1. Кіріспе. Дәрігер бейнесі-дәрігер мамандығының адамгершілік принциптері. Кәсіби этика және деонтология


Медициналық этика және деонтология негіздері



бет12/23
Дата04.11.2023
өлшемі54,12 Kb.
#121812
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Мейіргер ісі дифка

16.Медициналық этика және деонтология негіздері. Медициналық қызметкердің сыртқы түрі.
Этика- мораль және адамгершілік мәселелерді зерттейтін ғылым. Медициналық этика- әлеуметтік заңдылықтарға негізделуі керек. Ғылыммен адамгершілік нормалары сәйкес келмесе, медицинада адамдарға эмпатия білдіру түрінде ғана көрінер еді. Дәрігердің пациентке жанашырлығы ғылыми көзқараспен негізделуі керек. Пациенттерге адамгершілікпен қарау- тек эмоцияға беріліп емес медициналық тұрғыдан жәрдемдесу керек. Гиипократ принциптеріне сай жұмыс жасау керек. Дәрігердің міндеті – адамның денсаулығын сақтап қалу үшін қолдаг келгенді аямау.
Деонтология дегеніміз медицина қызметкерлерінің өзінің қызметін орындау кезінде қолданылатын этиканың бір бөлігі. Медициналық қызметкерлер науқастармен немесе олардың туыстарымен қарым қатынас жасау кезінде деонтологияның принциптерін ұстану қажет. Оның принциптеріне келетін болсақ алдымен дәрігер науқастың абыройын құрметтеу керек. Себебі науқастың абыройын құрметтемеу медициналық қызметкерлердің кәсіби этикасын төмендетіп қана қоймай оның жауапкершілігінің төмен екендігін көрсетеді. Екінші Гиппократтың антында айтылғандай науқасқа қандай жағдай болмасын зиян келтіруге болмайды. Келесі дәрігерлер науқастарға әрдайым жақсылық жасауға дайын болып, ауруын жазу үшін және оны алдын алу үшін қолынан келгенін жасау керек. Сонымен қатар барлық дәрігерлердің бойында мейрімділік, қамқорлық, адамгершілік, әділдік қасиеттері болу керек. Бұл қасиеттер науқаспан жақсы қарым қатынас жасап, тиімді нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі. Дәрігерлер қандай жағдай болмасын медициналық құпияны қатаң сақтау керек. Сонымен қатар дәрігерлер науқастардың ұлтына, діни көзқарастарына, жынысына, нәсіліне қарамай барлығына бірдей көмектесуі керек. Олардың бағыттары: медициналық қызметкер- науқас, медициналық қызметкер- науқастың туысқандары, медициналық қызметкер- медициналық қызметкер.
Медициналық қызметкердің киім үлгісі әшкейлерді керек етпейді. Ақ халат әдемілік, ойдың тазалығын,кәсіби міндеттерді орындау кезінде қаталдықты көрсетеді. Эмоциясын басқара алмайтын, өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтын дәрігерге науқастың сенімділігі жоғалад, ал қарапайым, сабырлы, эмоциясы тұрақты, ұқыпты дәрігерге пациенттің сеніміне ие бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет