45.Тимофеева-Ресовскийдің концепциясы Микроэволюция терминін ғылымға енгізген Ресей ғалымы Н.В. Тимофеев-Ресовский (1938 жылы). Микроэволюция мутациялық өзгергіштіктің негізінде табиғи сұрыпталудың нәтижесінде жүзеге асады. Микроэволюция негізінде эволюциялық факторлардың (мутация, миграция, оқшаулану, тіршілік үшін күрес, сұрыпталу, т.б.) әсерімен популяциядағы генотиптік құрамның өзгеруі нәтижесінде сол популяцияда жаңа түр пайда болады.
46.АҒЗАЛАРДЫҢ ОРТАМЕН ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫ Организм мен орта — организмді қоршаған абиоталық және биоталық ортаның, соның ішінде дарақтардың сол түрінің ағзаға әсері және ағзаның мекендеу ортасына кері өзара әсерлер болады.Орыстың ұлы физиологы И. М. Сеченов «Өзіне қуат беріп тұрған сыртқы орта болмайынша, организм тіршілік ете алмайды» деп атап көрсеткен. Организм мен сыртқы орта арасында үздіксіз зат алмасу болып тұрады. Организм сыртқы ортадан оттегі мен қоректік заттарды қабылдайды. Осы заттардың есебінен жаңадан жасушалар түзіліп, дене мүшелері қызмет етеді, бұлшықет жұмыс істейді. Осымен бірге зиянды ыдырау өнімдері артық заттар мен жылу сыртқы ортаға шығарылады. Организмге әртүрлі табиғи факторлар – ауа температурасы, ылғалдылық, күн радиациясы деңгейінің құбылмалылығы, жаңбыр, қар жауу, дауыл, теңіз дауылы, жер сілкінуі әсер етеді. Организмнің негізгі тіршілік орталары : Су — тіршілік ортасы,Құрлық-ауа тіршілік ортасы, Топырақ — тіршілік ортасы
47.АДАМ ЭВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті.
Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады.
Оларға ежелгі адамдар (архантроптар),
ертедегі адамдар (палеоантроптар) және
қазіргі адамдар (неоантроптар) жатады.