1. Кіріспе Негізгі бөлім



бет3/4
Дата23.03.2023
өлшемі185,83 Kb.
#75817
1   2   3   4
2.2.3. Әлия Молдағұлова 1925 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысының Қобды ауданына қарайтын Бұлақ ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі Ілия. Әкесінің есімі Нұрмұхаммед Сарқұлов, анасы Маржан Молдағұлова. Әлияның Бағдат есімді артынан ерген інісі болды. Бірақ, Әлия 8 жасқа келгенде анасы қайтыс болып, әкесі екі баламен жазғыз қалады. Бұл кезең өте қиын болатын және әйелінен айырылған Нұрмұхаммед қызын әжесінің тәрбиесіне беруге мәжбүр болады. Осылайша, Әлия нағашы ағасы Әбібәкір Молдағұловтың отбасында өмір сүріп, балалық шағы өзімен қатарлас туысы Сапурамен бірге өтеді.
1941 жылдың жазғы күндерінде балалар үйінің пионерлері үлкен сапарға дайындалып жатты. Соңғы дайындық бітіп, қапшықтарға дейін салынып қойған еді. Бірақ, бұл демалыс болмады. Себебі, сол күні радиодан фашистік Германияның Совет Одағына шабуыл жасағаны туралы хабарланды. Сонда Әлия бірінші болып жұмысқа баруға өтініш білдіреді, бірақ оны балалар үйінен жібермеді. 
Соғыс туралы хабар тарағанда ересек топтағы балалар Ленинград айналасындағы бекініс құрылысына көмектесті. Олардың арасында жанын салып жұмыс істеп жүрген Әлия да бар еді. Қара жұмыстан қолы жарылып, қатайса да, Әлия күрегін тастамады. Керісінше, табандылығымен жігіттерді жігерлендіріп отырды.1941 жылдың қараша айында Әлия Молдағұлова комсомолға жіберілді. Комсомол билетін алғаннан кейін, ол өзін жауынгер қатарында жүргендей сезінді.Жау қолы қаланы бомбалауын тоқтатпады. Өзгелермен бірге Лия да үйдің төбесінде кезекшілік етіп, жарылғыш заттарды сөндіруге ат салысып, жараланғандарға көметкесті. Сонда алғаш рет қан көрген Әлия «Жаудың жүрегіне оқты өзім атқым келеді!» деп, соғысқа аттануға ниет етеді. 
1942 жылдың наурызында балалар үйімен бірге Әлия да Ярославль облысының Данилов ауданындағы Вятской кентіне көшірілді. Мұнда қазақ қызы 7 сыныпты бітіреді. Күзде ол Рыбинске барып, авиациялық техникумға түседі, бірақ онда небәрі 3 ай оқиды. Ол 25 қазанды асыға күтті. Себебі, бұл күні ол 17 жасқа толады.
Сөйтіп, 25 қазанда кешкі уақытта аудандық военкоматтың есігіне кіп-кішкентай, арық қыз кіреді. Ол Әлия еді.
Ақыры, 1942 жылдың желтоқсанында, майданға аттануға деген үздіксіз өтініші бойынша Әлия снайпер нұсқаушылар мектебіне оқуға түседі. Сол күндері екі қыз Лия мен Надежда Матвеева дос болып кетеді. Кейіннен Надя Лияның серіктесі болды, олар бірігіп снайпермен шабуыл жасайтын.
Қиындықтарға қарамастан, Әлия қызығушылықпен оқыды. Майданға барып, жек көрінішті фашистерді атқысы келді. Сонымен қатар, ол бір ғана тілектің жеткіліксіз екенін түсінді. Ол бәрін шебер жасау керек екенін білді. Ал командирлер: «Нағыз снайпер – бұл жоғары білікті маман. Қай жерде нағыз снайперлер болса, жауда бір минут тыныштық болмайды» дегенді құлаққа құйды.
«Бұл 1943 жылдың аязды қаңтары болды. Роталар кешкі уақытта тактикалық жаттығудан келе жатты. Ең соңында төртінші рота келе жатқан болатын. Ал оның артынан жалғыз өзі келе жатқан кішкентай адамның бейнесі көрінді. Қарасам Лия екен. Сонда ол батылдықпен маған жақындап:«Курсант Молдағұлова рота командирінің рұқсатымен тактикалық оқытудан қатардан тыс келе жатыр!» деді. Оның сөзінен аяғын қатты қажап алғанын байқадым. Оған жарақаттанған аяғымен жаттығу қиын болса да, бірақ ол қатардан қалмады. Лияның мінезі осындай еді»,- дейді снайперлік мектептің саяси бөлімінің басшысы Никифорова.. 
1943 жылдың тамыз айының басында снайпер қыздар солтүстік-батыс майданға келіп, әскери бөлімшелердің бірінде қызметтерін жалғастырды. Осылайша, олар нағыз жауынгерлік жұмыстарына кірісуі керек болды. Сонда батальон командирі ап-арық кішкентай қызға қарап, әкелік ілтипатпен: «қызым, жасың нешеде» деп сұрайды. Әлия жақында ғана 18-ге келгенін айтқанда, командир «бойына қарасаң әлі бала, қалай шайқасады бұл бала» деп уайымдайды.
1943 жылдың 7 қарашасына қарай Моисеев саяси мәселелер жөніндегі орынбасарымен бірге 3-ші ротаға келді. Сол кезде немістер қорғаныстың алдыңғы қатарына ауыр артиллериялық және пулеметтік оқ жаудырып жатқан болатын. Сонда, рота командирі: «Жоқ, олар шабуылға шықпады. Бірақ, олар эфрейтор Молдағұлованың біздің қорғаныс аумағында 7 фашистің көзін жойғанына қатты ашуланды»,- деп күліп, жауап береді.
Ал, атыс басылғанда батальон командирі және саяси командир Әлияны келе жатқан мерекемен және оның жаңа жауынгерлік табысымен құттықтауға барады.
Сондай-ақ, дивизияның саяси бөлімінің құжаттарының бірінде: «1943 жылдың қазан айынан бастап желтоқсанға дейін, біздің бөлімше қорғаныста болғанда Лия Магдагулова (Әлия Молдағұлова) фашистерді үздіксіз аңдып, өзінің мергендігімен 32 фашисті жойды» делінген.
1943 жылдың желтоқсан айының ортасында, қорғаныс желісін жаңа бөлімдерге өткізгеннен кейін, бригада алдағы шабуылға дайындалу үшін Новосокольников ауданына аттанады. Ал кіп-кішкентай нәзік қыз осы уақыттың ішінде нағыз жауынгерге айналады. Майданда снайперлерді қорғап, олармен арнайы қажеттіліксіз тәуекел етпеуге тырысса да, әртүрлі қиын ұрыстарда да снайперлер жүрді. Және олар барлауға да, шабуылға және қорғанысқа да баруға мәжбүр болды.
Шабуыл кезінде неміс траншеяларына кірген алғашқы батылдардың қатарында Әлия Молдағұлова да болды. Жау әскері өздерінде солдат санының көп болғанына қарамастан, сескене қаша жөнелді. Бірақ, қатты ызаланған Әлия олардың ізіне түседі. 
Сонда тар ордан неміс офицері шыға келіп, Әлияны бас салады. Алайда, Әлия шімірікпестен күші бірдей болмаса да, неміс солдатымен жекпе-жекке түсті. Сонда Әлия айласын тауып, жерде жатқан мылтықты шапшаң көтеріп тұра қалды. Мылтық даусы бір мезгілде шықты. Өкінішке орай, жаудың атқан оғы батыл патриот қыздың кеудесіне тиіп, бірнеше сағаттан кейін Әлия Молдағұлова қайтыс болады. Бірақ оның өлімі де ерлік болды. Әлия ақырғы демі таусылғанша Отан үшін жанкешті ерлік көрсетті. Осылайша, өз қалауымен 18 жасында майданға аттанған батыл қазақ қызы 85-ден 91-ге дейін немістің көзін жойды.
1944 жылы 4 маусымда СССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ал 1965 жылы Ұлы Жеңістің қарсаңында Псков жеріндегі Монаковода Әлия атымен бауырластар зираты ашылды. Бұл жерге Казачихада қаза тапқан 2 мыңнан астам Қызыл Әскер сарбаздары жерленген. Қазір Ақтөбе, Мәскеу, Санкт-Петербург, Тараз қалаларында Алияның есімімен аталатын көшелер аталады. Сондай-ақ, Әлияға арналған әндер, кітаптар да бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет