1. Кіріспе Негізгі бөлім



бет1/10
Дата24.03.2023
өлшемі78,21 Kb.
#75822
түріӨмірбаяны
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Шакарим реферат


Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы.
2.1.1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны.
2.1.2. Шәкәрім және Абай.
2.1.3. Ақын және халық.
2.2. Шәкәрімнің шығармашылығы.
3. Қорытынды

Кіріспе



Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы - өте күрделі құбылыс. Ақын еңбектері, соның ішінде дастандары - өмір мен қоғамның қыр - сырын сала - сала етіп мазмұндық баяндауда да, сол мазмұнға философиялық мән беруде де, мазмұн мен ой бірлігін көркемдік тұрғыда өрнектеуде де көп жүйелі, терең мағыналы туындылар.
Ақын поэмаларындағы әр түрлі көріністерді: заман суреті, келешек барлауы, сыншылдық, романтикалық сарындар, философиялық толғам, лирикалық және эпикалық өрлеу, көркемдік ерекшеліктердің түрлі - түрлі жолдары, түр дамыту мен көркемдіктің бірлігі, үлгі - өнегелік нұсқалар, салттық дәстүр мен жаңа сананың байланысы, тағы басқалар әрқайсысы арнайы сөз етуге, түбегейлі зерттеуге тұратын мәселелер.
Шәкәрім - сөзді орайымен қолдануға айрықша көңіл бөлген ақын. Қарапайым сөзді тосын қырынан қолдану, бейнелі түрде жұмсау, оған астар бере сөйлеу - ақындық шеберлігінің салмақты қыры. Мәселен, «Қалқаман - Мамыр» поэмасындағы Мамырдың ажал алдында тұрған кезінде оның аузына "Екі қан ауыр болар бір өзіңе" деген сөз салса, Кебекті сипаттағанда "Жасы бала болса да жаны отты" деген бір қарағанда қарапайым тіркестерді қолданады. Ал осындағы "екі қан", "отты жан" тіркестері бейнелі образдылыған қоса жаңашылдық мәнге ие болып тұр.
Ақын өз поэмаларында кейіпкерлерінің портретін жасауға ден қоя бермегенін айттық. Шынында Шәкәрім қаһармандары елден ерек сұлу не жұрттан асқан батыр ретінде суреттелмейді. Нақты портреттер де кездеспейді. Әйтсе де оқырманның көз алдына олардың кескін - келбеті айқын көрінерліктей болары анық. Ол заңды да. Ақын қаһармандарының бүкіл портретін, ішкі жан дүниесінің сырларын нақты, нақты тіркестер арқылы мүсіндец жеткізеді. Аз сөзбен көп ой ұқтыру, нені болса түйіп айту - Шәкәрімге тән қасиет. Ол үшін бір - екі бейнелі сөз немесе сәтті эпитеттер қаһарманның ішкі сыртқы портретін сомдауға жетіп жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет