1. Кіріспе. Биология ғылымының тарихи және зерттеу нысандары


БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАСТЫ АНЫҚТАУ



бет10/42
Дата25.05.2022
өлшемі144,87 Kb.
#35602
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Байланысты:
Био кіріспе сессия

12.БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАСТЫ АНЫҚТАУ
Адамгершілік саулық — себептілік және қажеттілік — хабарлық тіршілік әрекеті аймағының кешенді сипаты. Оның негізін жеке адамның қоғамдағы мінез-құлығының себептілігі мен өзін-өзі ұстауы, құндылық жүйесі анықтайды. Адамгершілік саулықпен адамның руханилығы айқындалады, себебі ол жалпы адамдық қайырымдылық, сүйіспеншілік және сұлулық ақиқатына байланысты.
Антигендер (грек. Antі- қарсы, deno — туыс, шығу тегі), (иммуно­гендер, толерагендер, аллергендер) иммундық жүйемен бөгде дене ретінде қабылданатын және өзіндік гуморальдық немесе жасушалық иммундық реакцияларды туындататын өзіне тән химиялық топтары бар жоғары молекулалы заттар.
Антигендер түрлері:
а) толық (құнды) — өзіне тән иммунитет факторларын туында­тып, олармен әрекеттеседі (протеиндер, полисахаридтер, липополи­сахаридтер, нуклепротеидтер).
б) толық емес (құнсыз) — антиденелер синтезін туындатпайды, бірақ олармен өзіне тән әсерлеседі (гаптендер).
Аурушандылық (дімкәстік) — медициналық тұтас тексеру, алдын алу және тереңдете медициналық қарау нәтижесінде кµрініс берген науқастану.
Ауру — сыртқы орта факторларының бұзушы әсеріне организм­нің жалпы күрделі реакциясы. Бұл ағза мен ұлпада құрылымдық, метабализмдік, қызметтік өзгерістермен, яғни бұзылулармен жүретін және организмнің өзгеріп отыратын сыртқы орта жағдайларына бейімделуін төмендетіп, жұмысқа қабілеттілігін нашарлататын өмірлік жаңа сапалы үрдіс.
Бейімделу — тірі организмнің тіршілікті қамтамасыз ету жағдайларының өзгерістеріне ұзақ эволюциялық даму (филогенез) үрдісінде қалыптасқан және өзгеруге бейім, жекелік даму кезеңінде (онтогенезде) жақсаратын, бейімделу реакцияларының жиынтығы. Бейімделу — тіршілік әрекет мүмкіндігін және факторлар әсеріндегі әлеуметтік әрекеттің барлық түрлерін қамтамасыз ететін, сонымен бірге алғашында гомеостатистикалық балланстың бұзылын туындататын интенсивтілік пен экстенсивтілік, яғни организмнің мақсатты бағытталған жүйелік реакциясы.
Бейімделу синдромы (БС)—кез-келген патогендік тітіркендіргіштің әсерінен организмде пайда болатын ағзаға тән емес өзгерістердің жиынтығы. 1936 жылы Г. Сельс ұсынған. БС — организмнің жалпы реакциясы. Оның дамуы сыртқы орта факторларының әсерлеріне (күйзелістерге) организмнің тұрақты бейімділігін қамтамасыз етеді. Ең ауыр көрінісі — шок; жергілікті БС — қабыну түрінде көрініс береді. Стресс (күйзеліс) кезеңдері: абыржу — организмнің қалған күшін жинақтау, төзімділік (резистенттілік) — барынша пайдалы бейімделу, қажу немесе әлсіреу — интенсивті және ұзақ мерзімді, әлсіз тітіргендіргіштің әсерінен пайда болады. Соның нәтижесінде синдром патологиялық сипат алады.

Биологиялық жас (анатомо-физиологиялық) — организмнің биологиялық жағдайының белгілі бір даму деңгейіне, яғни белгілі бір паспорттық жасқа айырықша тән болатын физиологиялық жүйелердің негізгі көрсеткіштері мен денсаулықтың сандық сипатының сәйкестігі. Биологиялық жас — уақыт кезеңіндегі биологиялық мүмкіндік­тердің өзгеру өлшемі, өмірге қабілеттіліктің, болашақта қаншалықты өмір сүретіндіктің өлшемі. Биологиялық жас әр түрлі жүйелердің қызметтік жағдайын топтама сипаттау негізінде, организмнің зат алмасу, құрылымдық, қызметтік, реттеушілік ерекшеліктері жиынтығымен, сондай-ақ, қартайған организмнің бейімделушілік мүмкіндігін бағалау негізінде де анықталады. Ол хронологиялық жасқа сәйкес келмеуі мүмкін: егер биологиялық жас күнтізбелік жастан анағұрлым артта қалса, онда ұзақ өмір сүру мүмкіндігін болжауға болады. Ал егер күнтізбелік жастан анағұрлым алға түссе қартаю ерте дамиды.


Биологиялық жүйенің сенімділігі — келісімді, ұзақ мерзімді, белгілі бір уақыт аралығында жұмысқа қабілеттіліктің тұрақтылығын сақтау қасиеті. Организм сенімділігі витаукт үрдістерінің айқын­дылығына байланысты, себебі ұзақ мерзімділік бейімділікті витаукт ‰рдістері анықтайды. Биологиялық жас организмнің сенімділік деңгейімен анықталады. Қартаю түптің-түбінде бейімделу мүмкіндіктерінің шектелуі мен ауытқудың дамуы негізінде жатқан организмнің жеке ж‰йелері мен жасушавлардың сенімділігінің тµмендеуіне әкеледі. Қартайғанда ж‰йенің сенімділігі ,молекулярлық, жасушалық, организмдік, яғни барлық деңгейде төмендейді.
Витаукт — эволюция үрдісі нәтижесінде пайда болған зақымданудан сақтану механизмі. Витуакт (В) организмнің ұзақ уақыт бейімделуін қолдап тұру қабілеттілігін анықтайды, және де ол организмнің өмірлік әрекетінің тұрақты деңгейін сақтауға бағытталған. В байқалуының екі типін ажыратады:
генотиптік — эволюция нәтижесінде орнықты бекінген, тұқым қуалау хабардың берілуіне байланысты жүзеге асатын (генетикалық хабардың қайталану жүйесі, антиоксиданттар жүйесі, бауырдың микросомалық тотығу жүйесі. ДНК-ның репарация жүйесі, антигипоксиялық жүйе т.б.), генетикалық алдын-ала жоспарланған В көрініс беруі; фенотиптік — организмнің өздігінен реттелу механизмінің нәтижесінде, адамның өмір әрекеті үрдісінде жинақталатын (мобилизацияланатын) В механизмі (жасушалардың гипертрофиясы мен гиперқызметі, жергілікті гуморальдық жүйе мен бірнеше зат аламсу циклдерінің белсенділігі т.б.).
Гериатрия (грек. geron — қарт, iatreia — емдеу) — егде және қарт адамдардың ауруларын зерттейтін клиникалық медицина саласы.
Геритрияның (Гг) негізгі міндеттері:
— егде және қарт адамдардың әр түрлі ауруларын алдын алу, емдеу, клиникалық ағымын, даму ерекшеліктерін зерттеу.
— ерте қартаю үрдісіне әсер ету мүмкіндіктерін анықтау.
Герогигиена (Гг) (грек. geron — қарт, higieno — емдік, денсаулық әкелуші) — адамның қартаю үрдісіне өмір сүру жағдайы­ның әсерін қарастыратын және патологиялық қартаюды алдын алуға бағытталған, халыққа ұзақ, қабілетті, салауатты өмірді қамтамасыз етуге жағдай жасау шараларын белгілейтін геронтология саласы.
Профилине сәйкес мынадай топтарға бөледі:
— әлеуметтік герогигиенаны (Гг),
— коммунальдық Гг,
— еңбек Гг,
— тамақтану Гг.
Геронтология (грек. geron — қарт, Іogos — ілім) — адамның қартаю заңдылы­­­­ғын зерттейтін биология және медицина саласы.
Геронтология құрамына кіреді:
қартаю биологиясы гериатрия герогигиена геронтопсихология
Геронтологияның негізгі міндеттері:
қартаюдың молекулярлы-генетикалық механизмдерін зерттеу, нулеин қышқылдарындағы құрылым­­­­дық және физико-химиялық қайта түзулерді анықтау, генетикалық аппараттың реттелуіндегі жасқа байланысты өзгерістерді белгілеу, жасқа байланысты жасуша қызметі мен белок биосинтезінің өзгерістерінің арасындағы байланысты анықтау, организм қызметі мен зат алмасуының нейрогуморальдық реттелу механизмдерін зерттеу, қартаю үрдісінде организмнің бейімделу мүмкіндіктерін анықтау, адамның қартаю ерекшеліктерін комплексті түрде зерттеу және де, соның негізінде қарт адамдардың еңбек әрекетінің ұзақтығын, жұмысқа қабілеттілігін ұлғайтуға бағытталған шараларды жетілдіру, қартаю қарқынын баяулататын және өмір ұзақтығын арттыратын әсерлерді іздестіру.
Геронтопсихология — қарт және ұлғайған жастағы адамдардың мінез-құлқын, психикалық ерекшеліктерін зерттеуге арналған әдістемелер мен жалпы психологиялық тәсілдерді қолданатын геронтология және жас ерекшелік психология саласы.
Гетерокатефтенділік гомеорез (грек. “гетеро” — әр түрлі, “катефтенси” — бағыт) — жасқа байланысты өзгерістердің әр түрлі бағыттылығы. Мысалы, қартая бастаған организмдегі тіршілік үрдістерінің бірінің басылып, енді бірінің белсендірілуі.
Гомеорез гетерокинеттілігі (грек. “гетеро” — әр түрлі, “кинезис” — жылдамдық) — жасқа байланысты өзгерістердің әр түрлі жылдамдықта дамуы. Бір ұлпаларда жасқа байланысты өзгерістер ерте, баяу және салыстырмалы ырғақты өрбісе, басқаларында кеш, бірақ тез туындайды. Мысалдар: сүйек-буын жүйесінде жекелей қартаю белгілері біршама ерте байқалады және ол баяу өрбіп, сүйектің құрылымының бұзылуына (остеопорозға) әкеледі. Орталық жүйке жүйесінің кейбір құрылымдарындағы ауытқулар жасқа байланысты эволюцияда ұзақ уақыт байқалмайды, бірақ олар туындағанда тез арада әр түрлі организм жүйелерінің жағдайын өзгертеді.
Гомеорез гетеротроптылығы — (грек. “гетеро” — әр түрлі, “топос” — орын) — әр түрлі органдар мен бір орган құрылымындағы қартаю үрдісінің біркелкі емес көрінісі. Мысалы: бүйрек үсті бездерінің қыртысының торлы аймағы (құрамы мен әсер етуі жыныс гормондарына жақын гормондар түзеді) мен шумақты аймағына (минералокортикоидтарды түзеді) қарағанда будалы аймақтың (глококортикоидтарды бөледі) қартаю көрінісі кем.
Гомерез гетерохрондылығы — (грек. “гетеро” — әр түрлі, “хронос” — уақыт) — жеке ұлпаларда, органдар мен жүйелерде әр уақыт айырмашылығымен қартаюдың басталуы. Мысалы: айыршық безінің атрофиясы адамда 13-15 жаста, жыныс бездерінде-климакстік кезеңде (әйелдерде 48-52 жаста) басталса, гипофиздің кейбір қызметтері терең кәрілікке дейін жоғары деңгейде сақталады.Гомеорез — қартаюға әкелетін организмдегі заңды жастық өзгерістер. Гомеорезге тән:
гетерохрондылық, гетеротроптылық, гетерокинеттілік, гетерокатефтінділік.
Гомеостазис — организмнің ішкі ортасы мен кейбір физиологиялық қызметтерінің салыстырмалы динамикалық тұрақтылығы. Гомеостазистің сақталуы өте маңызды, өйткені оның күрделі бұзылуы өлімге әкеледі.

Денсаулық (Дүние жүзілік денсаулықты қорғау ұйымының эксперттерінің анықтамасы бойынша) — организмде тек ауру мен физикалық ауытқудың болмауы ғана емес, бұл толық физикалық, психикалық және әлеуметтік жағдайдың сәттілігі. “Жеке адам денсаулығы” және “Халық денсаулығы” деген ұғымдарды ажыратады.


Денсаулықты бағалау критерилері:
берілген кезеңдегі физикалық жұмысқа қабілеттілік пен морфологиялық дамудың деңгейі, әлеуметтік қабілеттілікті шектейтін физикалық ауытқулар мен созылмалы аурудың болуы немесе болмауы, әлеуметтік сәттілік, өзгеріп отыратын тіршілік жағдайына бейімделу мүмкіндігі және сыртқы ортаның келеңсіз жағдайларының әсеріне белгілі бір тұрақтылықты сақтау, сыртқы орта әсерлеріне организмнің реакциясы.
Жеке адам денсаулығы — сыртқы ортаға адамның бейімделуінің динамикалық үрдісі. Жеке адам саулығының көрсеткіштері: генетикалық, биохимиялық, функциональдық, психологиялық, әлеуметтік-рухтық, клиникалық. Адамның денсаулығы организмнің қалыпты өздігінен реттелу, гомеостазды ұстау, соматикалық және психикалық статусын жетілдіріп және өздігінен сақтау, мүшелер мен жүйелердің өзара оптимальды әрекеті мен өзгеріп отыратын қоршаған ортаға үйреншікті бейімделу мүмкіндіктерімен сипатталады.
Емдік тамақтану (дистотерапия) — бұл емдік және профилактикалық мақсатты арнайы құрылған тамақтық рациондармен тамақтану режимін науқас адамдарға қолдану.
Иммунитет — генетикалық бөгде ақпараттың белгілері бар тірі денелер мен заттардан организмнің қорғану әдісі. Ағза ‰шін генетикалық бөгде тірі денелер мен заттар антиген терминіне топтасқан.
Иммундық жүйенің (ИЖ) қызметі антигендерді, сонымен қатар жаңа антигендік қасиетке ие болған организм жасаушаларын жоюға бағытталған. ИЖ ішкі ортаның генетикалық тұрақтылығына иммундық бақылауды қамтамасыз етеді.
Құрылымдық тұрғыдан иммундық жүйеде органдық, жасушалық, молекулярлық негіздерді ажыратады. Органдық негізді орталық (сүйек миы және тимус) және шеткі (көкбауыр, лимфалық түйіндер, ішектің пейеров буылтықтары, соқыр ішек, миндалиндер және т.б. лимфоидтық түзілістер) иммунитет органдары құрайды. Иммунитет жүйесінің жасушалық негізін Т — (Т-хелперлер, Т-өлтірушілер, Т-супрессорлар) және В-лимфоциттер, плазмалық жасушалар, макрофагтар, нульдік жасушалар (не Т- не В-лимфоциттік маркері жоқ лимфоциттер) құрайды. Иммундық жүйенің молекулярлық негізін иммуноглобулиндер, иммунокомпетентті жасушалар — лимфокиндер және монокиндер, сонымен қатар тимус гормондары мен сүйек миы құрайды.
Иммуноглобулиндер — синтезі антигендермен жоғарылайтын, сондықтан да, антиденелер деген атау берілген гамма-глобулиндік фракцияның белоктары.
Контрацепция — жұмыртқа жасаушасының ұрықтануын, яғни жүктілікті алдын алатын тәсіл. Қазіргі контрацепция тәсілдерін былай бөлуге болады: а) хирургиялық, б) хирургиялық емес.
Қартаю — қайтыс болу ықтималдылығының артуымен және жасқа байланысты ауытқудың дамуымен сипатталатын, организмнің бейімделу мүмкіндігін шектеуге әкелетін, жасқа байланысты түбінде дамитын, биологиялық бұзушы үрдіс (1). Қартаю жылдамдығы, өмір сүру ұзақтығы тірі жүйенің барлық биологиялық ұйымдасуымен анықталады: құрылымдардың ерекшеліктерімен, заттар алмасуымен, организм қызметімен және т.б.
Қартаюдың түрлері: табиғи, баяуланған, ұзақ жасайтындарға тән, жедел, уақытынан ерте, акцелерациялық, балаларда да қартаю белгілерінің өрбуінің кездесуі — прогерия.
Қартаю сипаттамасы:
1) Қартаю — көптеген әр түрлі факторлар туындататын көп себепті үрдіс (полиэтиологиялық).
Қартаю себептері:
зат алмасудың генетикалық алдын-ала айқындалған ерекшеліктері, күйзелістер, аурулар, бос радикалдар, ксенобиотиктер, (бөгде заттар), сутек иондарының концентрациясының өзгеруі, температуралық бұзылулар, оттектік ашығу, кейбір жоғары белсенді ферменттер әсерінен лизосомдардың бұзылуы, белок ыдырауының немесе басқа да организмнің тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген өнімдердің жиналуы., т.б.
2) Қартаю — көп ошақты үрдіс. Ол жасушаның әр түрлі құрылымдарында — ядросында, мембраналарында, митохондрия­ларында және т.б. әр түрлі жасушаларда: жүйкелік, секреторлық, иммундық, бүйректік және т.б. туындайды. Әр түрлі типті жасушалар қартаюында айырмашылық болады. Олар жасушалардағың өзіне тән қызметімен анықталады. Ал бұл жасаушалардағы биохимиялық үрдістердің ерекшеліктеріне байланысты.
3) Қартаю — жасқа байланысты сыртқы және ішкі әсерлерден организмдегі зақымданудың жоғарлауына байланысты дамитын бұзушы үрдіс.
Қартаю мынаған әкеледі:
- физиологиялық қызметтің жетіспеушілігіне;
— жасаушалар өліміне;
— организмнің бейімделу мүмкіндіктерінің шектелуіне;
— организм сенімділігінің төмендеуіне— жасқа байланысты ауытқудың өрбуіне (артериялық гипертония, жүрек немесе мидың ишемия ауруы, қатерлі ісік, қант диабеті және т.б.).
— қайтыс болу мүмкіндігінің артуына.
Қартаю — уақыт кезеңінде ұзақ дамитын үрдіс.
Қарттық — заңды түрде туындайтын жастық дамудың қортынды кезеңі; жеке дамудың (онтогенездің) болмай қалмайтын қортынды кезеңі.
Қайтыс болулар — өлім нәтижесінде халық санының кему үрдісі. Статистикада балалық (балалардың 0-дан 15 жас аралығында қайтыс болулары) және сәбилік (емшектегі және баланың бір жасқа дейінгі кезеңде қайтыс болулары) қайтыс болулар деп айырады.
Медициналықбелсенділік — бұл белгілі бір тарихи кезеңге тән адамдардың, өзінің және басқа да адамдардың (қоғамның) денсаулығына деген іс-әрекеті (белсенділігі).
Оған мыналар кіреді:
медициналық мекемелерге барып тұру, медициналық кеңестерді орындау; емдеу, алдын-алу, реабилитация, өздігінен емделу, басқа да медициналық шаралар барысындағы мінез-құлық, халықтың денсаулығын сақтап және оны жақстартуға қатысу, басқалар денсаулығына қарау (емделу, алдын алу шаралары, медициналық орындардың жұмыс істеуі және т.б.). жаман әдет-ғұрыпты жеңу, адамның СӨС қалыптастыруға мақсатты іс-әрекеті.
Мүгедектік — еңбекке жарамдылықтың нашарлауы және жоғалуы, жеке бастың тіршілік әрекетінің бұзылуы, сонымен қатар әр қашан күтімді қажет ету.Науқастанулық — белгілі бір күн тізбелік уақыт ішінде (жарты жыл, жыл т.б.) анықталған және тіркелген аурулардың таралу көрсеткіші.

Науқастанулық сипаттауы мүмкін:


— бүкіл халықты,шелік топтарды,
— жыныстық топтарды,
— кәсііптік және басқа да әлеуметтік топтарды.
Науқастанудың негізгі түрлері: алғашқы, жалпы, уақытша еңбектік қабілеттілікті жоғалту, кәсіптік және т.б.
Өмір салты — биоәлеуметтік категория. Ол адамның белгілі бір тіршілік әрекеті туралы мағлұматты береді және еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және руханилылық қажеттілігін қанағаттандыру формасымен жеке және қоғамдық мінез-құлық ережелерімен сипатталады.
Өмір салты мыналарға тәуелді:
— әлеуметтік-экономикалық жағдайларға;
— нақты адамның әрекетінің себептеріне;
— оның психика ерекшеліктеріне;
— денсаулық жағдайына;
— организмнің функциональдық ерекшеліктеріне және т.б.
Өмір салты төрт категорияны енгізеді: тіршілік деңгейі, стильі, сапасы, қалыптасуы.
Өмір стильі— адамның өмірінің мінез-құлықтық ерекшеліктерін сипаттайтын әлеуметтік-психологиялық категория немесе белгілі бір стандарт; оған жеке бастың психологиясы мен психофизиологиясы бейімделеді.
Өмір қалпы — әлеуметтік-экономикалық категория.
Тіршілік деңгейі — адамның жандық және мәдениеттік қажеттілігін қанағаттануының деңгейін көрсететін экономиялық категория.
Психикалық саулық — психикалық сфераның жағдайы. Оның негізін үйреншікті мінез-құлық әрекетін қамтамасыз ететін жалпы жанның күйі құрайды. Мұндай жағдай биологиялық және әлеуметтік қажеттілікпен, сонымен қатар оларды қанағаттандыру мүмкіндігімен негізделген.
Салауатты өмір салты (СөС) — өзінің әлеуметтік және кәсіптік қызметін саяси, экономикалық және әлеумет-психологиялық жағдайға тәуелсіз сәтті орындауды қамтамасыз етуге жағдай жасайтын организмнің қосымша мүмкіндіктерін жақсартып және нығайтатын адамның күнделікті тіршілік әрекетінің тәсілі және өзіндік формалары.
СӨС аспектілері:
жұмысына қанағаттану, физикалық және рухани жағдайдың жақсы болуы, белсенді өмірлік бағыт, құнды дем алу, құнды тамақтану, жоғары медициналық белсенділік, экономикалық және материалдық тәуелсіздік, жан ұяда психофизиологиялық қанағаттану, күнделікті физикалық және қозғалыс белсенділігі.
Салауатты өмір салтының (СӨС) негізінде биологиялық және әлеуметтік принциптер жатыр.
Биологиялық принциптерге жататыңдар:
— өмір салты жас ерекшелікті болуы керек;
— өмір салты энергетикалық қамтамасыз етілген болуы керек;
— өмір салты нығайтушы болуы керек;
— өмір салты ырғақты болуы керек;
— өмір салты эстетикалы болуы керек.
Әлеуметтік принциптерге мыналарды жатқызуға болады:
— өмір салты эстетикалы болуы керек;
— өмір салты адамгершілікті болуы керек;
— өмір салты ерікті болуы керек;
— өмір салты өзін-өзі шектеуші болуы керек.
Саналогия — денсаулық туралы концепция, оны қорғау, нығайту, көбею және ұрпақ беру; денсаулықты қоғамдық байлық ретінде қарастырады; қоғамның потенциалы туралы ғылым.
Симптом — аурудың белгісі.
Синдром — бір механизммен негізделген аурудың белгілерінің заңды үйлесімділігі.
Соматикалық саулық — адам организмінің ағзалары мен жүйелерінің ағымдағы (сол кезеңдегі) жағдайы. Оның негізін онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін қажеттілік негізіндегі жеке дамудың биологиялық бағдарламасы құрады. Бұл қажеттіліктер адам дамуындағы пусктік механизм болып табылады.
Тамақ — бұл тамақтану үшін дайындалған тамақтық өнімдердің күрделі қоспасы.
Тамақтық рацион — бұл бір күнде (тәулікте) пайдаланылатын тамақ өнімінің құрамы мен мөлшері.
Тіршілік (өмір) сапасы — адамзаттық тұтынуды қанағат­тандырудың деңгейін көрсететін әлеуметтік категория.
Ұзақ жасау — адамның жасы орташа өмір сүру ұзақтығынан біршама асуы. 90 жастан жоғары асқан адамдар ұзақ жасаушы ретінде бағаланады.
Халық денсаулығы — демографиялық көрсеткіштер комплексімен: туу (дүниеге келу), өлу, науқастану, өмір ұзақтығы, кемтарлық және тағы басқалармен сипатталатын статистикалық түсінік.
Хронологиялық жас (паспорттық, күнтізбелік) — дүниеге келгеннен бастап, қазірге немесе басқа кез-келген бір есептеуге дейінгі кезең. Ол дүниеге келгеннен бастап өткен астрономиялық уақытпен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет