1. Кітапхана ресурстарының негізгі анықтамасы



бет3/4
Дата31.12.2021
өлшемі24,63 Kb.
#22763
1   2   3   4
Байланысты:
Кітапханалық ресурстар туралы түсінік

    Бұл бет үшін навигация:
  • Ozon.ru
Elsevier («Эльзевир») – әлемдегі ең ірі ғылыми-техникалық, медициналық әдебиеттің баспагері және ғылым мен білім беру саласындағы ақпараттық шешімдердің провайдері, толықмәтінді мәліметтер базасы. Ғалымдар, оқытушылар, студенттер, медицина саласының мамандары және өнеркәсіптік кәсіпорындардың R&D департаменттері үшін Elsevier жетекші ақпараттық платформа, онда әлемдік ғылыми жарияланымдардың 25% - ы бар.

Виртуалдық кеңістігінде үлкен танымалдыққа «чат-сервис» ие болды. Оның ерекшілігі ақпарат алмасу нақты уақытта болып өтеді сонымен бірге оқырман өз сұрағына жауабын, бірнеше сағаттан емес, дәл керек кезде алады. Виртуалды чат - мәтінді хабарламалармен бірге, бұл жас ұрпақ коммуникацияның негізгі тәсілі. Кітапханалық қызмет көрсетуде оны анықтама-ақпараттық жұмыста қолданады. Өзара араласу үшін кітапханада e-mail арқылы жүзеге асырылған виртуалдық қосылады.

Әлеуметтік жүйеде сайттар жасау - бұл оқырмандармен формалды емес байланысуды құру, олардан араласу кедергілерді алып тастау, олардың сұрақтарына жауап беру және қызықты ақпаратты ұсыну тәсілі. Bookmate Онлайн - оқу электрондық кітапханасы мен онлайн және мобильді қосымшада кітап оқудың ыңғайлы сервисі. Ал, Ozon.ru - Рунеттегі ең танымал онлайн-мегамаркет, онда 300 мыңға жуық кітап ұсынылған. Ozon.ru.kz - Қазақстандағы ресми өкілеті Ozon.ru екенін білеміз.

Аймобилко - электрондық кітаптарды оқуға арналған тегін бағдарлама. Мұнда әртүрлі форматта FB2, PDF, HTML, ePUB, mobi оқуға болады, epub форматта кітапты жүктеп және кез келген Android сондай-ақ iOS (мобилді операциялық жүйе) құрылғыда және өзіңіздің компьютеріңізден немесе планшетіңізден online оқыңыз.

Кітапханашылар міндетті түрде айналадағы ақпараттық-коммуникациялық ортада бағдарлана білулері тиіс және бұл үшін өз оқырмандарымен коммуникация әдісі ретінде мобильді құрылғыларды зерттеуі керек. Олардың кітапханалық «қосымшалармен» немесе веб-сайттармен және т.б. жұмыс істей білуін талап етеді. «Мобильді» термині заманауи библиобустар түсінігін білдіріп қана қоймай, мобильді телефония құралдары мен пайдаланушылар гаджеттері арқылы деректер базасы мен кітапханалық каталогтарға кіру мүмкіндігін де ұсынады. Бұл жаңа үлгілерді іздеуге кітапханалардың танымалдылығын арттыру келесі деңгейі, кітапханалардың жаңа коммуникациялық технологиялармен өзара қарым-қатынасы. Яғни, мобильді гаджет иесі кез келген уақытта қалаған кітапханасымен байланыса алады, немесе – Интернеттегі кітапханалық-ақпараттық ресурстарға қолжеткізіп, қажет болған жағдайда мәтіндерді жүктеп, өз мақсаттарына қолдана алады. Ұялы байланыстың белсенді дамуы, ІР мен ұялы телефония және ұялы дербес құрылғылардың кең таралуы, оқырмандарға ұялы технологияларды қолдану арқылы кітапханадан ақпараттарды алуға үлкен мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет