Онтогенездік деңгей - бұл, бір жасушадан бастап (жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтың қосылып ұрықтанудан пайда болатын, зиготалар), көптеген мамаңдандырылған ұлпалар мен мүшелері бар көп жасушалы ересек тіршілік иесіне дейінгі, ағзаның жеке дамуы. Осы кіші деңгейлердің (сатылардың) бір онтогенездік деңгейге бірігуге қажеттілігінің екі себебі болып отыр. Біріншіден, зигота - жәй ғана қарапайым жасуша - дамудың бір жасушалы кезеңінде болса да, ағзаның өзі болып табылады. Екіншіден, табиғатта көпжасушалы ғана емес, бір жасушалы да жануарлар текті болсын, өсімдік тектегі болсын ағзалар кезедеседі - амеба, инфузория, эвглена, хлорелла т.б.
Бактериялар - өте ұсақ және ядросыз жасушалар (прокариотты) - әдетте колония болып тіршілік еткенмен, олар да өзбетінше ағзалар. Сөйтіп, «жасуша» және «ағза» түсініктері белгілі бір жағдайларда сәйкес келеді. Қорытындылай келе, осындай тұжырым жасауға болады: жасуша ең кішкене, яғни элементарлы тірі жүйе болып табылады, өйткені оған да тірі ағзаның барлық қасиеттері, тіршіліктің кұбылыстары сияқты қасиеттері тән болып келеді. Жасуша, көп жасушалы ағзалар сияқты қоректенуге, энергияны сіңіруге, заттарды синтездеуге, қозғалуға, тірікендіргіштерді сезінуге, көбеюге, бейімделуге т.б. қабілетті. Оған кұрылымдық дискреттіліктің жетерліктей жоғары дәрежесі - жасушалардың ішкі органоидтарға мүшеленуі, әсіресе жоғары сатылардағы, эукариотты жасушаларда айқын көрінетін - оқшауланған бөлшектері жағдай жасайды. Табиғатта жасушалық ұйымның екі типтерімен - прокариот жэне эукариоттің болуымен байланысқан, жасушалы деңгейдің (кіші деңгей) шешілмеген мәселелері бар. Прокариоттар (ядролыққа дейінгі) - бұл ұсақ (шамамен 1 мкм) жасушалар, олардың, эукароиттарға тән болып келетін, ядросы мен баска да органоидтары болмайды. Тұқымқуалаушылық зат -ДНҚ - цитоплазмада еркін жатады, ал баска да қызметтік блоктар да қабықшасыз кішкентай макромолекулалық кешендерден тұрады. Прокариоттарға барлық бактериялар мен көк-жасыл балдырлар жатады. Эукариоттар (нағыз ядромен) - ірі (10-50 жэне одан да жоғары мкм) жасушалар, онда ДНҚ хромосом түрінде ядрода бекітілген және көптеген жұмыс құрылымдары, ферменттер оқшауланған органоидтарда ұйымдастырылған. Ядро мен органоидтар үшін оқшаулау рөлін жасушалық беттің мембранасы сиякты сондай липидті - нәруыздық мембраналар атқарады. Эукариоттық ұйымға жататындар бір жасушалы қарапайымдылар (амеба, инфузория т.б.) және көп жасушальщ ағзалар - саңырауқүлақтар, өсімдіктер, жануарлар, оның ішінде адам жасушалары. Проблеманың мәні жасушалардың екі типтерінің мөлшерлік және тіпті құрылымдық айырмашылықтарында емес, эукариотты жасушалардың митохондрия мен хлоропластар сияқты кейбір органиодтардың, прокариоттарға бактериялар мен көк-жасыл балдырларға ұқсастығында болып отыр. Олардың өзінің ДНҚ, нәруыздарды синтездейтін аппараты (рибосомдар), энергиямен камтамасыз ететін жүйелері болады, сондықтан да жасушаның басқа құрылымдарынша, оның ішінде ядролық ДНҚ тәуелділігі аз болады. Осының негізінде, бір кездері дербес прокариотты жасушалардың симбиозы (өзара пайдалы бірлесу) негізінде эукариотты жасушалардың шығу тегі туралы симбиоздық гипотеза әзірленді. Бұл жағдайда, про- және эукариотты жасушалар тек күрделілік дәрежесі бойынша ғана емес, шығу тегі бойынша да әртүрлі - төменгі және жоғарғы -жасушалы деңгей ұйымының (кіші деңгейлеріне) сатыларына бөлінуі тиіс. Бұл мысал, тіршілікті ұйымдастыру деңгейлерінің келтірілген және жалпы қабылданған жүйесінің деңгейлер мен кіші деңгейлер (сатылар) арасындағы барлық күрделілікті айқындай алмайтынын көрсетеді. Кіші деңгейлердің (сатылардың) санын өсіруге де болады, өйткені жүйелердің иерархиялық күрделілігі шын мәнінде көп. Ұлпалар мен мүшелер жасуша мен ағзаның арасындағы негізгі аралық кіші деңгей (саты) болып табылады. Осы кіші деңгейлерді (сатыларды) тек көп жасушальщ жануарлар, өсімдіктер, саңырауқүлақтарда ғана белуге болады. Мысалы, адамда эпителъдік (жамылғы), бұлшық ет, жүйке және дәнекер (борпылдақ, тьпыз, шеміршекті, сүйекті, қан жэне лимфа) ұлпаларға бөлінеді. Ұлпалар жасушалардан және жасуша аралық байланыстыратын заттардан тұрады. Мүшелер әртүрлі ұлпалардан тұрады. Мысалы, жүректе негізгі бұлшық ет ұлпасынан басқа, борпылдақ дәнекер, қан, жүйке элементтерінен және эпительдік қабықшадан құралады. Бас миында жүйке жасушаларымен қатар, оларды қоректендіретін қан тамырлары, арнаулы эпителий төселген қарыншалардан тұрады. Көптеген мүшелер, мүшелер жүйесіне (асқазан, қантамырлары т.б.) біріктірілген. Ақырында, көп жасушалы ағзалар, жеке жасуша сиякты, биологиялық ұйымның аякталған және тұрақты деңгейі болып табылады. Ағза, немесе дарақ, өз бетінше өмір сүруге, көбеюге жэне дамуға қабілетті.
Популяциялық – түрлік деңгей. Түр - еркін будандасуға және өсімталдық ұрпақ беруге қабілетті, морфологиялық, физиологиялық, генетикалық, экология-географиялық белгілері бойынша тұқым қуалаушылық ұқсастыққа ие, дарактардың (ағзалардың) жиынтығы ретінде анықталатын, маңызды биологиялық категория. Карл Линнейдің уақытынан бастап (18 ғасырдағы үлы швед натуралисі) биологиялық түрлер латын тілінде қос атаумен белгіленеді - бірінші сөзі туыстықты белгілейді, екіншісі - түрді. Мысалы, Phaseolus vulgaris - кәдімгі үрме бұршақ, Passer domesticus - кәдімгі торғай, Homo sapiens -ақылды адам. Түрді аныктаудағы бастысы (оның басты критерийі) — дарақтарының будандасу қабілеттілігі, және , одан да маңыздысы - өсімталдық ұрпақ қалдыру қабілеті.
Жабайылық жағдайда әртүрлі түрлердің дарактары будандастырылмайды. Жасанда жағдайда жылқы мен есекті будандастыруға болады, бірақ олардың ұрпағы - қашыр -ұрпақ бермейді. Өйткені, жылқы мен есек - әртүрлі түрлер. Жерде әрбір түр белгілі бір ареалды (таралу аймағы) алады - аумақ немесе акватиорияны (түрдің экологиялық-географиялық критерийі). Мысалы, амур жолбарысы үшін Манчжур тайгасы сияқты. Ондай түрлерді эндемикалық немесе эндемиктер деп атайды. Басқа да жағдайларда түр барлық жер шарына таралып кетеді-космополит-түрлер. Кей жағдайларда жиірек түр ареалы үзік-үзік болады, түр жеке топтар -популяциялар болып тіршілік етеді.
Популяция - белгілі бір ареалда (таралу аймағында) ұзақ уақыт мекендейтін және еркін будандастырылуға қабілетті бір түр дараларының кейбір оқшауланған жиынтығы. Ареалдан басқа популяцияның және де белгілі бір экологиялық орны болады. Егер ареал - бұл популяцияның мекені болса, онда оның тіршілік бейнесі: тамағының құрамы, жаулары, су режимі, орман ярустары т.б. Бірақ та биологиялық түрлердің эволюциясы мен ұрпақ қалдыру бірлігі ретіндегі популяцияньщ басты қасиеті -оньщ дарақтарының еркін будандастыруға қол жетімділігі, яғни, ата-ана гендерінің еркін комбинаторикасы. Популяцияның генетикалық құрылымының бірте-бірте өзгеруі жаңа түрлерді туғызады. Сондықтан да популяция мен түр арасындағы шек қою кейде қиын да, сол себепті бүл категориялар ұйымның бір деңгейінің аясында қарастырылады.
Биогеоценоздық деңгей. Бұл деңгейде экологиялық жүйелер қарастырылады: бірлестік, биогеоценоз, биосфера. Бірлестік - белгілі бір аумақта әртүрлі түрлер популяцияларының жиынтығы. Әдетте мамандар (ботаниктер, зоологтар, микробиологтар) бірлестікте белгілі бір категориялар нысандарын бөліп көрсетеді: өсімдік қауымдастығы - фитоценоз, жануарлар қауымдастығы - зооценоз, микроорганизмдер қауымдастығы - микробоценоз. Онда, ареалда жеке популяция түрінде көрінетін, әртүрлі түрлердің бірлесе мекен ететін барлық бірлестіктердің жиынтығы - биоценоз. Бірлестіктегі немесе биоценоздағы әртүрлі түрлердің популяциялары, тамақ пен ярустарды бөлу, алмасу өнімдерін өзара пайдалану негізінде, жыртқыш-құрбан, паразит^иесі қатысында т.б. тығыз өзара әрекеттеседі. Кез келген тірі бірлестік, барлық биоценоз сыртқы ортаның белгілі бір жағдайында тіршілік етуге қабілетті. Жерүсті бірлестігі үшін ол - белгілі типтегі топырақ, температура, ьілғалдық, жарықтық; судағылар үшін - минералдық құрам, тұздылық және судың аэрациясы, сол температура, жарықтығы, тереңдік, ағыс т.б. Бірлестіктің мекен ету ортасының осы өлі (абиотикалық) факторларының жиынтығы биотип ретінде белгіленеді (сөзбе сөз мағынасы - тіршілік ету орны). Қазіргі заманғы экологияны жалпьшаудьщ ең маңыздылығы, өлі орта мен оны мекендейтін биоценоз заттар мен энергиямен алмасады, тығыз өзара эрекетте болатындығынан тұрады, сондықтан биотоп жэне биоценоз біріңғай жүйеге -биогеоценозға біріктіріледі. Биогеоценоздар - бүл, табиғи экожүйелер: орман, дала, батпақ, көл, өзен, теңіз т.б. Бірақ адам жасанды экожүйені қолдан жасай алады — олар, агроценоздар (ауыл шаруашыльщ плантациялары, құс фабрикалары, мал шаруашылығы фермалары т.б.), аквариумдар мен балық өсіретін тоғандар, микробтар, балдырлар, моллюска-сүзгіштер, арнаулы іріктелген микробтар бірлестіктерімен тазарту имараттары, тіпті де бірегей ішкі климатымен, биологияльщ тепе-теңдікпен ғарьшпъщ стансалар. Жердегі ең жоғары экологияльщ жүйе бір-бірімен өзара байланысып биосфераны құрайды -ол, жер бетінің тіршілік таралған жұка қабығы. Биосфера туралы ілімнің негізін қалаушы үлы орыс натуралисі жэне философы В.И.Вернадский (1863-1945). Бұл ілімнің және Вернадский жасаған биохимия ғылымының негізгі түйіні, біздің ғаламшардағы тірі және өлі әлем біртұтас, ағзалар мен орта компоненттері зат пен энергия алмасумен (айналым) байланысқан деген ойдан тұрады.