1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары



бет37/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
Байланысты:
Клеткалар мен ұлпалар биологиясы

Бір қабатты эпителийдің барлық клеткалары базальді мембранада жатады. Көп қабатты эпителийдің тек бірінші қабатының клеткалары базальді мембранамен байланысып тұрады, ал келесі қабаттар сол клетканың үстінде жатады. Бір қабатты эпителий бір қатарлы және көп қатарлы болып бөлінеді. Бір қабатты бір қатарлы эпителийдің барлық клеткалары бірдей болады. Клеткалардың пішініне қарай эпителийдің үш түрі ажыратылады: жалпақ, куб, призма тәрізді. Көп қатарлы эпителий клеткаларының пішіні әр түрлі болады: биік кірпікшелі, аласа базальді, ендірмелі, ірі бокал тәрізді т.б.

Онтофилогенетикалық классификация

Бұл Хлопин ұсынған классификауия және дамуда эпителийлер қандай ұрық жапырақшаларынан қалыптасқанын көрсетеді:


  1.  Эпидермалды эпителий-эктодермадан пайда болған; жабынды, тер бездері, ауыз қуысы, сілекей бездерінің эпителийі.

  2.  Энтодермалды-энтодермадан пайда болған; ішек, бауыр, ұйқы безі.

  3.  Цело нефродермалды-мезодермадан пайда болған: гонадалар, мезотелий.

  4.  Эпендимо-глиалды-нерв түтігінің бастамасынан пайда болған: эпендимді глия.

  5.  Эндотелий-мезенхимадан пайда болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет