1.Клетка ілімінің пайда болу тарихы.Клетка теориясының негізгі қағидалары.
Клетка деген атауды XVII ғасырдың орта кезінде физик және биолог болған Роберт Гук алғаш рет қолданған.Роберт Гук өзі жасаған микроскоп арқылы тоздың жұқа кесіндісін қарап,оның көптеген ұяшықтардан-клеткалардан тұратынын көрген.Кейін өсімдіктердің өсіп дамуын бақылай келе Н.Грю (1671) мен Мальпиги (1671) бұл жаңалықтарды толық дәлелдеді.Антон Левенгук микроскоп арқылы бірнеше жаңалықтарды ашты:бір клеткалы организмдерді(1680),бір-бірімен байланыспайтын қанның құрамындағы еркін клеткалар-эритроциттерді (1680), қозғалғыш,“ұрық-жәндіктерді” (сперматозоидтарды). Клетканың құрамындағы негізгі элемент-протоплазма деп 1830ж Пуркинье ашты.Ал 1831ж Р.Браун клетканың ішіндегі ең маңызды,тұрақты элементі ядро болып мен табылады деп дәлелдеді.1832ж Вагнер ядрошықты ашты.1839ж М.Шлейден мен Т.Шванн бір бірінен тәуелсіз,клетка теориясын тұжырымдады.Олар клетка жөніндегі жинақталған білімді қорыта келіп,клетка барлық тірі организмдер құрылысының негізгі бірлігі екенін,жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының бір біріне ұқсас болатынын көрсетті.Бұл қағидалар бүкіл тірі организмдердің шығу тегінің бір екендігіне,бүкіл органикалық әлемінің бірлігіне аса маңызды дәлелдеме болды.Т.Шванн мен М.Шлейден клетканың дербес тіршілік иесі екендігі,тірі организмнің ең ұсақ бірлігі екендігі, клеткасыз тіршілік болмайтыны туралы ғылымға енгізді. Ф.Энгельс клетка теориясын жоғары бағалап, XIX ғасырдағы ұлы жаңалықтардың бірі деп атап кеткен.Рудольф Вирхов 1858ж клеткалардың бөлінуін анықтап әрбір жаңа клетка дәл өзіндей клетканың бөлінуі арқылы пайда болатыны туралы тұжырымдады.Ресей Ғылым академиясының академигі Карл Бэр сүтқоректілердің жұмыртқа клеткасын ашып,көпклеткалы организмдердің бәрі де өзінің дамуын бір клеткадан бастайтынын және ол клетканың зигота болатынын анықтады. Қазіргі кездегі клетка теориясы мынадай қағидаларға негізделген:1)Клетка барлық тірі организмдердің құрылысы мен дамуының негізгі және ең кіші бірлігі;2)барлық бірклеткалы және көпклеткалы организмдердің клеткалары өздерінің құрылсы, химиялық құрамы,негізгі тіршілік әрекеті мен зат алмасуы жағынан бір біріне ұқсас (гомологты);3)клеткалар бөліну арқылы көбейеді және әрбір жаңа клетка алғашқы (аналық) клетканың бөлінуі нәтижесінде пайда болады;4)көпклеткалы күрделі организмдерде клеткалар өздерінің атқаратын қызметтеріне қарай маманданған және олар ұлпалар түзеді;5)ұлпалардан мүшелер құралады,олар өзара өте тығыз байланысты және нервтік,сондай ақ гуморальдық реттеу жүйелеріне бағынышты.
Достарыңызбен бөлісу: |