Жоспар: I.Кіріспе 1.Ежелгі Рим тарихы
II.Негізгі бөлім 2.Рим имперниясының өнері
2.1 Этрустар өнері
III.Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ 1.Ежелгі Рим тарихы – ежелгі дүние тарихының соңғы бөлігі. Рим тарихының дүниежүзілік – тарихи процестегі маңызы. Рим қсғамы – қүл иеленушілік қүрылыстың ен жоғарғы кезеңі. Дүние жүзілік тарихты романоцентристік баштта кұруға қарсы сын. «Ежелгі Рим» үғымыныи шарттылығы.Курстың географиялық және хронологиялық шеңбері Ежелгі Рим тарихының дәуірленуі. Италияның географияльн және табиғи жағдайы. Негізг тайпалар мен халықтар: лигурлар және басқа да жергілікт тайпалар, италиктер, иллирийліктердің этникалық тобы, этрускілер. Италияның оңтүстігінін грек тұрғындары. Деректердің негізгі тұрлері
Тарихи шығармалар. Рим тарихнамасының пайда: болуы және дамуы. Оның негізгі белгілері. Рим дәстүрі және тарихи концепциялар. Рим тарихнамасының ірі өкілдері. Аға анналшылар. Катон. Полибийдің «Жалпы тарихы». Кіші анналшылар. Саллюстий, Диодор. Дионисий Галикарнасский Тит Ливий, Тацит, Плутарх, Алпиан, Светоноий. Биографиялық жанрдағы шығармалар. Кейінгі римдік кезеңнің тарихшылары. Аммиан Марцеллин, Евтропий, Аврелий Виктор. ІҮ-Ү ғғ. хроникалары.
Археологиялық материалдар: этрусск молаларының қазбалары, ежелгі Рим мәдени қабаттарын зерттеу. Ірі археологиялық комплекстер: Рим Форумы, Палатин. Рим қалалары: Помпей, Тимгад, Пальмира, Аквинк, Шираган Вилласы. Рим әскери лагері. Рим лимесі.
Жазбалар. «Латын жазбаларының корпусы», «Италия жазбалары», «Этрусск жазбаларының корпусы». Арнаулы жинақгар. Жазбалардың түрлері. Вакханалияларға тиым салу туралы жазбалар. Гераклей кестесі. Қасиетті Августың қызметі. Велей кестесі. Бағалар туралы Эдикт, Албертини тақтайшалары.
Республикалық құрылыс құлап, Империя орнатылған тұста Рим әдебиеті мен өнерінің алдында императорды мадақтап, оның үстемдігін дәріптеу міндеті тұрды. Б. э. бұрынғы 27 жылы Рим сенаты бірінші император Октавианға Август, яғни «даңқын асырған», «жарықтық» немесе «құдіретті» деген титул табыс етті. Бұдан соң бұл титулды Римнің барлық билеушілері алды. Императордың принцепс, яғни бірінші азамат және бірінші сенатор деп аталатын билігі заң жолымен бекітілген жоқ. Жаңа саяси құрылыс, сырттай қарағанда, республика түрін бүркенген монархия болатын.Тарихи еңбектер мен поэзиялық шығармаларда Рим басқа халықтарға үстемдік жүргізуге тиіс деген ой айтылады. Ақын Вергилий: «Міне, римдік, сенің өнерің осы болмақ. Есіңде сақта, сен халықтарды басқарып, оларға бейбітшілік орнатуға, әлсіздерді аяп, мүсіркеуге, тэкаппарларды тізгіндеуге тиістісің»,— деп уағыздады. Бұл идеологиялық программақалалардың алаңдары мен храмдарда тұрғызылған императорлардың қыруар мүсін- дерінде өз бейнесін тапты. Әміршінің бейнесі Римнің күші мен қуатын кейіптейтін. Сондықтан мүсіншілер императорлар бейнесінде портреттік ұқсастықты сақтай отырып, оларды әдейі дәріптеуге тырысты. Еліктеу үшін оларға айбынды асқақ пафосы мен ізгілік-сабыры, байыбы,пішінінің айқынқарапайымдылығы мен пропорциясының сұлулығы римдіктер назарын аударған б. э. бұрынғы V—IV ғасырлардағы грек мүсіндері үлгі болды. Әсіресе, Грекия классикалық өнерінің римдік портрет дамуына керемет ықпалы б. э. бұрынғы I ғасырдың аяғы мен б. э. I ғасырында көрінді. Римдік шеберлер грек мүсінінен Империя басталысындағы дәуірдің талаптарына толық жауап беретін пластикалық тіл мен кейіпкерлерді қаһармандандыру тәсілдерін тапты.Октавиан Августың мәрмәрден қашалған мүсіні оны қолбасшы әрі мемлекет басшысы ретінде даңққа бөледі. Тәкаппар, айбынды кескін-келбет пен қолдың көсіле созылған әсерлі ишараты мүсінге монументтік сипат дарытады. Сулығы білегіне сәнмен оралған, күрзісі сардарлық өктемдігін нышандайды. Август бедерлі бейнелермен әшекейленген сауыт киген. Жетілген, атлет денелі алып тұлға, бұлшық еті ойнаған жалаңаш балтыр грек құдайлары мен қаһармандарының мүсіндерін еске түсіреді. Августың аяқ жағына мүсінші тәңірия Венераның баласы Амур бейнесін орналастырған. Август әулеті содан тарапты-мыс деген сөз бар. Августың бет әлпеті шынайы бейнеленіп, ал келбетіне турашылдық, ерлік, адалдық сияқты қастерлі қасиеттер берілген. Август, тарихшылардың айтуынша, әккі, қатал саясатшы бола тұрса да, оның бойында өнегелі азамат сипаттары баса көрсетілген. Жарамсақтанған сенаторлар «отан әкесі» деп атаған императордың қаһарманға айналдырылған бейнесіне ақын Горацийдің: «От шашатын Юпитердің аспанды билеп-төстейтініне сенеміз біз: Римге айбарлы британдықтар мен парсыларды бағындырған Август жер бетіндегі тәңірі іспетті» ,— деген жолдары таңғажайып үндеседі. Римнің ұлылығын мадақтау идеясы I—IV ғасырлардағы Империя дәуірінде жасалған сәулет өнерінің алып ескерткіштерінде аса айқын бейнесін тапты. Рим сәулет өнерінде «әлем әміршісі» атанған халықтың талғамына тән ғимараттардың ерекше монументтілігі алдыңғы жүлгеге шықты. Құрылыс белгілі бір саяси мақсатты — билеушінің жомарттығын баса көрсету мен оның атын ұрпақтар есінде сақтау мақсатын көздеді. Алаңдар ансамблін, әкімшілік ғимараттары мен ойын-сауық құрылыстарын тұрғызған императорлар бірімен-бірі бәсекеге түсті. Жазушылар император Август кірпіштен қаланған Римді қабылдап алып, оны мәрмәрден салып кетті деп жазған болатын. Витрувийдің сөзіне қарағанда, Август «империя айбынын ғаламат қоғамдық ғимараттар салумен арттыра түсуді» ойлаған. Ақын Овидий біздің эрамыздың жол айырығында күллі әлемнің асыл қазынасына ие болған алтын Рим туралы айтқан. Екінші бір жазушы: «Рим барлық құдайлар мен адамдардың назарын аударды»,— деп есептеген. IV ғасырда Клавдиан ұлан ғайыр аспаннан кең ештеңе жоқ, Римнің аумағынешкім көзбен шола алмайды, оның сұлулығын ешқандай ақыл ұға алмайды, оны мақтауға жан баласының тілі жетпейді деуге хақылы еді. Замандастардың бұл пікірі, ең алдымен, қаланың сәулеттік келбетіне қатысты. «Нан мен ойын-сауықты» талап еткен римдік тобырға кеңінен танылуға тырысып, императорлар гладиаторлар шайқасы үшін орасан зор амфитеатрлар салғызды. Мұның 75—80 жылдары және орта ғасырларда Римде салынған ең ірісі «колоссеум» (алып) деген латын сөзінен Колизей деп аталды. Жоспары бойынша ол аумақты сопақ құрылыс (188X156 м). Колизейдің биіктігі 50 м, қабырғасы ірі серек тас (травертин) блоктарынан қаланған. Күмбезді аркаларының үш қабаты қабырғаның ішкі жағындағы алып бағаналарға тіреледі. Қай нүктеден қарасаң да жақсы көрінетін олар театр қасбетін сан құбылған сәулелі көлеңкеге бөлейді. Шексіз қайталанылатын аркадалардың салтанатты ырғағы ғимаратқа айбындылық пен монументтік сипат береді. Аркаларға тірек болған бағаналар конструкциялық мәнін жоғалтып, сәулеттік сәнін ғана сақтаған жартылай колонналармен әдіптелген. Бірінші яруста бағаналарға — дорлық, екінші яруста — иониялық, үшінші яруста — коринфтік ордердің жартылай колонналары сүйелген, төртінші ярустың біркелкі тегіс қабырғасын коринфтік пилястрлер бөліп тұрады. Пилястрлер арасына үш-үштен қойылған діңгек тіреуіштердің үстінен көрермендерді күннің ыстығынан қорғайтын орасан зор құрама шатыр тартылған. Антаблементті көтерген жартылай колонналар ярустар жігін бөліп, қабырғаның биіктігін баса көрсетіп тұр. Колизейде пайдаланылған ордерлік аркада Рим сәулетінің композициялық аса маңызды түрі болды.
Римдіктер сәулет ғимараттарын аса қадірлеп, акведуктарын ерекше мақтан тұтты. II ғасырдың басында Римді сумен қамтамасыз етуге жетекшілік жасаған инженер Фронтин: «акведуктар — Рим империясы айбынының басты куәсы»,— деген пікір айтқан. Римдіктер арка пішінін сардарлар мен императорлар жеңістерін мадақтайтын салтанатты ескерткіштер жасауға пайдаланды. Ең таңдаулы салтанат аркаларының бірі Рим форумына алып келетін қасиетті жолдың үстіне 81 жылы Иудея көтерілісін басқан император Титтің жеңісіне ескерткіш ретінде салынған. Мәрмәрден қаланған биіктігі 20 м арка император мен оның қасында төрт ат жеккен күймеде келе жатқан жеңіс тәңіриясы бейнеленген қола мүсіндер тобының тас тұғырына айналған. Арка астындағы биік тас тұғыр, қасбеттегі төрт әсем капителі бар жарты колонналар ескерткіштің сәнді сымбатын тұлғаландыра түседі.
Арка маңдайшасына қашалған арнаулы жазу сенат пен Рим тұрғындары арканы құдіретті император Титке арнап салғанын баяндайды. Кең маңдайша император Титтің салтанатты шеруін бейнелейтін бедерлермен безендірілген. Оның біреуінде, күймеде — император, екіншісінде — римдік легионерлер Иерусалим храмынан асыл олжа алып келеді. Тит аркасында ғажайып сәулеттік бейне мен оқиғаның тарихи мәнділігін ашатын мүсіндік әшекейлер тұтастығы сақталған. Империя дәуіріндегі жиһазды үйлердің құрылысы жайлы Помпеи мен Геркуланумның жұртын қаз- ғанда ашылған ғимараттар айқын түсінік бере алады. Бұл шағын қа- лалар 79 жылы Везувийдің кенеттен атқылауы кезінде опат болды. XVIII ғасырдан бері жүргізіп келе жат- қан қазба жұмыстары Помпеидің үштен екі бөлігін ашты. Көлденең қиылысатын оқтай түзу көшелер қаланы шаршы кварталдарға бөліп жатқан. Тіпті, сауда дүкендері сығылысқан ең бай көшенің ені 10 метрден аспайтын, ал қаптал көшелердегі үйлердің арасы 3 метрден 6 метрге жететін.
Римдік Догмацийдің (IV ғасырдың 30-шы жж.) мәрмәр портретінде сыртқы белгілер әлі даралығын сақтаған. Мүсінші мықты бас бітімді айқындап көрсететін тықыр шаш пен тікенек сақалдың әр талшығын тәптіштеп, қол батырып керте қашаған. Бет шабдарларын сурет сызғандай соқталап жеткізетін бұдырлау желілер, кенерлеп қырланған қиғаш қас пен жұқалтаң ерін, жұмылған ауыз дөрекілеу жүзге түнеріңкі бір күш-қуат дарытады. Материалдың қарапайымдау тәсілмен өңделуі мүсінші әдейі баса көрсеткен адамның тақуалық келбетіне сай келеді. Тереңде жатқан көзінің шарасы шақшия бақырайып тұр. Бір сәт көңіл сарайы ашылып кеткен сияқты бажырайған қалпында ештеңені бажайлап көрмейтін жанары шексіз қиянға қадалады. Осы назарында булыққан сенім, тән мен жанның арпалысы жатыр. Антик өнері адам табиғатының мұндай екі жақтылығын, дене мен рух арасындағы қайшылықтарды білмейді. Қадым заманының соңғы кезі мүсін шеберінің адам бет әлпетін бейнелеуге қызығу себебі — тән қауашығынан рухи өмір жарығы сәуле шашады, ал сыртқы кейіпті пайымдау тәңірі идеясын жете танытады деген ұғымынан туған. V ғасырда Рим империясы құлап, құл иеленушілік құрылыс күйреген тұста көркемдік ойдың антик өнері тарихының соңғы ғасырларында қалыптасқан осы жаңа белгілері орта ғасырлық өнер негізін қалады.