1. Кіріспе. Мәдениеттану-мәдениет туралы ғылым Мәдениет және өнер


Көшпелі өркениет құндылықтары. Орта ғасырдағы түркі мәдениеті



бет15/25
Дата14.05.2023
өлшемі187,86 Kb.
#93148
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
1. Кіріспе. М дениеттану-м дениет туралы ылым М дениет ж не не

6. Көшпелі өркениет құндылықтары. Орта ғасырдағы түркі мәдениеті.

Б.з.д. Vғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мақтап жазады.Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар,философтар,орта ғасыр ойшылдары сипаттайды.Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпенді өмірі таза,қулық-сұмдықтан,отырықшықалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен адал болып көрінді.


Көшпелілер мәдениетінің бір ерекшелігі — олардың мәдениетінің көбінесе синкретті болып келуінде . Көне заманда қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар , одан кейін орта ғасырлардағы түркілер бүкіл Еуразиялық көне және ортағасырлық өркениеттер мен әр түрлі себептер арқылы араласты . Сол аркылы көшпелілер өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдады , өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырды . Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына , жақындасуына қозғаушы күш болған , дәнекер қызметін атқарған .
Көшпелілік кеңес ғылымында XX ғасырдың 20—40-жылдарынан бастап зерттеліп келеді. Бұл саладағы кеңес тарихшыларының еңбектерінде де маркстік-лениндік көзқарас басым болды, зерттеушілер, негізінен алғанда, көшпелілердің қоғамдық құрылысына ғана мән берді.
Мысалы, А.П.Чулюиников деген зерттеуші: «Көшпелілерде таптық қоғам болған жоқ, тек рулық қауым болды», П. Кушнер: «Көшпелілерде «рулық мемлекет», феодализмнің бастапқы нышандары ғана пайда болды», — дейді.
XX ғасырдың 30-жылдары С.П.Толстов пен Б.Я.Владимирцевтің көшпелі қоғам туралы пікірлері 60-жылдардың соңына дейін әр түрлі нұсқада қайталанып, дамытылып келді. С. П. Толстовтың пікірі бойынша: «Көшпелілер отырықшы халықтар сияқты алдымен құлиеленушілік, содан соң феодалдық қоғамды басынан өткізді. Бірақ көшпелілердің құлиеленушілік қоғамы әскери құлиеленушілік демократия немесе патриархаттық монархия түрінде құрылды». «Көшпелілердегі меншіктің негізі жер ме, мал ма?» деген мәселенің төңірегінде пікірталас жүрді. Бір топ ғалымдар: «Көшпелілерде рулық қоғам қалдықтарымен араласқан феодалдық қоғам болды және феодалдық меншіктің жерге қатысты негізін жерге жеке меншік құрады», — дегенді айтты. Екінші бір топ зерттеушілер: «Еуразия көшпелілері патриархалдық-феодалдық қоғамда өмір сүрді, осы таптық қоғамдағы меншіктің негізгі түрі малға қатысты жеке меншік болды, ал жер рулық қауымның ортақ иелігінде болды», —деген пікірді ұстанды.
Көшпелілік қалыптасты. Зерттеушілер бұл жағдайды қола дәуірінің соңындағы климат жағдайының өзгеруімен — Еуразия даласындағы қатты құрғақшылықтың басталуымен түсіндіреді. Зерттеушілер көшпелі қоғам тарихының қалыптасуына көптеген себептер бар дейді. Олар: мал басының өсуі, ерте темір дәуірінің басында бақташының атқа мінуі, біртіндеп жылқыны мініске үйретіп, алдымен, сүйек ауыздықты, содан соң қола, кейініректе темір ауыздықты, одан үзеңгіні, ертоқымды пайдалануы көшпелі мал шаруашылығының дамуына, ғасырлар бойғы мал бағудың тәжірибесінің қалыптасуына негіз болды. Көшпелілік тек шаруашылықты жүргізудің түрі ғана емес, бұл тұрмыс-тіршіліктің де түрі. Көші-қон үшін дөңгелекті көліктің шығуының мөні зор. Дөңгелекті көлік суреттері қола дәуірінің тасқа салынған сурет-таңбаларында кездеседі. Алтайда зерттелген Бесінші Пазырық корғанынан күймелі арба және жүк таситын үлкен арба табылған. Бұл — сақ дәуірінің көлігі. Сақ дәуіріндегі алғашқы арбалар бір дәртелі болған, кейінірек екі дәртелі арба пайда болады.
Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің,тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды.Кейбір батыстық зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға қабілетсіз,олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды.Ал отырықшы халықтардың мәдениеті бөтен мәдениет болып қала береді»,-дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет