1. Кіріспе. «Қоршаған орта оқыту әдістемесі» ­- педагогикалық ғылым


 Тірі табиғат бұрышында, оқу-тәжірибе үлескесінде және географиялық алаңда оқушылардың әрекетін ұйымдастыру



бет21/24
Дата27.06.2023
өлшемі222,27 Kb.
#103596
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Қорш орта. Қосым матер-23

10 Тірі табиғат бұрышында, оқу-тәжірибе үлескесінде және географиялық алаңда оқушылардың әрекетін ұйымдастыру
10.1. Тірі табиғат бұрышында оқушылардың әрекетін ұйымдастыру
Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыра отырып мұғалім оқушылардың білімін толықтырады, тереңдете, сондай-ақ практикалық машық пен дағды қалыптастырады. Ол жоғары класта оқығанда қажеттілігіне жарайды, ары қарай дамиды.
Тірі табиғат мүйісін ұйымдастыру үлкен материалдық тұрғыда қаражатқа байланысты. Жетіспеген жағдайда класс кабинетінде бөлме өсімдіктерінің түрлерін көбейту, аквариум, шағын террариум, құстар мен сүтқоректілердің ыңғайлы түрлерін ұстауға болады.
Класс кабинетінде аквариум, шағын террариум орналастыруға болады. Аквариумде тұрғылықты және аквариум балықтарының өкілдерін, су өсімдіктерінің түрлерін, моллюскалар ұстауға мүмкіндік бар. Шыны арқылы су ішіндегі тіршілік әлемімен танысу барысында кез келген ортада табиғат элементтері бір-бірімен тығыз байланысты екенін біледі. Балықтардың, былқылдақденелілердің қозғалысымен танысады. Террариумде қосмекенділер түрлерін, бауырымен жорғалаушылардың мінез-құлықтарын, қоректену, бейімделу ерекшеліктерін танып біледі, жыл мезгіліне орай өзгерістерін бақылайды. Аквариумдегі суды уақтылы ауыстырып тұру, балықтарды қоректендіру, қоректердің түрлерін таңдай білу, судың температурасын бақылау, өсімдіктердің, балықтардың жағдайын бақылап тұру сияқты жұмыстарды орындай отырып сауаттанады. Ауруға шалдыққанын дер кезінде байқап, емдік тәсілдерді қолдану сияқты жұмыстарды меңгереді. Аквариумде валлиснерия, бақа оты, су мүгі, қауырсын жапырақ, бұйра шылаң, мүйіз жапырақ, балық от, элодея сияқты су өсімдіктерінің түрлерімен, оларды өсіруді үйренеді. Балықтар түрі голец, табан балық, тұқы балық, қара балық, ақ қайран, уклейке және аквариум балықтарынан тіршілік жағдайын көп талғамайтындары барбустар, гуппалар, семсершілер, алтын балықтың түрлі тұқымдары-кометалар, шілте құйрықтар, телескоптар т.б.
Оқушылар аквариумды күткенде суды уақтылы ауыстырып, ол үшін су құбырының тұнған суын немесе жаңбыр суын пайдалануы; өсімдіктерді жиі-жиі сиретіп балыққа орынды көбірек қалдыруы; аквариумнен жемнің қалдығын және балықтардың зәрін тазартып отыруы; балықтарға белгілі уақытта дәл белгіленген мөлшерде жем беруі; судың температурасының күрт өзгеруіне жол бермей, оны қадағалап отыруы; өсімдіктердің күйін және балықтардың мінез-құлқын бақылап отыру керек (зауқының жоқтығы, селсоқтық, су бетінен ауаны қалтырап жұтуы аквариумдегі жағдайдың жағымсыз немесе балықтың ауру екенін көрсетеді т.с.с.). Аквариумдегі балықтар тіршілігін: шабақтардың бірте-бірте дамуын, температура мен коректенудің балықтардың өсуі мен дамуына әсерін, коректенуге байланысты шартты рефлекстің тууын (аквариумді ыдыспен тықылдату, шам жағу) және балықтардың ауа райын болжауын т.б. бақылауды ұйымдастаруға үлкен мүмкіндік береді.
Тірі табиғат мүйісі террариумында әр түрлі хайуанаттар: бақа, шөл, көл, бөген бақасы, жалды тритон, кәдімгі су жылан, дала тасбақасы, сергек және тірі туатын кесіретке ұстауға болады.
Қосмекенділер үшін террариумде шалшық және күн сәулесінен жасырынатын пана болуы керек. Бауырымен жорғалаушыларға террариум шалшықсыз жарай береді. Тритонға су ортасында аз уақыт тыныстайтын алаңы бар шағын аквариум болғаны дұрыс.
Егер тірі табиғат бұрышы жеке бөлмеде орналасса, ондай жағдайда құстар ұстауға болады. Бәрінен де шымшықтар, қараторғайлар, қызылбауыр шымшықтар, пайыз торғайлар жақсы көндігеді.
Тірі табиғат бұрышындағы әр тірі организмге жекелей талаптар орындалу керек. Ол талаптар арнайы кітаптарда жазылады, ең алдымен олармен мұқият танысып алу қажет.
Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру шарасын мектептегі биолог мұғалімдерімен бірлесе немесе кеңестер сұрап ұйымдастыруға болады.
Тірі табиғат мүйісін ұйымдастыру үлкен материалдық тұрғыда қаражатқа байланысты. Жетіспеген жағдайда класс кабинетінде бөлме өсімдіктерінің түрлерін көбейту, аквариум, шағын террариум, құстар мен сүтқоректілердің ыңғайлы түрлерін ұстауға болады.
Тірі табиғат бұрышын жасауға арнайы ауқымды орын болмаған жағдайда бөлме өсімдіктерін, жер шарының әр бұрышындағы өсімдіктер түрлерін өсіріп, оқушыларды сол өсімдіктердің ерекшеліктерімен, күту, оларды бақылау сияқты жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Онда әр өсімдікте этикетка іліну керек, мұнда өсімдіктің аты, отаны, отырғызылған уақыты жазылады. Әр өсімдіктің жарыққа, ылғалға, температураға байланыстылығын, гүлдеу мерзімдерін бақылайды. Мұғалімнің жетекшілігімен қарапайым тәжірибе жүргізеді, нәтижесінде өсімдіктерді ғылыми түрде танып білу, зерттеу шарттары орындалады. Бұл білімдерін күнделікті тұрмыста да қолданады.
Географиялық алаң құрылымы, ұйымдастырылу технологиясы. Бастауыш класта дүниетану сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін географиялық алаңның да өзіндік ролі жоғары. Географиялық алаңда географиялық ұғымдарды кеңейту, түрлі аспаптарда жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында яғни практикалық сабақтар ұйымдастырылады.
Географиялық алаң шамамен 10х10 көлемді алатын алаң. Оны биіктігі 1 м-ге баратын қашамен қоршайды, қашаның бір бөлігін түрлі түске (мысалға, ақ пен қара) кезектестіріп бояйды да, өлшеуіш қаша ретінде пайдаланылады. Алаңға арналған орынды мүмкіндігінше ашықтау жерден таңдайды. Оның дәл ортасында тіктегіші бар, биіктігі 1 м вертикаль таяқ (гномон) орнатады. Оның көмегімен күннің түсу уақытын, көкжиек бағытын анықтайды. Талтүстегі сызықтың көрсетуін пайдалана отырып, алаңда көкжиектің негізгі және аралық тұстарын көрсететін жолдар төсеуге болады.
Ауа райын бақылау үшін метрологиялық дүңгіршек (будка) орнатып, оның ішіне термометр қояды.
Желдің бағытын анықтау үшін биіктігі 10 м бағанаға флюгер орнатады (алаң ашық жерде орналаспаса, флюгер мектеп шатырына бекітіледі).
Географиялық алаңда өлшем учаскесі бөлініп, онда деци- метрлерге бөлінген текше метр орнатылады. Қар жамылғысының қалыңдығын анықтау үшін ұзындығы 1,5-2 м, ені 8-10 см қар өлшейтін рейка қолданылады. Рейканың бет жағы ақ түске боялады да, 1 см сайын бөлінеді.
Географиялық алаңда жүргізілетін жеке немесе топқа арналған тапсырмалар. Оқушылар жылдың жылы мезгілінде географиялық алаңда құмнан рельеф формаларын мүсіндеу, жасанды көлшікте аралдар мен түбектердің, өзеннің түйетайлы және жарқабақты жағалары- ның үлгілерін жасау, өзеннің жасанды схемасында бастауын, арнасын, сағасын және тарамдарын көрсету жөнінде әр түрлі тапсырмалар орындай алады.
Бастауыш класс оқушылары географиялық алаңда бақылау жүргізген кезде мұғалімнің басшылығымен қарапайым құрал- дармен (термометр, флюгермен) жұмыс істеу дағдысын қалып- тастырулары, күннің көкжиектен биіктігін анықтау үшін тал түсте сызықты өлшеуді үйренулері (гномонмен); табиғат құбылыстарын (бұлттылық, жаңбыр, қар, қырау, тұман т.б.) бақылауға және түсіндіруге үйренулері, бірнеше жылғы деректерді талдай білулері, өз жерлеріндегі ауа райының ерекшеліктерін қорытып және тани білулері; жақын маңдағы заттарға дейінгі қашықтықты көзбен өлшей алулары; көкжиектің негізгі және аралық тұстары бойынша еркін бағдарлай білу біліктігі қалыптасады. Жел бағытын, ауа температурасын, жауын-шашын көлемін анықтайтын құралдармен жұмыс жасай білуге машықтанады.
Бұлардан басқа жайдақ және тік баурайлы, төбесі айқын көрінетін үйілген төбе моделін; басталатын жері, сағасы, салалары жақсы көрінетін жылғалары мен жасанды су қоймаларын жасауға орын бөліну керек.
Географиялық алаңда жұмыстың нәтижелі болуы мұғалім тарапынан тікелей қадағалауынан туындайды.
Географиялық алаңда жүргізілетін бақылаулардың негізгі мақсаты-оқушылар бастауыш класта зерттейтін табиғат құбылыс-тарының өзара байланыстары мен заңдылықтарын анықтау болып табылады. Сонымен бірге, географиялық аспаптар мен құралдарда жұмыс істей алу сауыттылығын қалыптастыру.
Оқу-тәжірибе үлескесін ұйымдастыру. Әрбір мектептің маңында арнайы жер бөлініп, онда оқу-тәжірибе үлескесі ұйымдастырылады. Онда бастауыш кластарға арналған мөлтектер бөлініп беріледі. Әрбір класс өз мөлтегінде жұмыс істейді.
Оқу-тәжірибе үлескесі алдын ала мынандай бөлімдерге бөлінеді: дала өсімдіктер бөлімі, көкеніс өсімдіктер бөлімі, жеміс-жидектер бөлімі, әсемдік өсімдіктер бөлімі және жануарлар бөлімі.
Дала өсімдіктері бөлімінің өзі 2 бөлімге коллекциялық және тәжірибелік деп бөліну керек. Коллекциялық бөлікке белгілі ретпен мәдени өсімдіктердің түрлері егіледі. Айталық; 1-бөлікке астық тұқымдастары (арпа, сұлы, бидай, тары, жүгері, күріш), екінші бөлікке бұршақ тұқымдастары (ас бұршақ, үрме бұршақ, жасымық, соя, жоңышқа, беде), 3-бөлікке тоқыма өнеркәсібіне пайдаланатын өсімдіктері (кендір, кенеп, қалақай), 4-бөлікке майлы өсімдіктер (күнбағыс, жержаңғақ, мақсары), 5-бөлікке түйнекті өсімдіктер түрлері (картоп, шалқан, сәбіз, қызылша, орамжапырақ), 6-бөлікке дәрілік өсімдіктер (жалбыз, шайқурай, валериана, тмин) егіліп, өсіріледі.
Коллекция бөлімінің жалғасы тәжірибе бөлімен ұштасады. Мұнда жерсіндіру жұмыстары, вегетативті көбету тәсілдері және түрлі агротехникалық шаралар ұйымдастырылады.
Мектеп маңындағы оқу-тәжірибе үлескесі білім мен тәрбие беруде үлкен маңызға ие. Тәжірибе алаңындағы жұмыстар оқушылар бойында практикалық дағдылар мен машықтар қалып- тасуға, еңбекке баулуға үлкен септігін тигізеді. Тәжірибе алаңында күзгі және көктемгі топырақты өңдеу, арамшөптермен, зиянды бунақденелілермен күрес жолдарын, тұқымдарды себу тәсілдерін, өсімдіктерді көбету жолдарын, олардың өнуін, өсуін бақылау, күтіп баптау жолдарын үйренеді.
Оқу-тәжірибе үлескесінде жұмыс істеу үшін соған сәйкес құрал-жабдықтар болу керек: күрек 20 дана (жалпы ұзындығы сабымен есептегенде 85-95 см, сабының жуандығы - 3см, ) тісті темір тырма – 10 дана, тісті ағаш тырма 1-2 дана, шаршылы ұялап егуде және көшет отырғызуды белгілеуге арналған маркер қажет. Сондай-ақ, көшеттерді отырғызу үшін 5-6 дана қалақ, топырақтың қабатын қопсыту үшін кетпен, өсімдіктерді суғару үшін су құйғыштар керек. Сонымен бірге жоспарлау жұмысы кезінде үлескенің эстетикалық, көркемдік жағына аса көңіл бөліну керек.
Бұл үлескеде ағаштар егу, санитарлық жұмыстар, ағаштарда құстарға арнап ұя, тамақтандыру торын орнату жұмыстарын ұйымдастыруға болады. Бұл үлкен тәрбиелік жұмыс, сондай-ақ құстарды мектеп ауласына шақыру, олардың тіршілігін бақылауға қиындық тудырмайды. Үлкен жауапкершілік, табиғатқа деген сүйіспеншілік, эстетикалық тәрбие қалыптасады. Мектеп маңын-дағы бұл алаң көктемде және күзде экскурсия ұйымдастыруға таптырмас табиғи орын болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет