1. Климат-топырақ түзуші фактор ретінде


Топырақ коллоидтарының қасиеттері



бет6/15
Дата05.05.2023
өлшемі44,14 Kb.
#90345
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
11. Топырақ коллоидтарының қасиеттері
Топырақ коллоидтары. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығында көп мөлшерде минералдық тыңайтқыштар қолданылып жүр. Топыраққа енгізілген тыңайтқыштар өсімдіктер үшін қосымша қоректену көзі ғана болып қоймай, топырақтың табиғи құнарлығын төмендетпейтін, қайта арттыратын болуы қажет.Осы мəселені агрономиялық жəне жерге орналастыру тұрғысынан шешу, топырақ коллоидтарының қасиеттерін жəне топырақтың сіңіру қабілеттерін білу арқылы жүзеге асырылады.
Табиғаттағы заттар екі: кристалдық (анизотроптық) жəне кристалдық емес (аморфты) күйімен ерекшеленеді. Аморфты заттар- ды изотроптық заттар деп атайды. Анизотроптық күйдегі заттардың жарық, жылу өткізуі жəне басқа қасиеттері əр түрлі бағыттарда бірдей емес. Осындай заттарға ас тұзы, мыс купоросы, кварц, гипс, далалық шпаттар, слюдалар, т.б. жатады. Изотроптық күйдегі аморфты заттардың жоғарыда көрсетілген физикалық қасиеттері барлық бағыттарда бірдей. Мұндай заттарға жұмыртқа белогы, кау- чук, қойыртпақ, сілікпе, т.б. жатады. Бұларды коллоидтар бар.
Коллоидтар – дисперстік орта жəне осы ортада шашырап таралған коллоидты-дисперстік фазадан тұратын жүйелер. Орта, фаза, қатты, сұйық, газ тəріздес немесе осылардың əртүрлі мөлшерде араласқан күйінде болуы мүмкін. Коллоидтар өлшемдері əртүрлі түйіршіктерден құралса – полидисперстік жүйе, немесе салыстыр- малы түрде алғанда, өлшемдері бірдей түйіршіктерден құралса– монодисперстік жүйе деп аталады. Екі фазаның бөліну аймағында кездесетін коллоидтық түйіршіктерде еркін беттік энергияның біраз қоры бар. Бұл сіңіру энергиясының құрылуына себепші болады. Оның шамасы үлестік беттің жалпы жиынтық мөлшеріне байланыс- ты. Топырақ түйіршіктерінің жалпы бетінің ауданы (үлестік бет) олардың ұсақтану дəрежесі өскен сайын артады. Үлестік бет заттың дисперстігіне байланысты, оның өсуі түйіршіктердің ұсақтану дəрежесіне тура пропорционал түрде өтеді.
Топырақ коллоидтарының негізгі бөлігі гумустық түйіршіктерден жəне негізінен қалыңдығы 0,01-0,05 ммк пластина тəріздес кристалдық құрылысы бар саз түйіршіктерден құрылады. Бұл түйіршіктердің бетінің жалпы ауданы 15-100м2/г құрайды. Коллоидтарға броундық қозғалыс тəн. Бұл қозғалыс – дисперсті ортаның қозғалыстағы молекулаларының коллоидты түйіршіктерге жасайтын соққыларының нəтижесінде судағы түйіршіктердің өздігінен пайда болатын үздіксіз, ретсіз орын ауыстырулары. Дисперстік фазаның ұсақ түйіршіктері, күштілігі əртүрлі сансыз соққылардың əсерінен қозғалысқа түседі. Олардың өлшемдері неғұрлым ұсақ болса, қозғалыс соғұрлым белсенді өтеді. Броундық қозғалыс дисперсті фазаның түйіршіктерінің қалқып шығуына не- месе тұнбаға түсуіне жол бермейді. Коллоидтар ерімей жатып-ақ молекулалармен немесе беттік қабаттың иондарымен жанасатын ерітінділердің қосылыстарымен химиялық реакцияға түсе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет