19.Гистология пәні басқа ғылымдар мен байланысы нын теориялық практикалық манызы.
Гистология (грекше histes — ұлпа, logos — ілім, ғылым) жануарлар ұлпаларының құрылысын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым. Жалпы организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдаулар Аристотельдің, Галеннің, Ибн Синаның, Везалийдің, Фаллопийдің, тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.
Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты зерттеулердің негізінде әр түрлі ұлпалар мен құрылымдарды бір топқа топтастырып қарау қате еді. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяғына дейін созылған. Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптын шығуынан басталады. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол туралы әр түрлі деректер бар. Бірақ та микроскопты жасаушылар кезінде көзілдірікті жасап шығарушылар тәжірибесін пайдаланғаны күмәнсіз. Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған делінді. Атақты Галилей де 1612 жылы микроскоп құрастырған екен деген мәлімет бар. Алғашқы ойлап табылған микроскоптар ғылыми-зерттеу құралы ретінде қолданылмады. Ағылшын математигі, физигі әрі механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен тоз ағашының құрылысын зерттеп, жеке ұяшықтардан тұратынын анықтаған. Осы ұяшықтарды Р. Гук "клетка" деп атады (гректің "китос"— қуыс деген сөзінен шыққан). Сонымен Р. Гук "клетка" деген терминді алғаш қолданған ғалым. Бұл қазіргі әрине біздін ұғымымыздағы клетканың ашылуы емес.
XIX ғасырдың ортасынан бастап гистология жедел дамыды. Клеткалық теорияның негізінде түрлі органдар мен ұлпалар қүрамы және олардың гистогенезі түбегейлі зерттелді. Микроскоппен зерттеу әдістері мен оның техникасының жетілуі XIX ғасырдың екінші жартысында гистологияның жедел дамуына жағдай жасады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы елеулі жаңалық микротомның шығуы, оны Я. Пуркиньенің шәкірті А. Ошац жасап шығарған. Осы қүралдың гистология тәжірибесіне енуі клеткалар мен ұлпалардың нәзік қүрылысын зерттеуге мүмкіндік берді. 1876 жылы клетка орталығы, 1894 жылы митохондриялар, 1898 жылы Гольджи аппараты ашылды. Осы органоидтардын ашылуы цитоплазмада клетканың тіршілігі мен кызметіне байланысты маңызды процестердің жүретінін көрсетті.Гистология кептеген биологиялық пәндермен, жалпы және салыстырмалы анатомиямен, эмбриологиямен, физиологиямен, биохимиямен, зоологиямен тағы пәндермен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |