1. кіріспе вектор және векторлық шамалар



бет1/6
Дата15.11.2023
өлшемі151,55 Kb.
#123205
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Векторлар және оларға қолданылатын операциялар Толеген Ұлжан


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл -Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті




Факультеті: «Физика техникалық »
Кафедрасы: «Қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасы »

СӨЖ

Тақырыбы : Векторлар және оларға қолданылатын операциялар


Орындаған : Төлеген Ұ.Н ФиАс 1 крус
Тексерген: Тұрмұхамбетов А.Ж

Алматы 2022
МАЗМҰНЫ
1.КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………….…1 2. ВЕКТОР ЖӘНЕ ВЕКТОРЛЫҚ ШАМАЛАР………………………………………….2
2.1. Еркін,сырғанақ және тұрақты векторлар ………………………………………3
2.2. Вектордың проекциялары, координаталары ……………………………………4
3 ВЕКТОРЛАРҒА СЫЗЫҚТЫҚ АМАЛДАР ҚОЛДАНУ………………………………8
4.ВЕКТОР ТУЫНДЫСЫ…………..……………………………………………………..10
5. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………11

КІРІСПЕ
Физикада кездесетін кейбір шамалар тек сан мәнімен, яғни абсалют шамасымен ғана анықталады.Мысалы: уақыт , масса, температура, және т.б.Бұл шамаларды скаляр шамалар деп атайды. Ал кейбір шамалар сан мәнімен ғана емес, сонымен қатар бағытымен де анықталады. Мәселен : жылдамдық , үдеу, күш, импульс .Бұл векторлық шамалар деп аталады.
Векторлар техника ғылымдарының қауырт дамуына байланысты 18 ғасырда бастау алып, 19 ғасырдың жартысында есептеудің талапқа сай жаңа түрін іздестіру барысында дүниеге келді. Векторлық есептеулердің жасы жас болғанымен бастау кезі сонау ерте заман данышпаны Аристотельдің «Механикалық проблемалар» атты еңбегінде кездеседі. Аристотель бұл еңбегінде бір нүктеге түсірілген және өзара бұрыш жасай бағытталған екі күштің әсерінен жүрген жолын табуды екінші мәселе етіп қойды.18 ғасырда Аристотельдің қозғалыстар параллелограммы қайтадан жандана түсті.Галилео Галилей күш және оның денені қозғайтын құраушысының арасындағы метрикалық байланысты зерттеді. Оның еңбектеріне ,қарап Галилейдің тең әсерлі күш, қорытқы жылдамдық ұғымдарына өте жақын, қапталдас келгенін көруге болады.Ағылшын математигі , әрі физигі Исак Ньютон қозғаласытарды жасауға алғаш рет параллелограмм ережесін пайдаланады.Неміс математигі Готфрид Вильгелм Лейбниц геометриялық есептеудің идеясын берді, бірақ дамытпады. Механикадағы векторлық алгебраның негізін салушы Джон Валлис механикадағы геометриялық аппарат жасауға жаңа қадам жасады.Ол екі үш күштің әсерлі және қорытқы жылдамдығын анықтауға қолданылатын параллелограмм ережесін берді.Күштерді, жылдамдықтарды қосу, жіктеу, векторларды санға көбейту амалдарын алғаш рет берген де осы адам.Сонымен векторлық алгебраның негізін қалаған оқымысты-Джон Валлис. Механиканы вектор негізінде құрудың жалпы схемасын жасап шыққан Сен-Венан еді. Ол 1845 жылы жариялаған еңбегінде ( О геометрических суммах и разностях их применнения для упрощения механики) скаляр көбейтінді , векторлық көбейтінді, векторлық функцияны дифференциялау, интегралдау ережелерін береді. Сен-Венан векторлық есептеулер саласына қомақты үлес қосты, механикада қолданылатын векторлық аппараты жетілдіруде жемісті еңбек етті. 1844 жылы У.Гамильтон векторлық есептеулерге арналған алғашқы мақалалары Г.Грасманның * Учение о претяженности * атты көлемді еңбегі жарияланды.1853 жылы Гамильтонның *Лекции о кватерлонах* атты енбегі жарық көрді. Бұлардың әрқайсысы есептеудің жаңа әрі әмбебап түрін жасады , векторлық есептеулерге көп енбек сіңірді. Вектор ұғымын 1846 жылы ғылымға енгізген Гамильтон болды. Д.Валлис, Л.Карно, Сен-Венан- бұлар векторлық алгебра және векторлық анализдің ұғымдарын ғылымға енгізді. Олар механикага қажетті геометриялық аппарат жасау жолында жемісті еңбек етті.Бірақ векторлық есептеулердің негізін салушылар Ирландия математигі, астрономы Уильям Гамильтон және неміс физигі , математигі Герман Грассман деп айтылып жүр

1


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет