іш сүзегі, тырысқақ және т.б. аурулар жатады. Бұл аурулардың көпшілігінде дене қызуы көтеріледі, құсады, ішек қызметі бұзылып, іш өтеді.
Бұл кезде адам өздігінен емделмеуі тиіс. Ауру белгілері біліне бастағаннан-ак дәрігерге көріну қажет.
Кейбір ауру қоздырушы микробтар көбіне сілекейдің, қарын сөлінің, өттің әсерінен тіршілігін жояды. Тіршілікке ерекше бейім микробтар ішекке түсуі де мүмкін. Мұндай микробқа тырысқақ ауруының қоздырғышы - тырысқақ вибрионын жатқызуға болады. Оның пішіні үтірге ұқсас. Ол сулы ортада ұзақ уақыт тіршілік етуге әбден бейімделген және тіршілігін ұзақ уақыт жоймайды. Тырысқақ індеті таралған жерде алдымен қолды сабынмен жуады. Одан кейін арнайы дезинфекциялық ерітіндімен қолды шайып, артынан таза сумен жуады. Тырысқақ ауруының микробтары аш ішекті, сатқақ микробтары тоқ ішекті зақымдайды. Ішек - қарын ауруларын көбіне тағам қалдықтарымен қоректенетін шыбындар, тарақандар таратады. Олар тағамдарды әр түрлі ауру қоздырғыш микробтармен, ішек құрттарының жұмыртқаларымен ластайды. Сондықтан да тағамдарды тоңазытқышта, арнайы ыдыстарда, қораптарда сақтау керек. Бунақденелілердің жаппай көбеймеуі үшін пәтерлерде, үйлерде, аулаларда гигиеналық ережелерді қатаң сақтау қажет.