Политенді хромосомалар митотикалық хромосомаларға қараганда жуандау болып келеді, мысалы, дрозофилдің политенді хромосомалары митотикалық хромосомаларға карағанда 100есе үлкен. Кейбір қос канатты насекомдардың сілекей бездерінің, ішек клеткаларының алып ядроларында полиплоидты хромосомалар кездеседі. Осындай эндорепродукция насекомдардың сілекей бездеріндс жақсы зерттелген. Политенді хромосомалар құрылысы жағынан бірнеше ерекшеліктері бap, ұзындығы жағынан әртүрлі, олар дисклерден тұрады, дисклер аралық учасклер кездеседі, пуфтар орын алады. Дисклер хроматиннің тығыздалғаи болімі болып саналады. Дисклер бір-бірінен калыңдығы жағынан ерекшслснеді. Дрозофилдерде 5 мың дисклер орналасады. Қос қанаттылардың политенді хромосомаларында қарапайым - пуфтар кездеседі. Пуфтар кейбір дисклердің жұмсаруынан және босаңсуынан пайда болады. Пуфтар интерфазалы хромосомалардың транскрипциясы жүретін жер және хромосомалардың экспресті бөлігі. Политенді хромосомалардағы дисклердің ауысуының көрінісі тұрғылықты болады, ол жануарлардың мүшелеріне және олардың жас шамасына байланысты емес. Бұл әртүрлі клеткалардағы генетикалық ақпараттар сапасының бірдей екенін дэлелдейді. Пуфтарда Бұндай біркелкілік болмайды. Пуфтар хромосомалардағы уақытша құрылым болып саналады. Организмнің даму барысында олар пайда болып және жоғалып отырады. Бұндай пуфтардың орналасу тізбегі әртүрлі ұлпаларда өзінше ерекшеліктері анықталған. Политенді хромосомалардағы пуфтардың пайда болуы гендердің белсенділігін көрсетеді. Пуфтарында РНҚ синтезі жүреді, олар насекомдардың дамуы сатыларында кажетті белоктарды синтездейді. Экдизон гормоны пуфтардың белсенділігін арттырады оны насекомдардыңличинкаларының түлеген кезінде байкауға болады. Табиғи жағдайда қосқанаттылардың екі үлкен политенді хромосомаларының құрамынан пуфты - Бальбиани сақинасын анықтауға болады. Оның құрамында молекулалық массасы 70 мың нуклеотидтерден тұратын а-РНҚ болады. Ондағы РНП түйіршігі 40-60 нм тұрады. Политенді хромосомалардың дисклер аралық құрылымдарының қызметі көп уақытқа дейін анықталмай келеді. Кейбір гипотеза бойынша онда гендердің орналасуы жайында айтылған, олар дисклердегі гендерге карағанда босаңқы орналасканы байқалады. Онда РНП фибринлдеріорналасқаны анықталды. Бұл аймақта РНҚ-полимераза және ДНҚ-РНҚ кешенінің орналасуы, дисклер аралық бөліктерде де РНҚ синтезі жүретінін көрсетеді. Жоғарыда айтылғандай алып хромосомаларкейбір өсімдіктердің ұрықтық ұлпаларда кездеседі. Мысалы, осындай алып хромосомдар бұршақтар арасында кездеседі. Мұндай хромосомалар митотикалық хромосомалардан көлемі жағынан ондаған есе үлкен болып келеді. Бірақта арпадағы алып хромосомалардың құрамында дисклер, диск аралық бөлімдері кездеседі,ал оларда пуфтар қосқанатты насекомдарға қарағанда байқалмайды. РНП хроматин бөлімдерінде біркелкі орналаскан. Алып хромосомалардың құрамындағы хроматин негізінде хромонемді құрылымда кездеседі. Сонымен біз полиплоидты клеткалардың митоз блокадасындағы екі түрін қарастырдық. Полиплоидты клеткалалардың эндорепродукция кезінде пайда болуы бұл бөліну аппаратының бұзылуынан пайда болуы, митотикалық хромосомдардың тығыздалуы салдарынан. Бұндай көріністі эндомитоз деп атаймыз, өйткені хромосомдардың тығыздалуы, өзгеруі ядроның ішінде жүреді, бірак ядро қабаты бұзылмайды. Соматикалық клеткалардың полиплоидтылығы сүтқоректілердің клеткаларынан да байқауға болады. Кәрі егеуқұйрықтылар мен тышкандардың бауыр клеткаларында ди-тетра- және октоплоидты клеткалардан басқа әртүрлі дәрежедегі плоидты клеткалардан басқа екі ядрлы клеткаларды анықтауға болады. Мұндай полиплоидты клеткалардың пайда болуы негізінде S- сатысында ДНҚ мөлшері 4с болатын клеткалар митоз кезеңінен өтеді, бірақ цитотомия жүрмейді. Сондықтан екі ядролы клетка (2х2п) пайда болады. Осы клетка тағыда S-периодынан өтеді ДНҚ мөлшері -4с, ал хромосомалар 4п болады. Осындай екі ядролы клетка митозға кіреді, ал метафазада осы клеткадағы хромосомалар бірігіп 8п болады. Кейін Бұл клетка бөлінс келе 2 тетраплоидты клетка пайда болады. Әрі карай 8п, 16п, 32п плоидты клеткалар қалыптасады. Осындай жолмен полиплоидты клеткалар бауырда, көздіц торлы қабатындағы пигментті эпителийде, сілекей және карын асты бездерінде т.б. пайда болады. Эндорепродукция организмнің кұрамындағы ұлпаларда құруға және олардың қызметтерін калыптастыруда үлкен рөл атқарады. Соматикалық полиплоидия егізінде клеткалар мен ұлпалардың, организмнің дамуы барысында маманданған клеткаларда кездеседі, керісінше генеративті процестерде, әсіресе эмбриогенезде, жыныс клеткаларында, бағана клеткаларында болмайды. Сонымен полиплоидты клеткалар бөлінбейді, сүтқоректілерде көп ядролы немесе полиплоидты клеткалар қартайған организмде кездеседі. Соматикалық полиплоидия кезінде клетканың көлемінің өсуі арқылы оның продукциясы өседі деп айтуға болады.