1. Клиникалық фармакология пәні. Міндеті, бөлімдері. Клиникалық фармакокинетика. Балалардағы ерекшелікері


Дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі. Балалардағы ерекшеліктері



бет4/26
Дата11.04.2023
өлшемі1,91 Mb.
#81661
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
фарма 2

Дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі. Балалардағы ерекшеліктері.


Дәрілік заттардың өзара әсерлесуін келесі түрде жіктеуге болады.
I. Фармакологиялық өзара әсерлесуі:
1) Дәрілік заттардың фармакокинетикасының өзгеруіне негізделген;
2) Дәрілік заттардың фармакодинамикасының өзгеруіне негізделген;
3)дәрілік заттардың ағза ортасында химиялық және физико-
химиялық өзара әсерлесуіне негізделген;
III. Фармацевтикалық өзара әсерлесуі.
Медицина практикасы үшін пайдалы әсерлерді күшейту немесе уйлестіру үшін әртурлі дәрілік заттарды жұптастыруды жиірек қолданады. Мысалы, кейбір психотроптық заттарды опиоидтық анальгетиктермен қосып қолдана отырып, соңғысының ауру сезімін басатын әсерін айтарлықтай жоғарылатуға болады. Сонымен бірге, заттарды жұптастырғанда жағымсыз өзара әсерлесулер де пайда болуы мумкін, ол дәрілік заттың сәйкессіздігі деп белгіленеді. Сәйкессіздік фармакотерапиялық әсердің әлсіреуімен, толық жойылуымен немесе сипатының өзгеруімен, не жанама немесе уытты әсердің кушеюімен көрінеді. Бұл 2 немесе одан да көп дәрілерді қосып қолданғанда болуы мүмкін {фармакалогиялық сәйкессіздік деп аталады). Мысалы, дәрілік заттардың сәйкессіздігі қан кету, гипогликемиялық кома, тырысулар, гипертензиялық криз, панцитопения және басқалардың себебі болуы мүмкін. Сәйкессіздік сондай-ақ жұптастырылған препараттарды дайындау және сақтау кезіндс болуы мүмкін {фармацевтшалық сәйкессіздік).
Фармакокинетикалық өзара әсерлесу түрі, тіпті заттың сіңуі кезеңінде көрінуі мүмкін, ол әртүрлі себептерге байланысты
өзгереді. Атап айтқанда, ас қорыту жолында заттар адсорбциялаушы заттармен (активтелген көмірмен, ақ саз топырақпен) немесе анион алмастырушы шайырмен (смола) (мысалы гииолипидемиялық зат холестираминмен) байланысуы, белсенді емес хелатты қосылыстар немесе комплексондар (мысалы, осы принцип бойынша тетрациклин тобының антибиотиктері темір, кальций, магний иондарымен өзара байланысады) түзуі мұмкін. Өзара әсерлесудің барлық бұл түрлері дәрілік заттардың сіңуіне кедергі жасайды және осыған сәйкес олардың фармакотерапиялық әсерлерін азайтады. Ас қорыту жолынаң бірқатар заттардың сіңуі үшін ортаның рН-ның айтарлықтай маңызы бар. Осылайша ас қорыту сөлінің реакциясын өзгерте отырып, әлсіз қышқыл және әлсіз сілтілік қосылыстардың абсорбциясының жылдамдығына және толықтығына айтарлықтай ықпал етуге болады.
Кейбір заттар (алмагель, вазелин майы) ас қорыту жолының шырышты қабатының бетінде қабат түзеді, ол дәрілік заттың сіңуін біршама қиындатуы мүмкін.
Заттардың өзара әсерлесуі олардың қан белоктарымен тасымалдану (байланысуы) кезеңінде болуы мүмкін. Бұл кезде бір зат, қанның сарысу белогымен біріккен басқасын ығыстыруы мүмкін. Мысалы, қабынуға қарсы препараттар индометацин және бутадион қан сарысу белогымен біріккен кешеннен тікелей емес антикоагулянттарды (кумарин тобын) босатады. Бұл бос антикоагулянттардың концентрациясын жоғарылатады және қан кетуіне әкелуі мүмкін.
Дәрілік заттардың өзара әсерлесуі микросомалдық және микросомалдық емес ферменттерге тежегіш әсер етуіне байланысты болуы мүмкін.Ксантиноксидазаның тежегіші, подаграға қарсы препарат -аллопуринол белгілі, ол ісікке қарсы зат меркаптопуриннің улылығын жоғарылатады (оның қан түзілуіне тежегіш әсерін күшейтеді). Маскүнемдікті емдеуде қолданылатын тетурам, альдегиддегидрогеназаны тежейді және этил спиртінің метаболизмін бұза отырып, оның уытты әсерін жоғарылатады.
Дәрілік заттың синергизмі, әсердің жәй қосындысымен немесе күшеюімен көрінеді. Қосынды (аддитивтік2) әсер әрбір компоненттің әсерін жәй қосқанда байқалады (мысалы, наркозға арналған заттар өзара осылай әсерлеседі). Егер 2 затты енгізгенде жалпы әсері екі заттың қосынды әсерінен жоғары болса (кейде өте жоғары), бұл күшейтілгені жөнінде мәлімдейді (мысалы, антипсихотикалык препараттар наркозға арналған заттардың әсерін күшейтеді).
Дәрілік заттарға сезімталдығы бойынша іштегі нәресте соңғы үш айда және жаңатуылған нәресте өмірінің бірінші айында ересек адамдардаң айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл көптеген ферменттердің, бүйрек қызметінің жетіспеушілігіне, гематоэнцефалдық тосқауыл өткізгіштігінің жоғары болуына, ОЖЖ-нің толық дамымағандығына байланысты. Өмірінің осы кезеңдерінде дәрілік заттардың рецепторларға сезімталдығы басқаша болады. Мысалы, жаңа туылған нәрестелер ОЖЖ-не әсер ететін кейбір заттарға (мысалы, морфинге) ете сезімтал болады. Олар үшін левомицетин өте уытты,
ол тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Бұл жаңа туылған нәрестелердің бауырында оны усыздандыратын ферменттердің жоқ болуымен түсіндіріледі. Кішкентай жастағы балаларға бездердің секрециясын (бронхиалдық, мұрынның шырышты қабығын) күшейтетін заттарды тағайындауға болмайды, себебі бұл тыныс алу үрдісін бұзуы және тыныс алу мүшелері патологиясының себебі болуы мүмкін.
Бала ағзасына заттың әсер ету ерекшеліктерін зерітеумен айналысатын фармакология саласын педиатриялық фармакология деп атайды.
Мемлекеттік фармакопеяда, әртүрлі жастағы балалар үшін уытты және қауіпті әсер ететін заттардың жоғары бір реттік және тәуліктік мөлшердің кестесі келтірілген. Басқа заттар үшін баланың әрбір жыл өміріне ересектерге арналған мөлшердің 1/20 қабылдап, жеңілдетуге болады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет