1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары



бет36/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72
Байланысты:
Клеткалар мен ұлпалар биологиясы

Талшықты шеміршек

Талшықты шеміршектің құрылысы бір жағынан гиалинді шеміршекке ұқсас, екінші жағынан тығыз талшықты дәнекер ұлпасына ұқсайды. Клеткааралық затында көптеген талшықтар болады. Хондроциттер изогенді топтарды құрады. Талшықты шеміршек омыртқааралық дискілерінде жамбастың шат сүйектерінің байланысқан жерінде кездеседі.



28.Көп қабатты эпителийдің құрылысы туралы түсіңдіріңіз

Көпқабатты эпителий — сіңіруді тиімді қамтамасыз атқара алмайды, сонымен бірге көп қабатты құрылым секрет бөлу қызметтеріне нашар бейімделген. Сондықтан көп қабатты эпителийдің бетіне секрет оның астында орналасқан бездерден келеді де өзінің өзектері арқылы оның бетіне ашылады. Сонымен көп қабатты эпителий негізінде қорғаныш қызметін атқарады, қөп қабатты эпителий мүйізденбейтін және мүйізденуші деп аталатын 2 түрі бар. Көп қабатты мүйізденбейтін эпителий – бұл эпителий механикалық әсерге ерекше қатты ұшырайтын ылғал беттерге тән. Ылғалға қажетті сұйық эпителйдің астында орналасқан борпылдақ дәнекер ұлпасында болатын бездерден келеді. Эпителийдің бұл түрі ауыздың ішкі қуысын, көздің қалың қабағының бетін , тік ішектің артқы бөлігін астарлайды.

Көп қабатты мүйізденген эпителий -  тері эпителий өзінің құрылысы жағынан алуан түрлі. Омыртқалыларда тері  эпителий көп қабатты, омыртқасыздарда бір қабатты болады. Тері екі қабаттан тұрады: терінің өзі немесе дерма деп аталатын дәнекер ұлпалық бөлікпен эпидермис делінетін эпителиалдық қабаттан тұрады. Мүйізделген көп қабатты эпителй құрылысы мен қасиеттері түрліше қабаттардан тұрады. Осы аттарды 3 зонаға біріктіруге болады. Ең тереңгісі базальдық мембрананың үстінде жататын цилиндр тәрізді эпителиалдық клеткалардың бір қатарынан тұратын базальдық қабат . Базальдық қабаттың клеткаларының клеткааралық кеңістікке қараған бетінде көптеген микробүрлер болады. Базальдық мембрана арқылы дәнекер ұлпасының диффузиялық жолымен эпителийге келген қоректік затты бірінші болып осы қабаттың клеткалары қабылдайды. Базальдық қабаттың клеткалары жедел бөлінеді және жаңадан пайда болған клеткаларының негізгі массасы үстінде көп бұрышты немесе қанат тәрізді клеткалардың 4-8 қабаттары орналасқан.

Омыртқасыздарда жабынды эпителий әдетте бір қабатты болады, ал омыртқалыларда әрқашан көп қабатты.Көбқабатты эпителий терінің сыртқы қабатын эпидермисін жасайды, ауыз қуысын, өңеш, тік ішекті астарлайды. Тек қана тері эпидермисі мүйізденеді, ал басқа жердегі көпқабатты эпителиймүйізленбейді немесе аз мүйізденеді.

Мүйізденетін көп қабатты эпителийде базальды мембранада жатады. Ең бірінші базальді мембрананың үстіндегі қабатын базальді қабат деп атайды. Ол бір қатарда жатқан цилиндр тәрізді клеткалардан тұрады. Олардың цитоплазмасында көптеген бос рибосомалар орналасады және жіңішке диаметрлі 6-7 нм жіпшілер – прототонофибрилдер (тонофиламенттер) митохондриялар көп емес, және Гольджи аппараты ядроның үстіңгі жағында жатады. Клеткалардың астыңғы базалді жағында плазмалық мембрана саусақ тәрізді өсінділер болады. Сол өсінділер арқылы клетка қабаттары базалды мембранаға бекінеді. Кейбір өсінділер ұшында гемидесмосомдар орналасады. Базальді клеткалар арасында клеткааралық қуыстар болады. Базальді клеткалардың бүйір жағындағы микротүтікшелер сол қуысқа қарап тұрады. Базальді клеткалар базалді мембрана арқылы қорек заттарды астында жатқан дәнекер ұлпадан сорып алып отырады. Базальді қабаттың клеткалары қарқынды бөлініп, жаңа клеткалар эпителийдің үстіңгі қабаттарына жылжып тұрады. Бірақ клеткалардың шағын бөлігі сол базалді қабатта қалады. Бұл камибиалды клеткалар эпителийдің жаңаруын қамтамасыз етіп тұрады. Көбқабатты эпителийдің клеткалары бір-бірімен десмосом арқылы байланысып тұрады. Десмосом екі тығыз түйме секілді дисктер тұрады. Цитоплазма жағынан дисктерге прототонофибрилдер бекінеді. Екі дисктің арасында клеткааралық зат жатады. Екі көршілес клеткалардың плазмалеммалары сол десмосом арқылы берік қосылып тұрады. Базальді клеткалар базальді мембранаға жартылай десмосом, немесе гемидесмосом арқылы бекінеді. Гемидосмосом бір дисктен тұрады. Цитоплазма жағынан сол дискке протонофибрилдерде қосылып тұрады. Базальді қабаттың үстіңгі жағында тікенекті қабат орналасады. Ол қабатта 4-8 қатар клеткалар бар. Әр клеткада қанат тәрізді өсінділері болады. Бір клетканың өсінділері басқа клетканың өсінділерінің арасында орналасады. Тікенекті клеткаларда барлық кәдімгі органоидтар кездеседі, және көптеген прототонофибрилдер бар. Базальді мен тікенекті қабатты - өсуші қабат деп атайды. Себебі тікенекті клеткаларда митоз жолымен бөліне алады, бірақ қарқынды емес. Тікенекті қабаттың үстінде түйіршікті қабат орналасады. Ол 3-4 қатар жалпақ клеткалардан тұрады. Клеткалар десмосом арқылы байланысып тұрады. Ядролар тығыз, пикнозға ұшыраған. Цитоплазмада прототонофибрилдер шоқтары клетка ұзынынан жатады және көптеген кератогиолин түйіршіктері орналасады. Кератогиалин күрделі зат, құрамында белок, РНҚ, фосфолигидтер мукополисахаридтер бар.

Түйіршікті қабаттың үстінде жылтыр қабат ораналасады. Жылтыр қабат 1-2 қатар өте жалпақ клеткалардан тұрады. Клетканың ішінде элендин деген зат болады. Бұл қабаттың клеткаларында органоидтар кездеспейді.

Ең үстіңгі қабат мұйізді қабат деп атайды. Ол қабат көптеген мүйізденген қабыршақтардан немесе өлген клеткалардан тұрады. Қабыршақтардың іші α-кератин фибрилдері болады. Фибрил арасында аморфты γ-кератин орналасады. Бірақ гистологиялық препарат жасаған кезде кератиндер еріп кетеді, сонда мүйізді клеткалар ішінде тек бос қуыс қалады.

29. Эпителийдің морфофункционалдық және онтофилогенетикалық  класификациясы.

Морфологиялық классификация

Бұл классификация негізіне клеткалардың базальді мембранаға қатынасы және олардың пішіні алынған. Осыған байланысты эпителий ұлпасы былай бөлінеді:

Морфологиялық жіктеу

бір қабатты көп қабатты

бірқатарлы көп қатарлы мүйізденетін мүйізделмейтін ауыспалы

призма тәрізді

жалпақ кубтәрізді призматәрізді





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет