1. Климат-топырақ түзуші фактор ретінде



бет7/15
Дата05.05.2023
өлшемі44,14 Kb.
#90345
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
12. Таулы аймақ топыракқтары.
Таулы алқаптың топырақтары. Қазақстан территориясында жазық жерлердің көлемі таулы алқаптармен салыстырғанда көп. Дегенмен, республиканың шығысы мен оңтүстік шығысында біраз жерлерді таулар алып жатыр. Олар – Шығыс Қазақстандағы Алтай таулары, Алматы облысының оңтүстігіндегі Жоңғар жəне Іле Алатау- лары, Жамбыл облысындағы Қырғыз Алатауы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт пен Қаратау таулары. Енді Іле Алатауы мы- салында тау етегінен жоғарылаған сайын топырақ түрлерінің сипаттамасына тоқталайық. Себебі Іле Алатауы биік, онда табиғаттың белдеулік зоналары түгел кездеседі. Бұл жайындағы алғашқы толық мəлімет Аболиннің (1930 ж.) Ленинградта шыққан «Балқаш өңірінің шөл даласынан Хан Тəңірінің қарлы биіктігіне шейін деген классикалық еңбегінде келтірілген (А. Р. Аболин 1930). Сондықтан топырақтың биіктік зоналығы жайындағы халықаралық жиналыстар мен экскурсиялар Алматы аймағында өтетін. Таулы алқаптарда ені əр жерде əртүрлі батыстан шығысқа қарай созылған тау етегіндегі шөлді дала зонасы белдеуі орын алған. Жазықтағы шөлді дала зонашасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан, бұл аймақтың табиғи жағдайы өзгеше келеді. Бұл бел- деу – таулық белдеулік зоналығының ең төменгі сатысы. Сондықтан бұл алқапты пайдалану жағдайы да басқаша.
Тау етегіндегі шөлді далалы аймақтағы ылғал мөлшері жазық территориядағы шөлді дала зонасына қарағанда əлдеқайда мол. Ылғалдың орташа мөлшері 250-360 мм-ге дейін жетеді. Ылғал көбінесе, жылдың көктемгі жəне қысқы айларында түседі де, жаз, күз айлары құрғақ болады. Бұл аймақта қысқы, көктемгі ылғалды дұрыс пайдаланып, ерте пісетін астық дақылдары – күздік жəне жаздық бидай, арпа егіледі. Ал суармалы жерлерде астықтан басқа бағалы дақылдар: қант қызылшасы, мақта, жүгері, беде мен көкөністер, бау ағаштары мен жүзімдіктер, темекі жақсы өседі.
Қалған жерлері көктемгі, күзгі мал жайылымдары. Бұл аймақтың топырағы негізінен таулы алқаптан қаншалықты қашықтығына, осыған сəйкес түсетін ылғалдың мөлшеріне байланысты, топырақ түсі де өзгеріп, бірнеше зонашаға бөлінеді, таудан алыс жерлерде топырақтың ашық сұрғылт түсті зонашасы жатады, одан кейін кəдімгі сұрғылт түсті топырақ, ал тауға ең жақын аймақта күңгірт сұрғылт түсті жəне ашық қара-қоңыр топырақтар зонашалары кездеседі. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Батыс Тянь-Шань тау етектерінде күңгірт-сұрғылт топырақтар мен ашық қара-қоңыр топырақтар орнына қоңыр жəне сұр-қоңыр топырақтар кездеседі. Осы үш зонашаның соңғысында ғана, яғни күңгірт-сұрғылт түсті жəне ашық қара-қоңыр топырақтар таралған алқапта ғана суарылмайтын егіс өседі, ал сұрғылт жəне ашық-сұрғылт топырақ таралған аймақта егістікті қолдан суармайын- ша жақсы өнім алынбайды. Негізінен алғашқы екі зонашада Алматы, Жамбыл облыстарының қант қызылша егістері, суармалы жерлердегі астықтары, темекі, көкөніс, бау-бақша, жүзімдіктері, Оңтүстік Қазақстан облысының мақтасы мен дəрілік шөптер, бау-бақша, жүзімдіктер орын алған. Тау етегінің шөлді далалы зонасының көлемі 14 млн гектардай, яғни республика жер көлемінің 5,2%-ғы жуығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет