1. Кіріспе. Биология ғылымының тарихи және зерттеу нысандары


ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІНІҢ ЖҮЙЕЛІК ТОПТАРЫ



бет28/43
Дата18.12.2023
өлшемі341,85 Kb.
#140431
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
Байланысты:
1. Кіріспе. Биология ғылымының тарихи және зерттеу нысандары-emirsaba.org

40.ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІНІҢ ЖҮЙЕЛІК ТОПТАРЫ
Жануарлар дүниесінің екі тармағы бар: біржасушалы жануарлар және көпжасушалы жануарлар. Біржасушалы жануарлардың денесі негізінен бір ғана жасушадан тұрады. Сондықтан олар қарапайым жәндіктер деп аталады. Көпжасушалы жануарлар ағзасында жасушалар көп болады. Түр Өңдеу
Түр дегеніміз - Жер ғаламшарындағы тіршілік атаулыларды жүйелеудегі негізгі өлшем бірлік. Бір түрде бірнеше дарақтар (особь) болады. Олар өзара бірімен-бірі еркін жүптасып, өзінен кейін ұрпақ қалдырады. Әр түрге жататын дарақтар бірімен-бірі жұптасқанмен де, соңынан ұрпақ қалдыра алмайды. Оған жылқы мен есектің жұптасуынан туған қашыр мысал бола алады. Қашыр ұрпақ бермейді.
К. Линней жануарларды жүйелік топқа жіктеу кезінде түрді негіз етіп алды. Ол түрді - туысқа, туысты - тұқымдасқа, тұқымдасты — отрядқа, отрядты - класқа, класты - типке, типтерді жануарлар дүниесіне біріктіруді ұсынды. Сөйтіп жануарларды жіктеудің мынадай қысқаша сызбанұсқасы қалыптасты:
түр —> туыс —> тұқымдас —> отряд —> класс —> тип —> жануарлар дүниесі.
Жұмыртқа салатын қауырсын жабынды жануарлардың барлығы бір класқа - құстар класына біріктіріледі. Туыстас кластар топтасып, тип түзеді. Бұдан біз жануарларды жіктеу барысында жануарлар дүниесі - ең жоғары деңгей, ал ең төменгі деңгейдегі табиғи қүрылымның түр екенін аңғарамыз.
Жануарлар мен өсімдіктерді жүйелеу негізінен алғанда ұқсас. Жануарларды топтарға бөліп, жіктеудің маңызы зор. Бұдан жануарлар дүниесінің қарапайым жәндіктерден омыртқалы жануарларға дейін қүрылымының күрделене түсетіні нақтылы көрінеді. Ғаламшарымыздағы бір жарым миллионнан астам жануарлар екі топқа бөлінеді. Денесінде ішкі қаңқасы және омыртқа жотасы болмайтын жануарлар жәндіктер деп аталады. Ал ішкі қаңқасы және омыртқа жотасы болса, олар жануарлар тобына жатқызылады. Жәндіктердің біржасушалы және көпжасушалы дүние тармағы бар. Жануарлар тек көпжасушалы болып келеді. Жануарлардың ұрығы дами бастаған кезде құйрық пен бас аралығында домбыра ішегі тәрізді керілген желі байқалады. Сондықтан желілілер деп те аталады. Жоғары сатыдағы жануарларда одан әрі даму барысында омыртқадан құралатын омыртқа жотасы түзіледі. Төменгі сатыдағы жануарларда желі өмір бойы сақталады.
Жануарларды жеке-жеке атап, түрге ажырату үшін оларды жіктеп, жүйелейді. Швед ғалымы Карл Линней ағзаларға қосарлы атаутізім ұсынды. Ол жануарларды жүйелеудің негізін қалаушысы деп саналды. К. Линней жүйелік топқа жіктеу кезінде түрді негізгі бірлік етіп, мынадай қысқаша сызбанүсқа қалыптастырды:
түр —> туыс —> тұқымдас —> отряд класс —> тип —> жануарлар дүниесі.
Біз бұдан жануарлар дүниесінің қарапайым жәндіктерден омыртқалы жануарларға дейін құрылымының күрделене түсетінін көреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет