1. Кіріспе. Дәрігер бейнесі-дәрігер мамандығының адамгершілік принциптері. Кәсіби этика және деонтология


Науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Тыныс алу жиілігін санау



бет11/23
Дата04.11.2023
өлшемі54,12 Kb.
#121812
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
14.Науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Тыныс алу жиілігін санау.
Тыныс алу жиілігін анықтау үшін секундомер және тепмература парағы қажет. Алдымен пациентті жатқызып, оны тынышталдырғаннан кейін процедураны бастаймыз. Процедура барысында пульсті анықтағандай болып кейңп таныту керек, себебі науқас тыныс алуды есептеу барысында өзі байқамай тыныс алмай немесе тыныс алуы жиілеп кетуі мүмкін. Қолдың қозғалысын байқатпай бір минуттағы тыныс алу жиілігін санаймыз. Содан соң нәтижесін температура парғына ЧДД деген жерге жазамыз. Жалпы дені сау адамның тыныс алу жиілігі ересек адамдарда 16-20 ны, жаңа туған нәрестелерде 40-60 ты құрайды. Егер тыныс алу жиілігі минутына 16 дан төмендеп кетсе брадипноэ, 20 дан кетсе тахипноэ деп аталды. Дене қызуының көтерілуінен, қобалжудан және физикалық жүктемемен айналысқаннан кейін тыныс алу жиілігі жоғарылайды. Ал тыныс алу жүйесі бұзылғанда тыныс алу жиілігі баяулайды. Ондай Куссмауль, Чайн Стокс, Биота секілді түрлері ажыратылады. Куссмауль кезінде тыныс алу жиілігі сиреп, шулы тыныс алу байқалады. Ал биота тыныс алу кезінде бір минутты құрайтын үзілістермен сипатталады. Чайн Стокс кезінде тыныс алу біртіндеп баяулайды.
Тыныс алудың ырғығы мен күші бұзылу салдарынан болатын қиындауды ентікпе деп атайды. Ентікпенің инспираторлық және экспираторлық түрлері ажыратылады. Инспираторлық ентікпе кезінде науқас ұзақ, сырылдап дем алады, ал экспираторлық ентікпе кезінде қиналып дем алады және бронхы демікпесі бар адамдарда кездеседі. Науқас ентігіп бастаған кезде мейіргер жылдам дәрігерге науқастың жаңдайын жеткізу керек, сонымен қатар тыныс алуды жеңілдету мақсатын тез әрекет ету керек. Науқастың басын көтеру керек немесе жауырынының астына бірнеше жастықшаларды қою керек, сонымен қатар салқындатып алмай науқасты қысып тұрған киімдердің түймелерін шешіп, ауыр көрпені алу керек және терезені ашу арқылы көбірек ауа кіруін камтамасыз етіп, оттегі жастықшалары арқылы ауаны жіберу керек.
15.Халі ауыр пациенттердің күтімі.
Ауыр халдегі науқастардың тез жазылып кету үшін ол кісілерге арнайы күтім қажет. Ауыр халдегі науқастарды төсегінде ыңғайлы жатқызу, ойық жаралардың алдын алуда, көздің, есту жолының күтім жасалу керек. Ауыр халдегі паиценттің күтімінің ережелері: ауыр жағдайда төсек-орнын дайындау және олардың тазалығын және жайлылығын бақылау маңызды. Пациент кіші және үлкен дәретін өзінде ұстай алмайтын болса, төсек-орнына арнайы медициниалық кленка тігіледі. Төсектердің дұрыс жиналуына мән беру керек, себебі дұрыс жиналмауының әсерінен ойық жаралар пайда болуы мүмкін. Ойық жаралардың 1-кезеңінде –ойылған жерлер арнай ертініділермен залалсыздандырылады. 1 пайыздық салицил қышқыл ерітіндісімен, иод ертінділерімен өңдеуге болады. Ойық жаралардың 2-кезеңінде: ойық жараға бриллиант ертінідісінің 1-2% ертіндісі мен калийй пермангантымен өңдейді. Айналасын комфор спирті мен 70%-дық спиртпен жартылай су қосылған ертінідісімен өңдейді Ойық жаралардың 3,4-кезеңдерінде хирургиялық жолмен өңдеуді керек етеді. Өлген тіндерді кесіп алып тастайды. Жараны калий перманганатымен шаяды. Жараны антисептикалық таңғышпен жабады.Теріні сүрту: залалсыздандырылған ертіндіге губкамен пациенттің мойынын, аяқ қолдарын сүртеді. Пациенттің арқасын сүрткенде ең алдымен оң жағына содан соң сол жақ қырымен жатқызамыз. Науқастың жыныс мүшелерін күн сайын жылы сумен жуып тұру қажет. Тырнақтары өскен жағдайда алып тастау керек және кірін тазалау керек. Егер көзі былшықтанып кететін болса, бор қышқылымен өңдеу қажет. Содан соң көз коньюктивін жылы сумен шаяды.Жағдайы нашар науқастардың ауызын шприцтермен шаяды немесе натрий хлориді ертінідісімен немесе калий перманганатымен шайып тұрады. Бұл сұйықтықтар тыныс алу жолына кетіп қалмас үшін науқастың еңкейіп тұрғанын қадағалау керек. Егер науқас төсектен тұра аламаған жағдайда, бір қырымен жатқызып, сұйықтықты ағызу үшін езуін көтеруіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет