2. Кітапханалық қызмет көрсетуде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану әдістері
Бүгінгі кітапханашы – менеджер, ол – бағдарламашы, ол – психолог, бірнеше саланы меңгерген, дәлірек айтқанда, кітапхана ісінің дамуын алға жылжытатын, қызмет көрсетудің әдіс-тәсілін қалыптастыратын білікті маман болуы шарт. Қоғамда кітапханашы беделі жоғарылап, мәртебелі мамандық ретінде таныла бастады. Кітапхана саласында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары, кітапхана қорларын сақтау – бүгінгі күннің белгісі.
Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету мен кітапхана қызметтерін жарнамалауда Интернет пен вебсайттарды қолданудың маңызы ерекше болып отыр. Қазіргі таңда Веб 2.0 технология үлкен танымалдылыққа ие, осы технологиямен дайындалынған порталдар мен сайттар білім беру үдерісі субъектілерінің өзара әрекеттестігі үшін үлкен интерактивті мүмкіндіктерді ұсынады. Осы технологияға Moodle (www.moodle.org), Atutor (http://www.atutor.ca), Dokeos (http://www.dokeos.com), OpenUSS (http://www.openuss.org), Sakai (http://sakaiproject.org), ILIAS (http://www.ilias.de/index.html) секілді және т.б. танымал CMS-терді жатқызуға болады. .
Қазіргі кітапхананың басты міндеті өз оқырмандарына жаңа электронды қызмет түрлерін ұсыну. Осы жұмыстың аясында «Құжаттарды электронды түрде жеткізу», «Кітап мерзімін онлайн режимінде ұзарту», сондай-ақ «Кітапханашыға сұрақ», «Виртуалды анықтама қызметі» бойынша қашықтықтан онлайндық анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету жүзеге асырылады.
Ал, электронды каталог ақпарат іздеудегі басты құрал болып табылады. Электронды каталогты қолдану кітапхана оқырмандарына қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтеді. Сонымен қатар электронды каталогты пайдалану арқылы кітаптар, мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі электронды басылымдарды жылдам тауып, табылған әдебиеттер тізімін басып шығаруға болады: - электронды каталог (ЭК) дәстүрлі карточкалы каталогпен қатар жүргізіледі және кітапхананың анықтама-іздестіру аппаратының құрамдас бөлігі болып табылады; - электронды каталог кітапхана қорларының ғылыми және толық мазмұнын ашады.
Кітапханаларда электрондық ресурстардың дамуы оқырмандардың кітапхана сайты арқылы толық көлемді ақпараттық ресурсқа қол жеткізуінен көрінеді. Соның нәтижесінде оқырман кітапханаларда отырып немесе қашықтықтан тиісті ақпаратқа қол жеткізе алады. Электрондық ресурстар отандық кітапханаға 1990 жылдың ортасында кең көлемде енді. Көрсетілген мерзімде CD-ROM-дағы басылым факультативті рөл атқарды. Электрондық ресурстардың артықшылығы біліне бастаған кезде ғана компакт-дискілер, мультимедиялық объектілер ақпарат іздеуде, мәліметтер сақтаудың ықшамдылығында керек екендігі айқындалды.
Электрондық қорды ұйымдастыруда кітапхананың экономикалық және техникалық мүмкіншіліктерін есепке алу қажет. Сондай-ақ электрондық ақпарат ресурстарының локальді (CD-ROM, DVD-ROM) немесе компьютерлік жүйелеріндегі (мәліметтер базасы, веб-сайт, телеконференция материалдары) ақпараттарына назар аудару керек. Сондықтан локальді және алыс жердегі электрондық ресурстарды толықтыруда және есепке алуда әртүрлі амалдар қолданылады. Кітапханаларда құжаттар дәстүрлі (қағаз жүзінде) және дәстүрлі емес түрде таратылады. Оның дәстүрлі емес элементтері анықтама және оқыту материалдарын қамтитын (CD-ROM) оптикалық дискілердегі мәліметтер қоры мен кітап, журналдарға қосымша ретінде берілетін, Интернеттегі кітапхана тұтынушылары үшін өзекті мәліметтер қоры болып табылады. Кітапхана қоры кез-келген кітапхананың негізі десек, олар кітапхананы қоғамның пайдалануы үшін құрастырылып, каталогтар, картотекалар жүйесінің көмегімен жан-жақты зерттеліп, анықталады. Қазақстан кітапханаларының ақпарттық ресурстары оған түскен әтүрлі дәстүрлі және дәстүрлі емес құжаттармен, сондай-ақ кітапханаларда баспа және электрондық түрде құрылған өзінің ақпараттық ресурстарымен толықтырылады. Қордағы электрондық басылымдардың артықшылығы: кітапханадағы бөлмелерді, орналастыру орындарын үнемдеу, кітап қорын толықтыруға қаржыны үнемдеу, кітаппен қамсыздандыру және қордың жаңаруы бойынша көрсеткіштер мен кітапхана пайдаланушылары санының өсуі және т.б.
Кітапхана өздерінің даму көрсеткіштерін электрондық ресурстарының мүмкіншіліктерімен бағалауға көше бастады. Қоғамға өз қызметтерін жарнамалау үшін кітапхана имиджін қалыптастыруда, оның сайтында, басқа да мақсаттарда ең алдымен кітапхана қорының байлығымен қатар электрондық ресурстар міндетті түрде аталады. Мұның себебі, электрондық ресурс - барлық сұраныстың жедел және сапалы орындалуының кепілі саналуында, оқырмандар үшін ыңғайлылығы мен ұтымдылығында. Заман ағымына сай кітапхана қызметін пайдаланушылардың интеллектуалды деңгейі мен сұраныстары өте жоғары, мазмұны да өзгерген. Библиографиялық қызмет көрсету қызметінің аясында «библиографиялық ақпарат – пайдаланушы» жүйесі жұмыс жасайды. Оның мақсаты – библиографиялық ақпаратты оқырманға тиімді жолмен жеткізу болып табылады. Әлемдік инфрақұрылымды техникалық жаңалық гипермәтіннің жасалуы өзгертті. Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Webпарақтарының бір ортақ қасиеті – олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web-парақтарды жасау бағдарламалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым бағдарламалау тілі емес. HTML – гипермәтіндік белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынтығын анықтайды. Гипермәтін – өзара байланыс жасайтын кез келген жерге орналасқан құжаттардың арасындағы байланыс. Гипермәтін немесе гипермәтіндік құжат басқа ресурстарға сілтеме бола алады, таңдалған жүйелілік ізімен мәтін элементін қолдана отырып, басқа құжатқа өте алады.
Бүгінгі таңда Интернет әлемдік желілік құрылымына қолданушылардың белсенді қосылуы жүріп жатыр. Уақыт кітапхананың өз ауқымында және қорларын мың есе арттыратын толықмәтіндік (гипермәтіндік) базаларға қол жеткізуді ұйымдастыру қажеттілігіне мәжбүрлеп отыр. Гипермәтін мен гипермедианың мүмкіндіктері электрондық ресурстар жасауда тиімді пайдаланылған. Кітапхана саласында интернет желісінің электрондық пошта, телеконференция, жіберу тізімдері (Mailing lists), электрондық оқулықтар, электрондық кітапханалар, WWW де ақпарат іздеу сияқты мүмкіндіктері кең қолданылып жүр. Электрондық пошта көмегімен берілген кез-келген қашықтықтағы адреске ақпараттың барлық түрлерін жіберуге болады. Әлемдік гипермәтіндік орта (WWW) көмегімен білім беру ұйымдары өз қызметтері жайлы ақпараттарды және жариялау, WEB-беттер құру арқылы практикалық, ғылыми, әлеуметтік потенциалдарын жариялау мүмкіндіктеріне ие болады.
WEB-беттер көмегімен қажетті ақпаратты іздестіруді жүргізуге болады. WEB-технологиялар Интернет желісінің кез-келген ресурстарына жеңіл қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Интернет, телекоммуникациялық желілер медиатека абоненттеріне әлемдік ақпарат ресурстарына қол жеткізуге, электрондық жәшіктер – елдегі және шетелдегі құрбыларымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндіктерін береді. Осындай медиатека жұмыс тәжірибесі көптеген елдерде бар. Халықтың көп бөлігіне ақпаратты жеткізу үшін кітапхана салаларын жаңғырту кезеңінде өңірлік, ұлттық кітапханалардың толық мәтіндік және электрондық библиографиялық ресурстарын бірыңғай жүйеге біріктіру қажет. Бұл еліміздің ауылдық, шалғай жерлерінің тұрғындары үшін ақпараттарға қолжеткізуге неғұрлым кең мүмкіндіктер береді. Кітапханалық жұмысты жетілдіру, бүгінгі күннің талабына сай тақырыптық электрондық базалар құру оқырман сұранысына қызмет етеді.
Заманауи жағдайда кітапханалар жаңа сапада қызмет жасау – медиаорталықтарға айналуы қажет. Кітапханалар жинақтау, сақтау мен дәстүрлі, дәстүрлі емес баспаларды ұсынушы ретіндегі міндеттерінен жаңа ақпараттарды құрушы (дайджесттен, газеттер, журналдар, аудио, бейнебағдарламалар, веб-парақшалар, сайттар т.б.), яғни кітапхана-медиатекалар орталығына айналды. Нәтижесінде қор құрамы өзгереді, оған аудиовизуалдыжәне электрондық құжаттар, сонын ішінде электрондық оқулықтар, компакт-дискілер кіреді. Қазіргі кезде заман талабына сай кітапхана ресурстарын пайдалану және білім беру процесінде оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін кітапхана кеңістігін ұлғайту аса қажет. Кітапханының бүгінгі уақытта жасалған ақпараттық, мәдени және білім беру мекемелері ретіндегі инновациялық даму мүмкіндіктері әлі де толық пайдаланылмай отыр. Заманауи мультимедиялық оқу орталықтары мен медиатеканы міндетті трансформациялаумен оның перспективалары бітпейді. ХХІ ғасырда кітапхана саласын дамыту тек республика ішінде ғана емес, халықаралық кітапханалармен байланыс орнату, пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсету, жаңа технология, бағдарламаларды енгізу, кітапхана қорын насихаттау, кітапхана қорын пайдалану мүмкіндігін кеңейту, ақпараттық ресурстарды құру мен сақтау – бұл жаңа бағытта жұмыс істеуді талап етеді.
Кітапханалар wap-онлайн каталогтарына, wap-деректер базасына, wap-энциклопедияларға, виртуалды анықтама қызметіне кітапхананың wap-сайты арқылы және wap-чат немесе sms көмегімен қол жеткізуді енгізу басты міндет. Бүгінгі күннің өзінде электрондық кітаптар баспа кітаптардың шрифтін, көркемделуін және стильдерін көшіріп алуына байланысты электрондық және баспадан шыққан кітаптармен қатар қызмет ете алады. Бұл оқырман қызығушылығын кітаптың екі түріне де еш төмендетпейді. FlippingBook Publisher бағдарламасында толық мәтінді құжаттарды құру. Бірегей интерфейс, қолайлы навигация, ePad, Fb2, PDF, Exe форматтарында қолайлы етіп жасалған мәтіндер электрондық кітапхананы қолдануға мүмкіндік береді. FlippingBook Publisher – PDF форматындағы файлдар беттерін парақтап оқып отырғандай шынайы әсер қалдыратын, электрондық құжаттар, журналдар мен газеттер, қорлар мен көрсетілетін қызметтердің каталогтарын, буклеттер, тұсау кесерлер жасауға арналған бағдарлама. Электрондық басылымдарды онлайн түрде көру үшін сайтқа орналастыруға немесе CD және басқа ақпарат тасымалдағыштарға көшіруге болады. Кітаптардың кез-келген мобильдік құрылғылар (IPhone, IPad, Android құрылғылары) арқылы қарапайым және заманауи қалпында көруге болады. Bluetooth, WAP, GPRS секілді байланыс түрлері ұялы телефондар көмегімен Интернеттің ақпараттық және қызмет көрсету ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Әлемдік кітапханалар сияқты қазақстандық кітапханалар да электронды-цифрлық ақпараттық қызмет ұсыну мүмкіндігіне ие. Жеке анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету қызметінің өзінде электронды іздеу аппараттарының қатары толық мәтінді дерекқорлармен толыққан.
Достарыңызбен бөлісу: |