2. Кітапханалардың толықмәтінді электронды ресурстары. Оларға мысал келтіріп, сипаттаңыз. Авторлар мақалада ғаламдық желідегі электронды кітапханалар ресурстарын жан-жақты талдаған. Қазақстандық электронды кітапхананың тарихына ғылыми шолу жасап, шетел электронды кітапханаларымен байланыс ресурстарын ашып көрсеткен. Электронды кітапханалардың оңтайлы инфрақұрылымдарын негізге ала отырып, жан-жақты зерттеу талдауларын жасаған. Оқырманның сұранысын тудыратын электронды кітапханалардың бүгінгі жай-күйіне тоқталған. Мақалада бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған дәстүрлі кітап пен электронды кітаптардың айырмашылығы мен қажеттілігіне мысалдар келтіре отырып, оқырманның сұранысындағы кітапханалардың ішкі жүйесіне талдау жасаған. Ғаламдық желідегі электронды кітапханалардың даму бағыты мен бағдарына аса мән беріп, ондағы тенденциялық ресурстардың жай-күйіне баса назар аударған. Кітапханалардың алдына қойған өзекті мәселелерінің бірі әрі бірегейі оқырмандарды электронды ақпаратқа және оқу мәдениетіне, кітапқұмарлыққа, білімпаздыққа тәрбиелеу қажеттігін ескертеді. Бұл бағытта электронды кітапханалардың ресурстары жүйелі түрде жұмыс жасап жатқандығына ғылыми зерттеулер мен талдаулар жасалынған.
«Электрондық кітапхана» ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапхана қоры негізінде құрылған.
Электрондық кітапхана бірнеше топтамадан құралған және үнемі толықтырылып тұрады.
Сайтта төмендегі айдарлар бойынша басылымдар ұсынылады:
-Электронды кітапхана; - Қолжазбалар; - Сирек кітаптар; - Сирек қорлардың мерзімді басылымы; - Микрофильм; - Мұрағат құжаттар; - ҚР диссертациялары; - Автореферат; - Қазақстан ғалымдарының еңбектері; - Ғылыми-библиографиялық басылымдар; - Майданнан келген хаттар (1941-1945 ж.ж.); - Ұлы Отан соғысына арналған кітаптар;