1. Кіріспе. «Қоршаған орта оқыту әдістемесі» ­- педагогикалық ғылым


 Материалдық база. Қоршаған орта пәнін оқыту құралдары және олармен жұмыс істеу әдістемесі



бет22/24
Дата27.06.2023
өлшемі222,27 Kb.
#103596
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Қорш орта. Қосым матер-23

11 Материалдық база. Қоршаған орта пәнін оқыту құралдары және олармен жұмыс істеу әдістемесі
11.1. Материалдық базаның маңызы. Оқыту құралдарына жалпы сипаттама.
Дүниетануды оқыту процесін жоғары деңгейде жүргізу үшін материалдық база маңыздылығы жоғары. Жаратылыстану негіздері бойынша материалдық база 3 негізгі топқа бөлінеді.
-класта сабақ өту үшін қажетті құрал-жабдықтар;
-тірі табиғат бұрышы;
-мектеп маңындағы тәжірибе алаңы, географиялық алаң.
І Бірінші топқа:
1.Оқу жабдықтары. Класта нәтижелі, сапалы сабақ жүргізу үшін көрнекі құралдар қажет. Көрнекі құралдарды үш топқа топтастыруға болады.
1.Табиғи тірі және өлі табиғат обьектілері
2.Иллюстративті (суреттер, кестелер,моделдер т.б.)
3. Қосымша көмекші құралдар (лабораториялық жабдықтар, приборлар)
1.Табиғи көрнекіліктер
Дүниетанудан сабақ беруде табиғи көрнекі құралдың маңыздылығы өте жоғары. Оларды төмендегідей типтерге жіктеуге болады:
1. Табиғаттың өлі обьектілері;
2. Тірі өсімдіктер мен жануарлар;
3. Гербарийлер;
4. Жануарлар және олардың мүшелерінің коллекциялары;
5. Консервленген және фиксацияланған обьектілер;
6. Жануарлар тұлыптары.
Бұл көрнекіліктер түрін екі негізгі топқа топтастыруға болады: көлемді және жазықты. Бірінші түріне -модельдер және муляждар, екінші түріне –түрлі көлемді суреттер, кестелер, схемалар, көркем суреттер карталар. Бұл көрнекіліктерді қолдану танысқалы отырған заттың өзін тікелей көру мүмкін болмаған жағдайда, олардың бейнесін көрсету түрінде пайдаланылады.
3. Қосымша көмекші құралдар
Бұл топқа зертханалық құрал-жабдықтар. Приборлар және құрал-саймандар.
1.Химиялық стакандар, колбалар, пробиркалар, түтіктер, шыны таяқша лар, кристализатор.
2. Резинкалы түтікшелер, қақпақшалар.
3. Пробиркаға арналған штатив, металл штатив, металл тор, пробирка ұстағыш.
4.Қыздырғыш приборлар: спиртшамы, электрліжылытқыш.
5.Өлшегіш приборлар: термометр, таразы, сызғыш, компас, гномон, транспортер.
6.Оптикалық приборлар: микроскоп, лупа.
7.Электр приборлар: Күн жүйесі моделі, теллур.
Техникалық оқу құралдары
Әдістердің бұл тобына оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдалану (магнитофондағы жазбалар, құстардың дауысы), радиохабарлар, экрандық - дыбыс құралдары, телехабарлар, компъютерлік бағдарламалар жатады.
Қазіргі жағдайда компъютер сияқты техникалық құралдарды пайдалануға басты назар аударылуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен игерген көптеген мәліметтерді сапалы игеруге мүмкіндік береді. Себебі, табиғи құбылыстарды толық және нақты қабылдау үшін олардың тура табиғи бейнесін көрсете алу керек. Ол үшін диафильмдер және диапозитивтер, кинофильм және кинофрагменттер, кодоскопқа арналған транспаранттар, видеофильмдер, кинокартиналар даярланады. Бұларды көрсету үшін техникалық жабдықтар кажет; слайдпроектор, кодоскоп, видеомагнитофон, теледидар, киноаппарат. Бұл құралдар арқылы тіршілік, табиғат құбылыстары туралы табиғи түрде нақты көріністер көрсетіле алады. Сабақ арасында мазмұнына сәйкес кірістірілген ертегі не болмаса әңгіме техникалық құралдар арқылы жалғасып жатса өте ұтымды болады. Кез келген табиғат көрінісін, зат бейнесін, түрлі құбылысты бейнелеуге, суреттеуге тақта, түрлі түсті бор көмегі де артық етпейді. Табиғаттың тірі денелерінің және құбылыстардың дыбысын таспадағы үндері арқылы естіргеннің нәтижесі әрине жоғары. Сондықтан қазіргі сабақ үрдісіндегі талап: техникалық құралдармен сабақ өтуді жетілдіру. Интерактивті тақтамен жұмыс істеу бүгінгі күн талабы.
Бала таным арқылы білмеуден білуге көшеді, сол затты немесе құбылысты танығаннан кейін таныс еместерін білуге ұмтылады, ізденеді. Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады. Осылайша таным нақты дүниеге, қоршаған ортадағы бар заттарға негізделсе ғана белгілі мазмұнға ие болады.
Алдымен интеллектуалдық, эмоционалдық, іскерлік жағынан баланы айналадағы дүниемен «табиғатпен, басқа адамдармен, өз-өзімен, т.б.» өзара белсенді әрекеттестік қарым-қатынасқа даярлау мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиешінің негізгі міндеті. Баланың таным деңгейін жоғарлату үшін айнала қоршаған дүниенің бар затын не болмаса кез келген табиғи құбылыс бейнесін көрсете отырып меңгерту үлкен жетістікке жетелейтіні сөзсіз. Ол үшін ең алдымен болашақ маман айнала қоршаған дүниені таныстыруды дәлелді дидактикалық материалдармен түсіндірудің әдістемесі мен қолдан даярлау техникасын меңгеруі шарт. Сондықтан бұл пән мектеп жасына дейінгі бала тәрбиешісінің жетік маман болуы үшін маңызды болып саналады.
Оқыту жүйесінде негізгі деп саналатын принцип - көрнекілік принципі. «Егер балаларға нақты шынайы білім беруге ниеттенсек, онда біз барлығын жеке бақылауымыз бен сезім көрнекілігі арқылы оқытуға ұмтылуымыз керек»,-деген А.Я.Коменскийдің пікірі дәлелдейді. Сондай-ақ, К.Д.Ушинский «....қандай да бір жағдайды қабылдауға сезім мүшелері қанша көп қатысса, ол біздің есімізде сонша берік сақталады»-деген.
Оқытудың көрнекі және техникалық құралдарын қолдану материалды тиімді игеруге жағдай жасайды. Сонымен қоса оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігін арттырады, өмірмен байланыстыру қабілеттерін дамытады, байқағыштыққа тәрбиелейді, оқуға деген қызығушылығын арттырады және білім санада ұзақ сақталып, игеріледі. Дүниетану сабақтарында табиғи көрнекіліктерді пайдалану ежелден үлкен орын алып келген. Атақты педагогтар мен әдіскерлер өздерінің еңбектерінде көрнекі құралдарды пайдаланып, оның ішінде табиғи түрлерін пайдаланып сабақ өтудің тиімді екенін дәлелдеген.
Табиғат элементтерімен танысу сабақтарында мысалы өсімдіктердің табиғи жағдайдағы көрсетілімдері маңызды роль атқарады. Айталық өсімдіктердің түрін, түсін, пішінін, иісін дұрыс сезініп, ол жайында толық мағлұматтар ала алады, оларды басқа түрлермен салыстырып ажырата алу мүмкіндіктері кеңейеді.
Дүниетану сабақтарында табиғи көрнекі құралдар басқа көрнекі құралдардан басым түсуі шарт. Табиғи көрнекілік балаларға тірі обьект жайында нақты шындыққа үйлесімді ұғым береді. Жаңа материалды өткенде табиғаттың бұл құбылысы немесе заты туралы не білетінін міндетті түрде анықтауы керек. Бұл кезде өзі болмаған жағдайда ол заттың немесе құбылыстың суретін көрсеткен жөн. Кіші мектеп жасындағылар көпшілік жағдайда құбылыстың тек сыртқы не мәнсіз белгілерін байқайды. Баланың жаңа затты немесе құбылысты көруге, оны бақылауға туа біткен талпынысы қабылдаудың бастапқы негізін құрайды. Оқушыларда обьекті немесе табиғат құбылыстарының сыртқы түрі туралы алғашқы түсінік туады. Түсінік бала санасында көрнекі бейнелер түрінде және олар нақтылы сипатта болады, бірақ бұл түсінік қарапайым, жалпылама түрінде қалыптасады. Түсінікті тереңдету және кеңейту үшін балаларға алдына сол заттың немесе құбылыстың негізгі қасиеттерін анықтайтын нақты сұрақтар қоя отырып суретке не болмаса бейнесіне назар аударуын талап етеді.
Дүниетануды оқыту процесін жоғары деңгейде жүргізу үшін материалдық база маңыздылығы жоғары.
Қазіргі жағдайда компъютер сияқты техникалық құралдарды пайдалануға басты назар аударылуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен игерген көптеген мәліметтерді сапалы игеруге мүмкіндік береді. Себебі, табиғи құбылыстарды толық және нақты қабылдау үшін олардың тура табиғи бейнесін көрсете алу керек. Ол үшін диафильмдер және диапозитивтер, кинофильм және кинофрагменттер, кодоскопқа арналған транспаранттар, видеофильмдер, кинокартиналар даярланады. Бұларды көрсету үшін техникалық жабдықтар кажет; слайдпроектор, кодоскоп, видеомагнитофон, теледидар, киноаппарат. Бұл құралдар арқылы тіршілік, табиғат құбылыстары туралы табиғи түрде нақты көріністер көрсетіле алады. Сабақ арасында мазмұнына сәйкес кірістірілген ертегі не болмаса әңгіме техникалық құралдар арқылы жалғасып жатса өте ұтымды болады. Кез келген табиғат көрінісін, зат бейнесін, түрлі құбылысты бейнелеуге, суреттеуге тақта, түрлі түсті бор көмегі де артық етпейді. Табиғаттың тірі денелерінің және құбылыстардың дыбысын таспадағы үндері арқылы естіргеннің нәтижесі әрине жоғары. Сондықтан қазіргі сабақ үрдісіндегі талап: техникалық құралдармен сабақ өтуді жетілдіру. Интерактивті тақтамен жұмыс істеу бүгінгі күн талабы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет