1. Кітапханалардың веб-сайты және оның тиімділігі


- Қазіргі заманғы ғылыми басылымдар



бет3/3
Дата07.03.2023
өлшемі26,67 Kb.
#72400
1   2   3
Байланысты:
Семинар 8

- Қазіргі заманғы ғылыми басылымдар.
Орталық ғылыми кітапхана 2013 жылдан бастап FlippingBook Publisher бағдарламасында толық мәтінді құжаттарды құру жұмыстарын бастады.
Бірегей интерфейс, қолайлы навигация, ePad, Fb2, PDF, Exe форматтарында қолайлы етіп жасалған мәтіндер электрондық кітапхананы қолдануға мүмкіндік береді.
FlippingBook Publisher – PDF форматындағы файлдар беттерін парақтап оқып отырғандай шынайы әсер қалдыратын, электрондық құжаттар, журналдар мен газеттер, өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің каталогтарын, буклеттер, тұсау кесерлер жасауға арналған бағдарлама. Электрондық басылымдарды онлайн түрде көру үшін сайтқа орналастыруға немесе CD және басқа ақпарат тасымалдағыштарға көшіруге болады.
Сіз FlippingBook Publisher бағдарламасының көмегімен шынайы түрдегі электрондық кітаптар, оқулықтар және басқа да оқу-үйрету материалдарын жасай аласыз. Олардың қатты мұқабасы және беттерін парақтап қарап шығу мүмкіндігі кәдімгі қағаз басылымдарды қарап отырғандай әсер қалдырады. Ал Сіз кітаптарыңызды кез-келген мобильдік құрылғылар (IPhone, IPad, Android құрылғылары) арқылы қарапайым және заманауи қалпында көре аласыз.
Бағдарламаның басты қызметі – PDF форматындағы қарапайым құжаттарды ғаламторда жариялауға мүмкіндік беретін Adobe Flash форматына ауыстыру. Ауыстырылған құжатта кәдімгі қағаз журналдар мен кітаптардағы сияқты беттерін «парақтап қарауға» болады.
FlippingBook Publisher бағдарламасы болашақ жарияланымның мазмұнын автоматты түрде жинақтай алады. Бұл форматты таңдаған кезде бағдарлама бірнеше опцияларды – кодтауды, жарияланымның атауын, сондай-ақ оны құрайтын файлдардың атауларын реттеуге мүмкіндік береді.
Қолданушылар қажет болған жағдайда электрондық кітаппен түрлі амалдарды жүзеге асыра алады. Ал қолжетімді пәрмендер панелі кітаптың төменгі жағында орналасқан.
Электрондық материалды толық экран режимінде көру, беттерін принтерде басып шығару және файлды тікелей қатты дискіге PDF форматында жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет