1. Кіріспе. «Қоршаған орта оқыту әдістемесі» ­- педагогикалық ғылым


Шағын жинақталған мектептерде оқыту ерекшеліктері



бет23/24
Дата27.06.2023
өлшемі222,27 Kb.
#103596
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Қорш орта. Қосым матер-23

12 Шағын жинақталған мектептерде оқыту ерекшеліктері
12.1. Шағын жинақталған мектептердегі өзекті мәселелер
Кіші комплектілі мектепте мұғалім сабақты екі немесе үш класта қатарынан жүргізеді. Бір сабақтың барысында балалардың мұғаліммен және өз бетінше істейтін жұмыстары біренше рет алмасып отырады; бір кластың оқушылары тікелей мұғалімнің басшылығымен жұмыс істегенде, басқа кластардың оқушылары өз бетінше жұмыстармен айналысады. Бірнеше класпен жұмысты тиімді өткізу үшін оқу сабақтары кестенің дұрыс жасалуының мәні зор. Жұмыс тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ең дұрысы барлық класқа бір мезгілде бір пәннің жүруі. Ол барлық класс үшін ортақ жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндіктің болуында.
Пәнді оқыту тиімді болу үшін алдын ала жоспарлаудың мәні зор. Ол жоспар әр класқа жеке жасалмай ұқсас тақырыптарды таңдау арқылы, оқу формасының біркелкілігін сақтай отырып, бір сабақта үйлесімді түрде жасалу керек. Мұғалім қандай материалды өтуге қанша уақыт керек болатынын және сабақтың қай кезеңінде әр кластың оқушыларымен тікелей сабақ өткізетін уақытын белгілейді. Әр класс үшін өзіндік тапсырмалардың мазмұны мен сипатын және оны уақтылы тексеру формасын таңдайды. Тұтас бір кластағы өзіндік жұмыс пен мұғалімнің басшылығымен істелінетін жұмыстың алмасып отыру тәртібін мұғалім барлық класқа назарын аударып отыра алатындай етіп жоспарлайды. Тапсырма түрлері күніге өзгеріп, оқушыларды қызықтыратындай, өздігінен істейтін жұмыстың тартымдылығын арттыратындай мазмұнға ие болуға тиіс. Кейде өзіндік жұмыстардың түрі бүкіл үш не екі класқа ортақ болуы да мүмкін. Мысалы, күнделікті бақылау нәтижелерін қорыту барысында барлық оқушылар қатыса алады. Бірақ әр кластың оқушыларының бақылау көлемі мен мазмұны әр түрлі болады да оны келесі кластың оқушылары тереңдетіп, толықтыратындай бағыт беріледі.
Кіші комплектілі мектепте ерекше көңіл белетін мәселе ол бастауыш класс оқушыларының физиологиялық тұрғыда зейіндері тұрақсыз болғандықтан, сабақ үстінде бірі-біріне алаңдап, кейбір өздеріне керексіз мәселелерге көңіл бөліп,уақытын ұттырып алатынын естен шығармаған жөн. Жас балалардың зейінін баурап және ұзақ уақыт осы қалыпта ұстап тұру өте қиынға түсетін мәселе. Әсіресе, дауыстап оқу кезінде тақырыптың мазмұнына барлық сынып оқушыларының көңілі ауып кетуі мүмкін. Сондықтан шағын комплектілі кластарда көбіне іштен оқу, сол бойынша түсінігін айтқызу басым болады.
Уақытты дұрыс бөлу үшін, балалардың дайындық деңгейін және олардың өзбетімен жұмыс жасай білуін, жаңа материалдың қиындық деңгейін, оның әр класс үшін дидактикалық мақсатын ескеріп отыру қажет. Мұғалім жаңа материал меңгеретін класқа көп көңіл, көбірек уақытын бөлу керек. Сондай-ақ өзбетімен жұмыс істеу қабілеттері әлі аздау төменгі класс оқушыларына баса назар аударған жөн. Мұғалімнің бір кластан екінші класқа ауысу кезі айқын белгілену қажет.
Кіші комплектілі мектептегі бірнеше класпен өтетін біртұтас бір сабақтың өзі ішкі құрылысы жағынан бірнеше бөліктерден тұрады. Сабаққа дайындалар кезінде мұғалім сабақтың мән мақсатын ғана ойлап қоймай оны терең зерттеп, оның білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарына негізделген логикалық жүйесімен әдістемелік мақсаттылығын сақтайтын ерекшеліктерін, қасиеттерін ойластыруы қажет.
Кіші комплектілі бастауыш кластарда оқу-тәрбие жұмысын бақылау кездерінде байқалатын жағдай, әр түрлі пәндердің қатар оқылатындығы. Бұл оқушыларда өте көп алаңдаушылық тудыратын болғандықтан және әр пәннің мазмұны бір мезгілде бала санасында үлкен түсініксіздік тудыратындықтан, көптеген зерттеулер нәтижелерінің арқасында мұндай мектептердегі бастауыш кластарда «бір пәнділікпен оқыту» мәселесін шешу тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет