1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


Клеткааралық байланыстардың түрлерін атаңыз



бет21/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72
Байланысты:
Клеткалар мен ұлпалар биологиясы

17.Клеткааралық байланыстардың түрлерін атаңыз

Көпклеткалы жануарлар организмдерінің органдары мен ұлпаларының құрамындағы клеткалардың өзара байланысы клеткааралық байланыстар деп аталатын күрделі арнаулы құрылымдар құрайды.



Клеткаралық байланыстардың бірнеше түрлерін ажыратуға болады: жай клеткааралық байланыс (құлып және саусақ тәрізді байланыстар), десмосомалық, тығыз байланыстар, лента тәрізді десмосомалар, саңылау тәрізді байланыс.

^ Жай клеткалық байланыстар. Қабат құрайтын клеткалар ерекше құрылымдарды құрамастан өзара байланысады. Бұндағы клеткалардың байланысы жай байланыс арқылы қамтамасыз етіледі. Екі клетканың плазмалеммаларының арасында 15-20 нм клеткааралық кеңістік болады. Жай байланыстан басқа клеткаларды өзара байланыстырып бекітетін арнаулы құралдар болады. Ол «құлып» деп аталатын құрылым. Бұл әдісте бір клетканың плазмалық мембранасы екінші клетканың мембранасының ойысына сәйкес келетін өсінді құрайды. Құлып тәрізді немесе тісті байланыс эпителиальдық ұлпаларда көп кездеседі.

^ Тығыз байланыс. Екі көршілес клеткалардың плазмалық мембраналары мейлінше жақындап, бір-біріне жабысып, қалындығы 2-3 нм бір жалпы қабат құрайды. Байланыстың аймағы макромолекулалар мен иондарды өткізбейді. Тығыз байланыс ми капиллярларының эпителийлік клеткаларының арасында ми клеткаларына қаннан заттардың еркін диффузиялануына кедергі болып гемато-энцефальдық тосқауыл құрайды. Тығыз байланыс клетканың апикальдік жиегінде болады.

Десмосомалар - эпителийлік клеткалардың көбіне тән. Десмосома (грекше desmос байланысsота — дене), ара қашықтыктары 30-50 мкм екі көршілес клеткалардың плазмалық мембраналарының диаметрі 0,5 мкм-ден екі дөңгелек немесе сопақша участоктерінен түзілген (16-сурет). Мембрананың астында клетканың ішінде орналасқан тонофибриллалар бекитін тығыз пластинка болады. Клеткааралық кеңістікте кейде цементтеуші зат байқалады, Тонофибриллалар тірек қызметін атқарады. Көпшілік жағдайда жанасатын клеткалардың десмосомалары бір-біріне тығыз беттеспейді, арасында сұйық ағатын клеткааралық кеңістік болады.

^ Синапстық байланыс (синапстар): Байланыстың бұл түрі нерв ұлпасына тән. Екі нейронның арасындажәне нейрор мен рецептор немесе эффектор арасында кездеседі. Нейрондар арасындағы бұл байланысты 1897 жылы Шеррингтон ашып, оны синапс депатаған. Бір элементтен екінші элементке қозуды немесе бөгеуді біржақты өткізуге мамандалған екі клетка байланысының участогі.

Плазмодесмалар. Клеткааралық байланыстың бұл типі өсімдіктерде кездеседі. Бұл құрылымды алғаш рет И. Н. Горожанкин (1881) жазған болатын. Плазмодесмалар көршілес екі клетканы байланыстыратын жіңішке түтік тәрізді цитоплазмалық каналдар. Осы каналдарды шектейтін мембрана көршілес клеткалардың плазмалық мембраналарына ауысады. Плазмодесмалар клетканы бөліп тұратын клеткалық қабырғаны тесіп өтеді. Сонымен, кейбір өсімдік клеткаларында плазмодесмалар көршілес клеткалардың гиалоплазамасын байланыстырып тұрады. Плазмодесмалардың маңызы зор. Құрамында қоректік заттар, иондар және басқа қосылыстар бар ерітінділердің клеткааралық ағысын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге плазмодесма арқылы клеткаларға өсімдіктер вирустары да таралады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет