1. Кіріспе Негізгі бөлім



бет2/4
Дата23.03.2023
өлшемі185,83 Kb.
#75817
1   2   3   4
Негізгі бөлім
2.1. Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін ұмытылмас қайғылы жылдар болып қала берді. Бұл соғыс қаншама жастардың жүрегіндегі туып-өскен Отанға деген сүйіспеншілігі мен махаббатын көрсете білді. Осы соғыста біздің ата-бабаларымыз біз үшін жандарын қиып, біздің амандығымызды, еркіндігімізді ойлап соғысты.
Осы соғыста азаматтар жау тылында жаумен арпалысса, елдегі аналарымыз тылда жұмыс жасады. Егін егіп, ер азаматтар жасайтын жұмыстарды өздері жасап, соғыстағы азаматтардың азыұ-түлігі мен қару-жарағын дайындап, қолдау көрсетті.
2.1.1. Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай - ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар жауынгерлеріміздің бірі – Бауыржан Момышұлы еді.Ұзын бойлы, қара сұр Момыштың ұлы Бауыржан сол кезде отыздың үстіндегі жас жігіт еді.«Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек.Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады.
«Ерсiз ел болмайды, елсiз ер болмайды»,- дейдi батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. Осы ержүрек бабалар қатарында Бауыржанның еңбегi ерекше. «Отан үшiн отқа түс, күймейсiң» деп ұран тастаған батыр атамыз, келер ұрпақтың болашағы үшiн өз басын өлiмге байлап, ажалмен алысып, жеңiс туын тiктi. Бауыржан ата бiр естелiгiнде: «Мен – өзге ұлттарды құрметтеушi, өз ұлтын сүюшi адаммын»,- дейдi. Батырдың әр қазақтың жүрегiнде сақталуының себебi де, ұлтын сүйгендiгiнен шығар.
Бауыржан Момышұлының тұлғасы маған қашанда мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді.1941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi дүр сiлкiндiрген қазақстандық 316 - атқыштар дивизиясының батальон командирi ретiнде қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды.Жеңiстiң 65 жылдық мерейтойы қарсаңында қаһармандық пен өшпес ерлiгі үшін Мәскеу халқы құрметтеп, үлкен сый жасады. Мәскеу қаласынан ұлан - ғайыр, ұзын көше, зәулiм мектепке батыр атамыздың есiмi бердi. Бұл Бауыржан ерлiгiн мойындау және бүкiл қазақ халқына деген құрмет едi.

2.1.2.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап жас курсанттар майданға аттанғылары келді, бірақ командирлер ұшқыштардың әлі де кәсіби дайындықтан өтуі керек екенін алға тартып, қанаты қатпаған бозбалаларды майданға, ажал аузуына жіберуді қаламады.
Бірнеше ай өткен соң, Бигелдинов өз қалауымен Орынбор маңындағы бомбалаушы авиация мектебіне ауысады, онда жігіт ауыр көліктерді жылдам игеріп, көп ұзамай ефрейтор дәрежесін алды.Бірақ, мұнда да жас ұшқышты бірден майданға жібермеді, ол басқа курсанттармен бірге училищеге шаруашылық жағынан көмектесті. Олар картоп егіп, сиыр мен шошқа бағып, барлық тағамды майдандағы жауынгерлерге жіберді. Көп ұзамай, Талғат өзінің болашақ темір тұлпары ИЛ-2-мен танысқан жері, жауынгерлік жойғыш мектепке ауыстырылды. Сол кездің өзінде ол ұшақ туралы аңыздар айтылып жүрген еді, және барлық ұшқыштар аспанға тек сонымен қана қалықтағылары келді.
Ақырында, училищеге майдангерлердің бір бөлігін майданға жіберу туралы бұйрық келіп, қатарында Талғат Бигелдинов болған жас ұшқыштар нағыз соғыс ошағына аттанады. Олар Тверьге келіп, соғыстың не екенін біледі. Жас жауынгерлер мұнда бірнеше сағат бұрын сөйлескен адамының базаға қайта оралмауы мүмкін екенін түсінді. Шайқастар ауыр болды, тіпті аспанда ұшу тәжірибесі бар ұшқыштар да аман оралмады. Ал олар мұнда ұшу сағаты өте аз, он тоғыз жастағы бозбала болып келген еді. Бірақ, жау шабуылынан ешкім қорықпады, Талғат пен оның жолдастары ештеңеге қарамастан қалың майданға ұмтылып тұрды. Осылайша, Шығыстан шыққан жалғыз ұшқыш әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюша» ұшағымен 1942 жылы майданға аттанады.
Бірақ, жас сарбаздар бұл жерде де бірнеше апта бойы командалық ұшу жаттығуларын жасап, жауды көзге елестетіп бомбалауға мәжбүр болды. Ақырында, олар нағыз соғысқа қатысып, алғашында басқа ұшақтармен топтасып шабуылдауды үйреніп, содан кейін жеке-жеке жау құралын жоя бастады. Сол күннен бастап Бигелдинов әскерилер арасында ұшқыш танк деп аталып кеткен «Илюша» ұшағымен бас бүтін бауырбас көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Талғат мінген ұшақты жау жағы «Қара ажал» деп атаған екен. Талғат Жақыпбекұлы пойыз, эшелон, танктерді, зенит зеңбірегін және гитлерліктердің басқа да маңызды стратегиялық базаларын жойды.
Осындай миссиялардың бірінде Бигелдинов бомбалау кезінде неміс мессершмитіне шабуыл жасап, оны атып жібереді. Сонда кеңестік баспасөзде жас сержанттың ерлігі туралы мақала жарияланады. Өйткені, Бигелдинов атып түсірген неміс маңызды тұлға болған, ол жүзге жуық ұшақты жойған офицер. Және неміс офицері өзін жас сержанттың атып түсіргеніне ұзақ уақыт сене алмады. Бұл ұшу кезінде көрсеткен ерлігі үшін Талғат Бигелдинев II-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденін алады.
Өзінің әскери өмірінде жауынгерлік барлау, бомбалау бағанының басшылығы, немістің шабуылдаушы ұшақтарына шабуыл жасау секілді жүздеген оқиғалар болады.
1943 жылдың басында Талгат Бигелдинов он тоғыз мессершмиттке қарсы тұрып, тең емес күрес жүргізді. Сол кезде ол жау жеріне тоқтауға мәжбүр болып, жанындағы мергенімен бірге екі аптада кеңес әскеріне аман-есен жетеді.
Талғат Жақыпбекұлы өзінің алғашқы «Алтын жұлдыз» медалі мен Кеңес Одағының Батыры атағын 1944 жылы алды. Оның басшылығындағы ұшақтар Кировоград пен Знаменка қалаларын батылдықпен қорғады. Бигелдиновтың өзі сол кезде жаудың төрт шабуылдаушысын атып түсірді. Бір жыл өткен соң Бигелдинов сол атаққа екінші рет ие болды. Шебер ойластырылған стратегиясының арқасында, оның эскадроны жау техникасы мен жаяу жүргіншілердің үлкен санын жоя алды.
Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов соғыста екі жыл ғана күрес жүргізсе де, бірақ осы уақыт ішінде 305 әскери шабуылға шығып, көптеген ұшақтарды құлатып, жүздеген командалық тапсырмаларды орындады. Ол Берлин үшін жүргізілген шайқастарға қатысып, мыңдаған жауынгерлермен бірге Қызыл алаңда жүріп өтіп, елге нағыз батыр ретінде оралды.
Сондай-ақ, ұшқышқа саяси қызметін Кеңес одағы әуе күштерінің командалық қызметімен біріктіруіне тура келді. Талғат Бигелдинов денсаулығына байланысты ұшудан босатылғанына қарамастан, көптеген жылдар бойы азаматтық авиацияда жұмыс істеді. Запасқа ауыстырылғаннан кейін, ол Қазақстанда жұмыс істей бастады, еліміздің ірі қалаларында ұшу-қону жолағын құрумен айналысып, бірнеше рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосты.
2.1.3 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталады. Мәлік Ғабдуллин алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанады. Ол соғыста аға саяси жетекші (политрук) болады.
"Ол жауынгерлердің рухын көтеруге бар күшін салды. Соғысқа аттанған қазақтардың көбі орысша білген жоқ. Мәлік ағамыз олардың арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Қазақ әскерлерінің рухын көтеріп, оларға білгенін үйретеді", - дейді Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының директоры Мұратбек Оспанов "Өмір жолы" деректі фильмінде. Мәлік Ғабдуллин майданда Иван Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік әскерлердің біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистерге жойқын соққы береді. Әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқастарда стратегиялық маңызы зор Бородино селосын жаудан тазартуда ерлігімен көзге түседі.
"Немістер шабуыл жасаған сәтте Мәлік бастаған топ соғыстың алдыңғы шебінде болады. Олармен байланыс үзілді. Басшылықтан "кері шегініңдер" деген бұйрық болады. Бірақ алдыңғы шептегі әскерлер оны естімей, қоршауда қалып қояды. Кейін Мәлік ағамыз әскерімен бірге қоршауға түскенін есіне алады. Ол барлық жауынгерді сапқа тұрғызып, "шепті не бұзамыз, не өлеміз. Жауға берілуге болмайды" дейді. Осылайша, ол жау қоршауын бұзып шығады", - дейді Мұратбек Оспанов. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі танкісін гранатамен жарып, 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. Соған қарамастан, ол шабуылды тоқтатпайды. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы кеңесі президиумының жарлығымен 1943 жылдың 30 қаңтарында Мәлікке "Кеңес Одағының Батыры" атағы берілді. Оған қоса, Ленин ордені және "Алтын жұлдыз" медалімен марапатталды.
2.1.4 Рақымжан Қошқарбаевтың 4 жасында анасы дүниеден өтіп, әкесі жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагеріне айдалған. Осылайша 13 жасынан жетім қалған Қошқарбаев Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленеді. 7 жылдық мектепті бітірген соң ол Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне жіберіледі.
Соғыс басталғанда Рақымжан Қошқарбаев 16 жаста болады. Ол да ер-азаматтармен қатар майдан шебінде Отанын қорғауға ат салысуға сұранады. 1942 жылдың тамызында 18 жастағы бозбала Қазақстан және Орта Азия сарбаздарын әскери дайындықтан өткізген Көкшетау қаласындағы атқыштар полкі қатарына алынып, осы жерде 1943 жылдың жазына дейін болады. Одан соң Рақымжан Қошқарбаевты Фрунзеге эвакуацияланған Тамбов жалпыкомандалық жаяу әскер училищесіне оқуға жібереді. Тек 1944 жылдың қазанында кіші лейтенант Қошқарбаев училищені үздік тәмамдап, майдан шебіне қосылады. 1945 жылы 16 сәуірде Рақымжан Қошқарбаев бас болған шабуылдаушы взвод Одер өзенінің батыс жағалауындағы Гроенойндорф елді мекеніндегі жаудың бетін қайтарады. Осы судан ары кеңес әскерін өткізбей, немістер тоқтаусыз оқ жаудырып тұрған. Атылған оқтың астымен жорғалаған Қошқарбаев взводы немістердің тұрағының үстінен түсіп, бетпе-бет соғысады.40 немісті қырып, үлкен калибрлі 3 пулеметті қолға түсіреді. Қызыл әскер ары қарай жылжиды. 1945 жылдың 29 сәуірінде Шпре өзені маңында қанды қырғын болады. Тағы да жауға Рақымжан Қошқарбаевтың взводы тойтарыс береді. Осылайша Одерден басталған шайқас Рейхстагқа дейін жалғасады. Осы аралықта Рақымжан Қошқарбаевтың взводы 200 немістің көзін жойып, 184-ін қолға түсіреді. Майдан даласындағы жаудың 14 зеңбірегін, 27 үлкен калибрлі пулеметті, одан бөлек көптеген мылтық, оқ-дәрілерді тәркілейді. Осы үшін Рақымжан Қошқарбаевтың взводына "Бірінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы" ордені табыс етіледі.Соғыстың соңына қарай лейтенант Рақымжан Қошқарбаев 150-ші атқыштар дивизиясының 647-ші атқыштар полкінің барлау взводының командирі болады. Осы кезде шапшаң әрі көзсіз батыр қазақ жігітінің есімі майдан шебінде аңыздай тарайды.
Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30 сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, Жеңіс туын тікті. Осы ерлігі үшін лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен жауынгер Григорий Булатов Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылды. Бірақ ол тек Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған еді.
Міне, осылайша ерлігі өзі өлгеннен кейін де талай-тартыс тудырған есіл ер 1924 жылы Ақмола облысының Ақмола ауданында туған. 1942 жылы әскер қатарына алынып, соғыстан кейінгі жылдары азат етілген аумақтағы әскерлердің құрамында қызмет еткен. Ал 1964-1967 жылдары Ақмола облысының атқарушы комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі басқармада инспектор болған. Ал 1967 жылдан бастап, «Алматы» қонақ үйінің директоры қызметін атқарды. «Қызыл ту», «1-ші дәрежелі Отан соғысы» ордендері мен «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», медальдарының иегері. Рейхстагқа ту тіккені үшін «Жауынгерлік Қызыл ту» орденінің иегері болды. Ал 2001 жылы «Халық қаһарманы» атанды.
2.1.5 Отан қорғау жолында ерлік көрсетуде қазақтың ер жүрек азаматтары ешқашан аянып қалған емес. Әсіресе Ұлы Отан соғысы кезінде толарсақтан қан кешкен қазақ сарбаздары өздері әлемді ат тұяғымен дүбірлеткен жауынгер, ер жүрек көшпенді елдің ұрпақтары екенін сан мәрте дәлелдеп бақты. Сұрапыл соғыс жылдары от кешіп, ерлік көрсеткен қазақтың аяулы ұлдарының бірі – Қасым Қайсенов. Болмыс-бітімі батырлық пен өрлікке толы атамыз бейбіт кезеңде де тегеурінділік танытып, ұлт рухын асқақтатып, басы ноқтаға сыймай өтті. Асаулығы мен өр мінезінен айныған жоқ.
Қасым Қайсеновтың Ұлы Отан соғысы кезінде партизандардың жау тылында көрсеткен ерлік қимылдары Отан соғысы тарихында алтын әріппен жазылған. Сол кезде партизан жасақтары түн қатып, түсі қашып жорытқанын бәріміз білеміз. Өздері – күтпеген жерден киліге кетіп, жер соқтырып кететін кілең жүрек жұтқандар болатын. Ел кегін арқалаған партизан жасақтарына жүктелген міндет сол жылдары аз болған жоқ. Кейде жиырма, кейде қырықтан топтанып алып, үлкен-үлкен жорықтарға аттанып, аз күнде мың қаралы қосын ертіп алып, көбейіп қайта оралып отырған. Қасым атаның кейде қасына жалғыз ғана серік ертіп, жарты ай ішінде бес жүз болып шыға келетін кездері де аз болмаған. Мәскеуден арнайы тапсырма алып, он жігіттің басшысы ретінде жау қолындағы Украина жеріне аттанған сәті кейінгі жорықтарына өшпес із қалдырғаны анық.
Одан кейін Батыр атамыз 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Украинаның Закарпатье, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады. Отряд командирі болып жүріп, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткереді. 1944 жылы Украинаның Закарпат, Карпатты азат етуге қатысқан. Карпатты қақ жарып өткен жорықта құрама командирі Александр Тканко: «Қасым, сенің бұл ерлігің Карпат шыңының тасына жазылуға тиіс» деп айтқан. Бұл қайтпас қайсар батырға қарата айтылған шынайы баға еді. Қасым Қайсенов бұл туралы бір естелігінде: "Мен Украинада легендарный адаммын, онда мені тек Вася деп біледі. Украинада маған орнатылған ескерткіш бар. Карпат тауының ең ұшар басына, ең соңғы рет жау тылына барғанда алпыс адам ұшақтан түсіп іріткі салған ғой. Ол тауға түскен алпыс адамның елу үші қаза тауып кетті, жетеуіміз тірі қалдық. Сол Карпатта ұрыс салған алпыс адамға арнап, таудың ең биігіне мрамордан ескерткіш орнатқан. Вот, солай!", - деп айтқан болатын. Сонымен қатар ол Киев және Полтава облыстарындағы партизандар қозғалысын алғаш рет ұйымдастырушылардың бірі ретінде тарихта қалды. Партизандардың қалың қолын басқара отырып, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткеріп, фашистерді сан рет тізе бүктірді.
Кеңес жері фашист басқыншыларынан азат етілген соң 1945 жылдың басында ол Отанына оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы аппаратын басқарды, содан кейін Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде жұмыс істеді. Қаламгер-партизанның қаламұшынан «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында» деп аталатын кітаптар жазып, ерлік жолдарын кейінгі ұрпаққа мұраға қалдырғанын да айта кетуім керек.
2.2 Ұлы отан соғысына жас қыздар да қатысқан. Қазақ әйелдері фашистік Германияны жеңуге үлкен үлес қосты. Олардың кейбіреулерінің есімі бүкіл елге танымал болса, басқаларының ерлігін, өкінішке қарай, жұрт біле бермейді.
2.2.1 Хиуаз Доспанова – "түнгі мыстандар" деген лақап атты иеленген бомбалаушылардың аты аңызға айналған әйелдер полкінің ұшқышы.1922 жылы Атырау облысының Ганюшкино ауылында дүниеге келген. 1941 жылы соғыс басталды. Хиуаз Доспанова басқа қыздармен бірге Саратов маңындағы мектепке барды. Навигация бөліміне түсті. 1941 жылы 26 қазанда болашақ ұшқыштар Энгельс қаласындағы полктердің құрылған орнына келіп, әскери авиация ұшқыштар училищесінде жеделдетілген курстан өтті.Соғыстағы құрбылары оны Катя деп атаған – соғыс жылдарында 300-ден астам рет ұшқан. "Түнгі мыстандар" нысанаға белгілі бір қашықтықта ұшып барып, қозғалтқышты өшірген. Фашистер оларды байқағанға дейін бомбаларды тастап үлгеретін. Тек лақтырған сыпырғыштың дауысына ұқсас шу естілетін болған.
Екінің бірі армандаса да, ілкіде біреу ғана ұшқыш болады. Көк аспанның төрінде әуелеуді аңсаған Хиуаз бала арманына соғыс басталғанда жетті. Марина Раскова басшылық жасап, Кеңес әскеріне көмек ретінде тек әйелдерден құралған түнгі бомбалаушы-ұшқыштар полкі құрылды. Кейіннен жасаған ерліктеріне сай Қызыл Ту орденді Таман гвардиялық, 3-дәрежелі Суворов орденді түнгі бомбалаушы әуе полкі деп аталған нәзік жандылардың қатарында жалғыз қазақ қызы болды. Бойы небәрі 150 сантиметр талдырмаш, нәзік Хиуаздың жасы ол уақытта 19-да еді. Жер бауырлап ұшатын ПО-2 ұшағын тізгіндеген бомбалаушы ұшқыштардың негізгі міндеті – түн ішінде жаудың соғыс техникалары мен қару-жарақ, оқ-дәрі сақталған қоймаларын бомбалау. Күтпеген жерден жау қонысын бомбамен тұншықтыратын нәзік жандылардың полкін немістер "түнгі мыстандар" деп атаған. Түн қараңғысында қоныстарына қырғидай тиетін Марина Раскова қыздарының ұшағын құлатып түсірген фашиске Гитлердің өзі темір крест беріп, аз күнге үйіне демалысқа жібруге уәде берген екен. 

Ұстазы Мария Степановна «Адамдардың ауруын жазып, жарасын жеңілдетіп, жүзіне күлкі үйіріп, қол ұшын созғаннан артық бақыт жоқ» деген сөзінен кейін Мәскеудегі Тұңғыш мемлекеттік медицина институтына өтініш жазып, қабылданады. Дәріс тыңдап, үздік атанып жүрген Хиуаз дадиодан беріліп жатқан соғыс хабарын естіп, майданға аттануға рұқсат алу үшін комсомолдар аудандық комитетіне барғанда кезекті метрополитен құрылысына тап болады. Істен қашпайтын рухты қыз бұл жерде де тер төгеді. Кейін Кеңес Одағының Батыры Марина Роскова құрған тұңғыш әуелік әйелдер бөліміне қабылданады. Әуелік қызметтік қыр-сырын тез меңгерген ол жауынгерлік шеберлікке де тез шыңдалады. Марина Чечнева «Менің жауынгер құрбыларым» кітабында майдасдас құрбысы туралы: «Хиуаз Доспанова туған жері Қазақстанға соғыс аяқталғанда ғана бір-ақ оралды. Отанына оралған соң, Алматыда өткен митингте былай деді: «Біз от ортасында соғыстың қаһарын тартып келдік. Қаншама өлген адамды, сұмдықты, қорқынышты, адам азабын көрдік. Бала болдық, жас болдық, қыз болдық, соғыстың басында немістерге айдалып кеттік. Міне, ол жақтан қартайып келіп тұрмыз. Еліміздің басына жазылған қиыншылық кезеңді ешқашан ұмытпаймыз және ұрпақтарымыз сондай тар заманды қайтадан бастан кешуіне жол бермейміз!» деп жазған.


2.2.2. Қаһарман қазақ қызы - Кеңес Одағының Батыры (1944). Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен Мәнсияның тілі келмей озін Мәншүк деп кеткен. Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә.Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медициналық институтында оқып жүрген. Соғыс басталған жылы Мәншүк анасы Әминаның үйін тастап, жатақханаға көшеді. Небәрі 18 жастағы Мәншүктің жоспарларының бәрі кейінге шегеріледі. Бойжеткен әкесінің атылып кеткенін білмей, кеңес үкіметін қорғап, айдаудағы жақын адамын құтқару үшін майданға аттанады. Себебі, ол кезде қоғамда "Халық жауының" балалары өз еркімен майданға аттанса, ата-анасының бар жазасы кешіріледі" деген сөз тарады. Осы сөз құлағына тигелі Мәншүк бір жыл бойы әскери комиссариатқа әскерге бару туралы өтініш жазады.1942 жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-інші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.
Батыр қыз майдандағы алғашқы тапсырмасын подполковник Мостовтан алған-ды: екінші атқыштар батальоны штабының құжаттары бар папканы тиісті жерге жеткізуі керек болды. Осы кезде байланысшылар тобының фашистердің қолына түсіп қалғанына қарамастан, Мәншүк тапсырманы сәтті орындап, қошемет сөз естіді.
Мәншүк Мәметова жаумен шайқасып қана қоймай, санитарлық қызметті шебер атқарды. Өлім аузында жатқан майдандастарына қолдан келгенше көмектесті
1942 жылы Великие Луки қаласын жау қолынан азат ету үшін барын салып шайқасты. Осы кезде оған медициналық институттағы бір жылдық білімі көп көмектесті. Кейін құрамында Мәншүк бар Ушаков батальоны Бурцевоны қорғауға аттанды. Ауыл төрт мәрте қолдан-қолға өткендіктен, шайқас тартысты болды. Осы кезде қазақ қызы жауға қарсы пулеметтен оқ жаудырды. Көптеген сарбазынан айырылған неміс әскері кейін шегінуге мәжбүр болды.
Көп ұзамай пулеметшілер батальонына алынған Мәншүк бөлім командиріне дейін көтеріліп, сержант атағын алды. Осы батальон 1943 жылдың күз айында Изоча станциясын жау қолынан босатуға қатысты. Алайда кеңес әскері көп сарбазынан айырылып, кейін шегінеді. Мәншүк осы кезде "Сендер бара беріңдер. Мен кетсем, сендерді кім қорғайды?" деп қалып қояды. Осылайша қайтпас қайсар ару "Максим" пулеметімен жүздеген немістің көзін жойды. Ол 1943 жылдың 15 қазанында ерлікпен қаза тапты.
Жарақатына қарамастан, ол 70-тен астам жау әскерін жойып, ерлікпен қаза тапты. Қыз небәрі 20 жаста еді. Невельде жерленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет