1. Кіріспе. «Қоршаған орта оқыту әдістемесі» ­- педагогикалық ғылым


Пәннің мазмұнына байланысты дүниетанымдық ұғымдар мен көзқарастарды қалыптастыру жолдары. Алғашқы ұғымдардың біртіндеп ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру



бет9/24
Дата27.06.2023
өлшемі222,27 Kb.
#103596
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
Қорш орта. Қосым матер-23

5 Пәннің мазмұнына байланысты дүниетанымдық ұғымдар мен көзқарастарды қалыптастыру жолдары. Алғашқы ұғымдардың біртіндеп ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру.
5.1. Пәннің мазмұнына байланысты дүниетанымдық ұғымдар мен көзқарастарды қалыптастыру жолдары
Кез келген ғылым мен оқу пәні логикалық бірізділікпен дамитын ұғымдар жүйесі. Дүниетану пәні бойынша білім игеру мынандай кезеңдерден тұрады. Білім игерудің бірінші кезеңі жеке табиғат құбылыстарын немесе фактілерді қабылдау болып табылады. Балалардың білім игеру кезіндегі белсенділігі олардың алдына мұндай құбылыс неліктен болады? Оны қалай түсіндіруге болады? Қандай пайдасы бар? - деген нақтылы сұрақтар қою арқылы артады.
Проблемалық жағдай көбіне мұғалімнің табиғаттағы бақылаулары кезінде, тәжірибе немесе практикалық жұмыстар жүзіндегі дұрыс қойылған сұрақтар мен тапсырмалардан тұрады. Мұғалімдер жаңа материалды өткенде табиғаттың бұл құбылысы немесе заты туралы не білетінін міндетті түрде анықтауы керек. Кіші мектеп жасындағылар көпшілік жағдайда құбылыстың тек сыртқы не мәнсіз белгілерін байқайды. Баланың жаңа затты немесе құбылысты көруге, оны бақылауға туа біткен талпынысы қабылдаудың бастапқы негізін құрайды. Оқушыларда обьекті немесе табиғат құбылыстарының сыртқы түрі туралы алғашқы түсінік туады. Түсінік бала санасында көрнекі бейнелер түрінде және олар нақтылы сипатта болады, бірақ бұл түсінік қарапайым, жалпылама түрінде қалыптасады. Мұғалім түсінікті тереңдету және кеңейту үшін оқушылардың алдына сол заттың немесе құбылыстың негізгі қасиеттерін анықтайтын нақты сұрақтар қояды. Мысалы, жапырақтың ағаштан түсу кезінде қандай өзгерістер болады? Жапырақ қандай ағаштардан түседі? Мұғалім жапырақ арқылы оларға тамырдан діңді бойлай жүретін ылғалдың болатынын түсіндіреді. Егер қыста жапырақ түспесе оларға келіп тұрған су аяздан қатып қалады да өсімдік тіршілігін жояды деген сияқты түсініктер береді. Сол сияқты «Неліктен шырша мен қарағай қылқанын тастамайды? Өйткені қылқан арқылы су аз буланады, яғни жапырақты ағаштардың қысқы суықтарға дайындықтары. Міне, осы сияқты сұрақтар төңірегіндегі сұрақ-жауаптан соң мұғалім балаларды заттардың немесе құбылыстардың нақты белгілері мен қасиеттерін ажыратуға, оны бірнеше заттардың немесе құбылыстардың белгілері мен қасиеттерін салыстырып, маңызды ерекшеліктерін анықтауға үйрету керек. К.Д.Ушинский: «салыстыру - кез келген ұғымның және ойлаудың негізі болып табылады» деген.
Түсініктерді қалыптастырудағы маңызды қадам - балалардың заттың ең ерекше белгілерін айыра білуі болып табылады. Айталық, мұғалім заттың бір немесе бірнеше ерекше белгілерін атай отырып, оқушыларға заттың өзін атауды талап етеді. Маңызды белгілер мен қасиеттерді анықтауға байланысты жүйелі жұмыс жүргізу балалардың жеке табиғат обьектілері туралы саналы түсініктерінің қалыптасуына зор мүмкіндік береді.
Жұмыстың келесі кезеңі – балаларда белгілі ұғымдардың қалыптасуы. Оқушыларда айқын және дәл түсініктердің болуы бұл ұғымдарды қалыптастырады.
Ұғымның белгілі бір мазмұны мен көлемі болады. Ұғымның мазмұнына заттың немесе табиғат құбылысының оны басқалардан ажырататын маңызды белгілері кіреді. Ұғымның мазмұнын дәл ашуды анықтама деп атайды. Ұғымға байланысты жұмыс әрқашанда баланың сөздік қорын молайтумен ұштасып отырады. Әр жаңа ұғымға байланысты сөзді әңгімелеу барысында қолдануды міндетті етіп санау бала санасында, сөздік қорында нақты толық орын алуына септігін тигізеді. Сондай-ақ бала санасындағы жаңа ұғым кеңейіп және тереңдеп отыру үшін мұғалім сабақта сол ұғымға бірнеше қайтара соғып, жаңа мазмұнымен байытып, тереңдетіп, кеңейтіп қайталап отыруы қажет. Сонымен біртіндеп сезім мен қабылдаудан түсінікке, түсініктен ұғымға жетелейтін жол - бала санасында болмыстың маңызды, заңды байланыстары мен қатынастарын қоса толық бейнелеуге баратын жол болып табылады.
Ұғымдар - қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын ойша елестете алу. Табиғат туралы ұғымдардың қалыптасуы - жаратылыстанудың аса маңызды міндеті, өйткені адам ойының негізінде әрқашан бейнелер жатыр. Біз «орман» деген сәтте оны қандайда бір түрде көз алдымызға елестетеміз.
Бейнелердің жасалу тәсілдеріне орай ұғымдар есте сақтау және елестету ұғымдары болып бөлінеді. Есте сақтау ұғымдары табиғат обьектілері мен суреттер, бейнелі құралдар арқылы оқыту, көріністерді тікелей бақылау, көру негізінде пайда болады. Көрініс обьектінің немесе құбылыстың сыртқы кейпін қалай дәл берсе, ол туралы ұғым соғұрлым нақты болады. Мұғалім баланың назарын сұрақ қою арқылы зейінде тұрған нәрсенің қайсыбір нақты белгісіне аударған кезде пайымдау немесе ұғымдар пайда болады.
Елестету ұғымдары - бұл обьектіні тікелей бақыламаған сәтте пайда болады. Олардың негізінде ауызша немесе жазбаша сипаттау жатады. Елестету ұғымдары әрқашан шашыраңқы келеді, есте сақтау ұғымдарына қарағанда оқушының обьектіні сипаттауда қабылдау ерекшілігін көбірек көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет